Тақырыбымның өзектілігі болып саналады. Ғылыми жобаның мақсаты


Заң ісіндегі сөз құдіреті



бет12/21
Дата03.03.2022
өлшемі1,06 Mb.
#26948
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
тіл білімі Есетова ғылыми жұмыс (2) (3) (3)

4. Заң ісіндегі сөз құдіреті

4.1 Сөз құдіреті

«Байтақ дала төсінде сан ғасыр көшіп-қонып күндер кешкен қазақ халқы жан сезімін жырмен ағытқан, ақыл мен ойдың кені даналық сөз деп қадірлеген, қылпылдап тұрған қылыштан қыңбаса да, жүйелі сөзге тоқтаған».

Сөз құдіретіне табынған қазақ халқы сөзбен жауласқан елді де, шекіскен ерді де, шешімін таппас дауды да тоқтатқан.

Қазақ қоғамының сот саласында орын алған «Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлеу» қағидасының құқықтық күші басым болды. Бұл қағиданың маңыздылығын оның орын алу үлкен даулы мәселенің бір ғана сөзбен түйенделіп шешімін табуына септігін тигізген жәйттердің көп болғандығын дәлелдейді. Осы құқықтық қағида сөз құдіретінің сот саласында жүзеге асуына негіз болды және қамтамасыз етті. «Бұл принцип сот порцесіндегі пікір таластың, сөз жарысының шектелмеуіне, оның мейлінше еркін және жан-жақты болуына, дауласушылардың өз мүдделерін қорғау барысында бар мүмкіндікті пайдалануына бағытталған еді».

Көшпелі қоғамның сот саласындағы сөз теңдігінің алатын орны өте зор. Себебі, қазақ қоғамындағы сот процесінің өзі сөз өнерінен бастау алады. Сотта дауласушы тараптарға қойылатын басты талаптардың біріне олардың сөз саптау, сөйлей білу шеберлігінің жоғары дәрежеде болуы шарт ретінде жатқызылды. Олар сотқа жіберілмес бұрын алдын-ала сөз сайысы өткізіліп, тараптардың мүмкіндік және шеберлік деңгейлері тексерілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет