1.2. Монолог пен диалог. Олардың өзара байланысы. Диалог сөзді оқытудың мектептік практикасын бақылау, онда бірқатар кемшіліктердің бар екендігін көрсетіп отыр, бұлар осы мәселенің әдістемеде әзірленбегендігінің салдары болып табылады. Қалыптасқан жағдайдың себептерінің бірі ауызекі шет тілін оқыту жүйесін жасау негізінде жатқан түсініктердің араласып кетуі болып табылады. Бұдан өзге, диалог пен монологтың араласу қаупі айқын көрініп отыр. Мұның себебі олардың өзара тығыз байланыстылығы мен өзара тілдік қызметке өтуі болып табылады. Мұндай байланыс диалог пен монологтың анықтамаларының өзінен-ақ көрінеді, мұны әдіскерлер былайша заңды тұрғыда атап өтеді: «Диалог – репликалардың тізбегі немесе айтылымдардың топтамасы болып табылады, бұларды әдетте екі немесе одан да көп тұлғалардың (әңгімелесушілердің) тікелей тілдесуі жағдайында бірі екіншісін тудырады. Монолог - өзінің ойларын, ниеттерін, оқиғаны бағалауын және т.б. көбірек немесе азырақ кеңейтілген нысанда білдіруші бір тұлғаның сөзі» [11, 69б]
Диалог әңгімелесу барысын қамтамасыз ететін бірқатар икемділіктермен байланысты. Алғашқысы әңгімелесушіні пікірін айтуға ынталандыру болып табылады. Ынталандыру былайша болуы мүмкін:
Сұрақ, мысалы: Are you going home? Does Pete live far from school? Where are you going? You will stay after clases, won`t you? Can you play tennis or foоtboll? Бекіту, мысалы, І`m going home, ол формасы жағынан әртүрлі жауап қатуды: Why? Do you? ОK. Let`s go togethеr.
Өтіну, ұсыныс, мысалы: Неlp me, please. Let`s go thеrе. Will you open thе window? Let`s play. Will you give me you pen? Give me you реncil, plіse және т.б. Екінші икемділік – бұл тілдік стимулға жауап қату. Ынталандырушы реплика мен ынталандырушы жауап қату диалогтік бірлікті құрайды. Диалогтік бірліктердің төрт типі аса кеңінен таралған. Т Сұрақ-бекіту Р Are you going home? сұрағына No, I`m stay at school немесе No I`m going shopping тілдік жауап қату берілуі мүмкін. Р Does Pete live far from school? сұрағына Yes, he does немесе I don`t know немесе Not very far немесе Near «Russia» жауап қатуы берілуі мүмкін.