Тақырыбы: Спорттық ойындар және Қозғалмалы ойындар кіріспе «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»



бет21/23
Дата27.03.2023
өлшемі73,73 Kb.
#76410
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Та ырыбы Спортты ойындар ж не оз алмалы ойындар кіріспе «Д ры

9. Олимпиада ойындары
4. Спартакиада ойындары
5. Олимпиада ойындарының аймақтарда ұймдастырылуы
Бүгінде еліміздегі спортқа деген көзқарас эр облыста, эр өңірде - әрқилы. Кейбір өңірлеріміз бен қалаларымыз тамыры терең шежірелеріне шаң түсірмей, дэстүрлерін жоғалтпауға тырысып жүр. Ал қайсыбір облыстарымыз барды қанағат тұтып, өз өңірлерінде спортты дамытуға үлкен қүлшыныс танытып отырған жоқ.
Осының кесірінен болар, кейінгі жылдары Олимпиада ойындары мен элем чемпионаттарында тасымыздың өрге домалап, шекеміздің шылқып жүргені шамалы. Әр Олимпиада ойындары сайын алтын саны азайып келеді. Бүл - жазғы Олимпиада ойындарындағы жағдай. Ал қысқы Олимпиада ойындарында жүлделі орын түрмақ, алтылыққа ілігудің өзі мүң болғалы қашан...
Біз бүгін жазғы спорт түрлерінен қай өңірдің қай спортқа бейімдеу екеніне тоқтала кетпекпіз. Әлем жэне Азия чемпионат-тарымен қоса былтыр күзде аяқталған жалпыреспубликалық II жазғы Спартакиада қорытындысын да негізге алмақпыз. Себебі елімізде спортты дамыту үшін, сондай-ақ облыс жэне қалалар арасында бэсекелестік пен бақталастықты күшейту үшін қайтадан өткізіле бастаған Спартакиада ойындары барлық аймақтардың спортқа деген көзқарасы мен спортшыларының деңгейін айнаЁ қатесіз көрсетіп берді. Ал элем чемпионаттарындағы жетістікте-рімізге үңілер болсақ, халықаралық аренадағы көрсеткіштеріміз көңіл толарлықтай емес. Өткен 2007 жылы Қазақстан спортшылары элем чемпионаттарынан бар болғаны 1 алтын, 1 күміс, 8 қола жеңіп алды (Жалқы алтынға бокс рингінде қол жеткіздік). Дэл қазір жазғы спорт түрлерінен Алматы қаласының шоғы биік десек, еш қателеспейміз. Ертеден қазақ спортының алтын бесігі һәм орталығы болып келген эсем Алматы кейінгі жылдары жетекшілік орны мен рөлінен айырылып қалған-ды. Бірақ кейінгі жылдары қайтадан бұрынғы жетекшілік мэртебесіне қол жеткізу бағытында жүмсаған күш-жігерлері мен төккен терлері нэтиже беруде. Дохадағы Азия ойындарында еліміздің намысын қорғаған спортшылардың 31 пайызы жэне жүлделі орындарға ие болған саңлақтарымыздың 31,7 пайызы Алматы қаласының үкілеп қосқан қыз-жігіттері болды. Бүгінде Алматыда спорттық гимнастика, нысана көздеу, суда жүзу, су добы (ерлер арасындағы), жеңіл атлетика, семсерлесу, волейбол, баскетбол, қазіргі бессайыс, стол теннисі, таэквондо, дзюдо, стенд ату, еркін күрес, ауыр атлетика, байдарка мен каноэда ескек есу, бокс, грек-рим күресі, велотрек, футбол, футзал, суда мэнерлеп жүзу жэне т.б. спорт түрлері жақсы дамуда. Үздік спортшылары - Ольга Довгун бастаған қүралайды көзге атқан мергендері, жеңілатлет Марина Аитова, боксшы Бақыт Сэрсекбаев, бессайысшы Лада Жиенболанова, гимнасшы Ернар Ерімбетов, теннисші Сырым Әбдухалықов.
Халқы тығыз Оңтүстік Қазақстан облысы кейінде Алматымен үзеңгі қағыстырып келеді. Бір ескерте кетерлігі, бүл өңірдің нЯмысын тек жергілікті спортшылар ғана емес, «қалауын тауып, қар жағып» меншіктеп алған саңлақтары да қорғайды. Республикадағві халқы ең көп өңірде бокс, байдарка мен каноэда ескек есу, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, нысана көздеу, стенд ату, ауыр атлетика, каратэ-до, жеңіл атлетика, еркін күрес, суда жүзу, таэквондо, дзюдо, велоспорт, семсерлесу спорттары алдыңғ^і қатарда. Маңдай алды саңлақтары - көркемгимнасшы Әлия Юсупова, ауыратлет Бақыт Ахметов, балуан қыз Елена Шалыгина, боксшылар Еркебұлан Шынэлиев пен Біржан Жақыпов (қолғабын шегеге біресе іліп, бірде шешіп алып жүрген Мұхтархан Ділдэбековті де қосуға болар), еркін күрес серкесі Геннадий Лалиев. Оңтүстікқазақстандықтар қазір Алматыға ауысып жатқан Ольга Довгунды да «біздікі» деп айта алады. Аумағы бойынша еліміздегі ең үлкен Қарағанды облысында бокс, жеңіл атлетика, суда жүзу, спорттық гимнастика, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо, байдарка мен каноэда ескек есу, стол теннисі, пауэрлифтинг сынды спорт түрлері қарқынды түрде дамыған. Үздік спортшылары мен мақтаныштары - қазақтан шыққан тұңғыш элемнің екі дүркін чемпионы, боксшы Серік Сапиев, онсайысшы Дмитрий Карпов, жеңілатлет Сергей Засимович, ескекші Қайсар Нұрмағамбетов, дзюдошы Келбет Нүрғазина, боксшы Серік Елеуов.
Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жеңіл атлетика, велотрек, семсерлесу, қазақ күресі, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо, бокс, ауыр атлетика секілді спорт түрлерінен жоғары нэти-желер көрсетіп, осы спорт түрлеріне көп көңіл бөлінетіндігін білдіруде. Үздік спортшылары - жетісайысшы Ирина Науменкс^' балуан қыз Ольга Смирнова, еркін күрес майталманы Марид Муталимов, грек-рим күресінің шеберлері Әсет Мэмбетов пен Нұрлан Қойжайғанов, боксшы Міржан Рақымжанов, футболшы Самат Смақов.Павлодар облысы суда жүзуден, жеңіл атлетикадан, баскетбол-дан (эйелдер арасындағы), бокстан, еркін күрестен, дзюдодан,стенд атудан, футболдан, тоғызқұмалақтан жэне пауэрлифтингтен тэуір нэтижелерге қол жеткізуде. Керекудің бетке ұстар саңлақтары - дзюдошы Саят Аймүқашев, жеңілатлет Роман Валиев жэне Жұлдыз Байдүйсенова бастаған баскетболшы қыздары.Еліміздің бас қаласы Астана эзірше алтылықты түйықтап тұр. Іргетасын енді қалап жатқан елордамызда суда жүзу, велоспорт, дзюдо, көркем гимнастика, бокс, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэда ескек есу, стенд ату өзге спорт түрлеріне қарағанда - көш ілгері. Елорданың атын шығарып жүрген спортшылар велошабан-доз Максим Иглинский мен Зульфия Забирова, боксшы Қанат Әбутэліпов, шахматшы Дэрмен Садуақасов, дзюдошылар Максим Раков пен Асхат Жіткеев (Жетісу өңірінің тумасы), грек-рим күресі балуандары Әсет Иманбаев пен Ербол Қоңыратов. Қазақ кие түтатын жеті санына сэйкес жетінші орын Қостанай облысының «пешенесіне» жазылып тұр. Астықты өлкеде бадмин-тон, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, спорттық гимнастика, ауыр атлетика, стол теннисі, футбол, ерлер арасындағы баскетбол жо-ғары орынға қойылған. Үздік спортшылары - грек-рим күресі шебері Бейбіт Нұғманов, футболшы Нүрбол Жүмасқалиев. Жер жаннаты Жетісу өңірінде, яғни Алматы облысында жеңіл атлетика, ауыр атлетика, бокс, еркін күрес, дзюдо, садақ тарт/, велотрек, волейбол, семсерлесу, регби жэне таэквондо көңіл толарлықтай деңгейде дамытылған. Үздік спортшылары - ауыратлет-Сергей Филимонов, грек-рим күресі шеберлері Нүрбақыт Теңізбаев пен Дархан Баяхметов, боксшы Мират Сәрсембаев, велотрекші Илья Чернышев.Сыр елі, Қызылорда облысы велотрек, дзюдо, қазақ күресі, то-ғызқүмалақ, гандбол (эйелдер арасында), каратэ-до секілді спорт түрлеріне жетік. Үкілеген үміттері - сөз жоқ, ауыр атлетикадан төрткүл дүниені сүйсіндірген, жас талант Илья Ильин. Сондай-ақ велоспортшы Андрей Кашечкиннің де осы өңірдің тумасы екендігін үмытпайық.
Ақмола облысының триатлон, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, баскетбол секілді спорт түрлерінен ғана «аты» озып, саңлақтары көзге түсіп жүр. Ауызға ілігер спортшылары -үшсайысшылар Дмитрий Гааг пен Данил Сапунов, боксшы Дмитрий Готфрид.
Атырау облысы тек таэквондо мен шығыс жекпе-жектеріне иек артып жүргендей. Бірақ баскетболшылары мен волейболшылары да Қазақстан чемпионатындағы үздік командалардың бірі. Үздік спортшылары - таэквондошылар Лия Нүркина, Нэзгүл Тэжіғұлова, Арман Чилманов, Батырбек Есдәулетов, боксшы Владимир Ульянов.
Солтүстік Қазақстан облысы жеңіл атлетика, суда жүзу, грек рим күресі, каратэ-до жэне велоспортқа бейімірек. Әйгілі вело-шабандоз Александр Винокуров пен суда жүзуден абыройымызды асқақтатып жүрген Владислав Поляков осы өңірде туған. Грек-рий күресінің шебері Роман Мелешин де мақтауға түрарлықтай балуан.,
Батыс Қазақстан облысы ежелдан садақ тартуға жетік. Сондаи-ақ ел ішіндегі дүбірлі додаларда самбо, еркін күрес, жеңіл атлетика, велотрек, байдарка мен каноэда ескек есуден де жүлделі орындарды еншілеп жүр. Маңдайалды қырандары - шахматшы Мұртаз Қажығалиев, балуан қыз Ольга Жэнібекова, еркін күр^с шебері Абдулхаким Шапиев, садақшы Анастасш Баннова, боксшы Дэурен Елеусінов.
Маңғыстау облысы негізінен каратэға ғана бейім сыңайлы. Бірақ тэп-тэуір боксшылары мен балуандары да (еркін күрестен) баршылық. Мақтан тұтар спортшылары - боксшылар Ердос Жаңабергенов пен Жеңіс Таумұрынов, каратэші Халид Халидов, дзюдошы Ринат Ибрагимов.
Жамбыл облысы ежелден боксшыларымен мақтаулы. Кейінгі жылдары таэквондо, жеңіл атлетика жэне стенд ату спорттарынан да қарабайыр еместіктерін көрсетіп келеді. Өкінішке қарай, қазақ футболына бірнеше жүлдыз сыйлаған өңірде аяқдоп өнері құрдымға кетіп барады. Бұл өңірдің мақтанышы да, үздігі де -боксшы Бақтияр Артаев. Таэквондошы Аслан Батықұлов та Тараз-дың талантты тарландарының бірі. Бір кездері су добынан ел намы-сын қорғайтын дүйім бір команда жасақтап шығарғандары да есі-мізде. Әсел Жақаева бастаған ватерполшы қыздарымыз осы өңірден.
Негізінен футболға көп көңіл бөліп кеткен, қаржының көбісін аяқдопқа төгіп жүрген Ақтөбе облысында каратэ-до, бокс, еркін күрес секілді спорт түрлеріндегі саңлақтарымен де көзге түсіп ке-леді. Футзалдан елімізде көшбасшылар қатарында. Үздік спортшкЁ лары - боксшы Галиб Жафаров, еркін күрес шебері Бауыржан Оразғалиев, каратэші Ринат Сағындықов, дзюдошы Саламат Отарбаев.
"Дене шынықтыру" Факультеті 1999 жылы өз алдына дербес бөлінггн. Факультет қүрамында "Дене тэрбиесі жэне спорт" кафедрасы бар.Факультеттің алғашқы деканы Қазақстан ССР-іне еңбек сіңірген жаттықтырушысы, доцент С.А. Қуанышев.
Факулытің қүрылуына үлкен үлес қосты. 2000 жылы факультет кеңейтіліп Спорт-биология болып аталды. Факультеттің спорттық-материалдық базасы толықтырылды. Стандартты спорт зал, 6000 орындық спорт кешені, 1күрес залыбар. Факультетте бүгінгі таңда 160 студент білім алуда.
Ғылыми -педагогикалық жүмыстарды 12 оқытушы жүргізеді. Оның ішінде 3 аға оқытушы, 9 оқытушылар. Студенттер педагогикалық, өндірістік іс-тэжірибелерді қала, аудан мектептерінде жэне аудан спорт мектептерінде өтеді.
Факультетге білім берумен біргелікте студенттердің қоғамдық
мэдени өмірге белсене араласуына жақсы жағдай жасалған.
Факультет деканы Л.Ә. Мырзабектің басшылығымен студенттер
университетте өткізілетін дэстүрлі КТК (КВН), "Жігіт сүлтаны",
Наурыз мейрамы сондай-ақ ауданнық, облыстық жарыстарға
белсене қатысады. Университетте волейбол, футбол, баскетбол,
күрес, бокс сгюрт түрлерінен үйірмелер жүмыс істейді. Атап айтар
болсақ волейболдан университет қүрама командасы жоғары
жетістіктерге қол жеткізуде, облыстық, халықаралық туранирлердің
жеңімпаздары. Команданың аға жаттықтырушысы С.З.Серманизов-
тың еңбегі орасан зор.
Факультетте студенттердің ғылыми жүмыстарымен .-шүғылдануына' жағдай жасалған. Университеттегі студенттердің ғылыми конференциясына нэтижелі баяндама жасап, ынталандыру сыйлықтарына жэне алғыс хаттарына ие болып жүрген студенттер:
мемлекеттік білім грант иегерлері Т.С. Абдиев, Д.Ж. Ибрагимов сияқты студенттерді атап айтуға болады.
Факультетте оқу-тэрбие мэселелері бойынша кеңес жүмыс жасайды. Мәжілістерде оқудың жаңа тэсілдері, оқытушылардың сабақ өтудегі шеберліктері, оқу - жаттығу сабақтары талқыланып отырады.
Факульеттің алдына қойған мақсаты жэне болашақтағы жоспары профессор-оқытушылар құрамында ғылыми - зерттеу жүмыстарын дамытып, жас кадрларды ғылымға баулу. Спорттық -материалдық базасын кеңейтіп, спорт қүралдарымен толықтыру. Студенттерді келешекте еліміздің білімді, білікті мамандары етіп дайындау жэне жаңа кредиттік оқыту жүйесімен тәрбиелеу. Осы салада силлабустар дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет