Тақырыбымның өзектілігі болып саналады. Ғылыми жобаның мақсаты



бет11/21
Дата03.03.2022
өлшемі1,06 Mb.
#26948
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
тіл білімі Есетова ғылыми жұмыс (2) (3) (3)

3.2 Түсінікті заң мәселесі

Қазіргі юрислингвистикадағы қызықты тақырыптардың бірі – заң тілінің анықтығы мәселесі. Заңды түсінікті деп санау үшін ол қалай жазылуы керек?

Бұл мәселе өте маңызды болып табылады, өйткені заңның тілі толықтай анық болған кезде ғана, яғни тек әріп тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ ішкі мән-мәтіні түсінікті болған кезде субьект өзіне құқықтық жауапкершілікті жүктей алады. Бірінші тұрғыдан бұл сұрақ маңызды емес болып көрінуі мүмкін, бірақ әрқайсымыз күнделікті өмірде кездесетін көптеген құжаттарды оқығанда, оларды арнайы дайындықсыз түсіну мүмкін еместігін еске алғанда, бұл мәселенің маңыздылығы мен қажеттілігін бірден анықтай аламыз. Егер дәрігерге келген науқас қол қою керек медициналық құжаттың мағынасын түсінбесе және онымен байланысты қауіптерді түсінбестен операцияға келіссе? Бұл заң бұзушылық екені сөзсіз.

Тағыда бір мысал ретінде, ҚР 39-бабындағы 7-тарауда жиырма тоғыз тыныс белгісі кездесетін сөйлем бар, ал статистикаға сүйінсек жеті тыныс белгісінен көп сөйлемді түсіну қиын болып табылады. Дәлелдеме ретінде осы сөйлем: «Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған, жануарлардың аса қауіпті, экзотикалық ауруларын, карантинді объектілерді, бөтен текті түрлерді оқшаулау және (немесе) жою үшін, карантиндік аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің таралу ошақтарында іс-шаралар, шұғыл фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу үшін, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, cу көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолында дереу қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу».

Яғни, сөйлемнің түсіну үшін қиындылығын бірден аңғаруға болады. Бұйрық жазылғанда, оның қарапайым адам үшін түсінікті тілде жазылуы керек. Әйтпесе заңдарымыз қалың бұқараға жазылмағанда кімге жазылып жатыр?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет