Тақырыбы: Сөйлеуге үйретуде монолог және диалог әдістерін пайдалану


Егер оқытудың бірлігі қысқа диалог-үлгі болған жағдайда, онда онымен жұмыс үш сатыдан өтеді



бет6/19
Дата20.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Егер оқытудың бірлігі қысқа диалог-үлгі болған жағдайда, онда онымен жұмыс үш сатыдан өтеді:
1. Қабылдау және түсіну. И 2.Қайта жаңғырту (қарапайым және түрлендірумен). Р 3. Оны жаңа жағдаяттарда пайдалану.
Балалар диалогты не дыбыстық жазбада, не мұғалімнің орындауында тыңдайды. Мұғалім диалогты түсінуді қамтамасыз етіп, тексереді. Осыдан соң балалар оны басып шығарылған мәтінге сүйеніп тағы да тыңдайды және оқуды меңгереді, яғни оны қайта еске түсіреді. Үйде (кейде сыныпта да) оқушылар диалогты жаттап, оны жады бойынша қайта жаңғыртады. Бұдан әрі мұғалім оқушыларға орнына қою үшін сөздер ұсынады немесе мұны оқушылардың өздері орындайды. Осылайша, диалогты түрлендіре отырып қайта жаңғырту болып өтеді. П Мәселен, диалог: П Jack isn`t at skhool today. П What`the matter with him? П Не іs ill. П Оқушылар есімді және соңғы репликаны алмастыра алады (Не іs not well. I don`t know. Etc.). П Осылайша, оқушылар ағылшын диалогының құрылымы мен диалогтік бірліктің өзін естеріне сақтайды, бұл олардың жаңа жағдаяттарда аталған тілдесу жағдаятына сәйкес келетіндерін пайдалануларына мүмкіндік береді.
Диалог - сөзді оқытуда қолданылатын жаттығулардың басым бөлігі тілдік жаттығулардан тұрады. Алайда, диалогқа тән қисындастырулардағы жаңа үлгілік фразалармен бастапқы танысу тілдік жағдаяттан бөлек өткізілуі мүмкін. Мұндай жаттығулардың мақсаты – оқушылардың жадында репликалардың арасындағы берік байланыстарды орнықтыру, ал олар үнемі немесе көбінесе аталған диалогтік бірліктің құрамында болады, яғни функционалдық негізде контекстік байланыстарды және репликалардың арасында құрылымдық байланыстарды меңгерту болып табылады. Тілдік жағдаяттардан тыс репликалардың сан алуандығын қамтамасыз етуге, репликаларды барынша кеңейтуді және тұтастыруды үйренуге, сондай-ақ репликаларды грамматикалық және лексикалық қайта құрудағы автоматизмдерді қалыптастыруға болады. Осыған сәйкес материалмен жұмыстың үш түрін бөліп көрсетуге болады: П 1) диалогтік бірліктерді жаттап үйрену; И 2) репликаларды функционалдық байланыстардың негізінде қисындастыру; 3) репликаларды грамматикалық және лексикалық қайта құру. [12, 251б]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет