Тақырыбы: ҚОЗҒалыс әрекетін оқыту психологиясының негіздері жоспар


Білімділік - оқушының білімі, іскерлігі,дағдының қалыптасуы; Тәрбиелілік



бет3/7
Дата20.10.2023
өлшемі32,49 Kb.
#119918
1   2   3   4   5   6   7
Білімділік - оқушының білімі, іскерлігі,дағдының қалыптасуы;
Тәрбиелілік - оқушының адамгершілік туралы білімі, адамгершілік сенімі, мотиві, мақсаты, эмоциясы;
Дағдығандық- оқытудың міндетін өз бетінше қоя алуы, өзін-өзі бағалау.
Қозғалыс әрекетін оқыту психологиясы
Қозғалыс әрекетіне үйрету жаттығудан және оқытудан құралады. Оларды тұтас, ажырамас педагогикалық процесс болып табылады
Расында да, біз жаттықтыра отырып-оқытамыз, оқыта-отырып жаттықтырамыз. Жаттығу және оқытудың мақсаттары ортақ болғанымен, меңдеттері және әдістері әртүрлі.
Қозғалыс әрекетін оқыту- белгілі бір білім жүйесінің меңгерудің алғашқы сатысы, практикалық білік және дағды қалыптасудың бірінші периоды.
Қозғалыс әрекетін оқытудың мазмұны –спорт әрекетінің белгілі бір түрі бойынша техникалық элементтерді, жекелей және топтық тактикалық әрекеті меңгеру.
Жаттығу- алынған білім, білік, дағдыны бекітуіне бағытталған дайындық сатысы. Жаттығудың негізігі мазмұны- спорт әрекетінің белгілі бір түрі бойынша техникалық элементтерді, жекелей және топтық тактикалық әрекеті меңгеру деңгейін көтеру, психикалық әрекеттер мен функцияларды дамыту, ерікті тәрбиелеу.
Оқу- екі жақты процесс: мұғалім- білім беруші, оқушы- білім алушы. Педагогикалық процесс 5 элементтен тұратын жүйені құрайды (Н.В. Кузьмина)

  1. Оқыту мақсаты (оқу не үшін қажет);

  2. Оқу ақпаратының мазмұны (нені оқыту қажет);

  3. Оқыту әдістері, тәсілдері, педагогикалық коммуникация құралдары (қалай оқыту қажет);

  4. Оқытушы;

  5. Оқушы.

Оқыту процесін құрайтын факторлар:
Педагогикалық: мақсат; принциптер; мазмұн; әдістер; құралдар; формалар.
Психологиялық: қабылдау, ойлау, есте сақтау, қорыту, мәліметті меңгеру процестері; оқушыларда қызығушылықтың, оқу мотивациясының тууы; дене, жүйке-психикалық күштің жоғарылауы, төмендеуі, белсенділік, жұмысқа қабілеттілік, шаршау (күш жұмсау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет