Психологиялық тұрғыда диалог сөз әрқашан келесі сипаттамаларға ие болып келеді: Л 1. Диалог сөз үнемі мотивтелген болады. Бұл біздің үнемі қандай да бір себеп бойынша, қандай да бір мақсатпен сөйлейтіндігімізді білдіреді, ал бұл не сыртқы не ішкі ынталандырулармен анықталады. Бұл сипаттамаларды сөзсіз түрде бастапқы кезеңнің өзінде-ақ ескеру керек. Оқушының бойында сөйлеуге деген тілекті, қажеттілікті тудыру керек, ал бұл үшін қандай да бір нәрсені айтуға, өзінің ойларын, сезімдерін білдіруге деген тілек пайда болатындай жағдай жасау қажет. Мәселен, 2-сыныптың оқушылары «Му Реt» тақырыбын ризалықпен талқылайды. Олар ойыншықтарын, өздерінің үй жануарларының суреттері мен фотосуреттерін әкеледі, олар туралы немесе кім туралы армандайтындарын сыныпта әңгімелейді, ал бұл пікір айтуға жеке мағына береді. Э 2. Сөз үнемі тыңдаушыға қаратылады, аудиторияға жолданады. Бұл біздің өз пікірімізді айту үшін, ойларымызбен бөлісу үшін, сендіру, дәлелдеу, сұрау және т.б. үшін үнемі біреу үшін сөйлейтіндігімізді, қандай да біреумен сөйлесетіндігімізді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, сөз қаратылған сипатта болуы тиіс. Бұл сипаттама алдыңғымен тығыз байланысты Э 3. Сөйлеуші өзінің ойларын, сезімдерін, өзі не айтып тұрса, соған көзқарасын білдіретіндіктен, сөз үнемі эмоционалдық тұрғыда боямаланған болады. Сөйлеуді оқытуда, алғашқы айтылымнан бастап, мүмкіндігіне қарай осы сипаттаманы ескеру керек. Сонымен бірге ол алдыңғы екеуімен байланысты. Егер де оқушы шектеулі тілдік құралдармен болса да өзінің нәрсесі туралы айтатын болса, онда оның сөзі эмоционалдық боямаланған болады, ол оның айтып тұрған нәрсесіне деген көзқарасын білдіреді. Мәселен, І like my dog very muchфразасында ол «like» және «very» және тб. сөздерді сөзсіз түрде ерекшелеп айтады. Ж 4. Сөз үнемі жағдаятты тұрғыдашартталған болады, өйткені ол белгілі бір жағдаятта болып өтеді. Мұны мектеп практикасында ескеру қажет. Мұғалімге сабақта оқушыларды шынайы жағдаяттарды пайдалану жолымен немесе көрнекіліктердің – ойыншықтардың, заттардың, картинкалардың, суреттердің, аппликациялардың және т.б. көмегімен, сондай-ақ жағдаятты мысалы, «Қанеки, сендердің мамаларың туралы сөйлесейік» тәрізді вербалды-сөздік суреттеумен оқу-тілдік жағдаяттарды жасау жолымен ағылшын тілінде оқытуға қатыстыруы қажет.