Индуктивтік оқыту жолына сәйкес диалогты жүргізуге дайындық мынаны қоса алады:
1) диалог сөздің психикалық механизмдерін жетілдіру;
2) диалог сөзге тән тілдік материалды пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
3) серіктеспен ішкі және сыртқы тілдік жағдаятта өзара іс-қимыл жасай білуді меңгеру.
Диалог сөзді оқыту әңмілесушінің репликасына жауап қатуды үйретуден басталады. Мұғалім алдымен диалогтық бірліктің түріне орай түрлендіре отырып, ынталандырушы репликалар береді, ал оқушылар оларға жауап қату икемділіктерін меңгереді. Жауап қатудың сан алуандығы сыныпқа, олар қолданатын тілдік құралдарға, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Мәселен, What`s Һis name? стимул-репликасының (фотосурет көрсетіледі) соңынан әр түрлі жауап қату ілесуі мүмкін:
P1 – Anton Pavlovich Э P2 - His name is Anton Pavlovich. № P3 - I don`t know. № P4 - I don`t know what his name is. Жауап қатуға үйрету формальды және коммуникативтік бағытта болмауы үшін мұғалім әр түрлі ойындарды пайдалана алады. Мысалы, оқушыларды ынталандырушы сұрақтарға жылдам жауап қатуға үйрету өте маңызды.
Бұл үшін «Пинг-понг» ойынын пайдалануға болады.
Do you like to play badminton? Т Yes, I do. Ь Саn you play іt well? И Yes, I саn. Т Did you play іt іn summer? Т Yes, I did. И Іs it difficult to play іt? М No it isn`t. М Will you teach me to play іt? С Yes, it`s my pleasure. Жылдам қарқынмен өткізілетін бұл ойын оқушыларда алуан түрлі ынталандырушы сұрақтарға дұрыс жауап қатуды қалыптастырады. Мұғалім бұл ойынды бастайды да, өзінің функциясын балаларға береді. Үн қатуға үйрету барысында осындай жұмысты қайталай отырып, мұғалім осы маңызды икемділіктің қалыптасуына қол жеткізеді. Ал бұл әңгімелесудің (диалогтың) мәнін құрайтындықтан, бастапқы кезеңнің бүкіл сатысында өтуі тиіс. Бұл жұмыс мынадай қателерді алдын ала ескертіп, болдырмауға мүмкіндік береді:
Т - Do you like to skate? М Р. - Yes, it іs. Немесе «Ойлан тап»ойыны, мысалы, Петяның жексенбі күні қайда болғанын тап:
T - Where was Pete on Sunday? - At the Zoo. - I believe at the Zoo - In the park. -I think he went to the country. - At the cinema. - At his Granny`s. - I think he was at home. М Петя балаларды тыңдайды, ал кім тапса, «жүргізуші» болады және өзінің сұрағын ұсынады, мысалы: Where was Sashya Satuday? – сонымен ойын әрі қарай жалғасады.