3. Юристлингвистикадағы өзекті мәселелер және оны шешу жолдары
3.1 Аударма ісінің мәселесі
Юрислингвистика мәселелері бойынша соңғы бірнеше онжылдықта әртүрлі елдердің тіл мамандары жұмыс жасай бастады. 1-тарауда атап өтілгендей, юрислингвистика лингвистикалық-құқықтық кеңістіктің алуан түрлі мәселелерін шешуге арналған: құқықтық құжаттарға лингвистикалық сараптама жүргізуден, заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің мәтіндерін әзірлеу бойынша ұсыныстар жасаудан бастап, құқықтық аударма саласындағы теориялық және практикалық зерттеулермен қатар, тілдік стратегияны анықтау мәселелері бойынша сот-медициналық зерттеулер жүргізуге дейінгі тақырыптармен айналысады.
Сөз таңдау – аударма процессіндегі ортақ заңдылықтарының бірі. Аудармашы екіжақты өлшемді тең ұстап отырады; оның бірі – түпнұсқаның коммуникативті- функционалдық белгілеріне нұқсан келтірмеу; екіншісі аударылатын мәтіннің эстетикалық, прагматикалық күш-қуатын түпнұсқадағыдан төмендетпеу. Аударма мәтініндегі тілдік единица не үшін қолданылған, неліктен таңдалынған дегеннің объективті жауабы осы екі өлшем арқылы тарқатылуы қажет.
Көптеген жағдайларда аудармашының сот ісін жүргізуге қатысушы ретіндегі рөліне ерекше назар аударады, өйткені аудармашы екі тіл, мәдениет пен менталитет үшін ғана емес, екі әлеуметтік сала үшін де көпір болып табылады. Аудармашының лингвистикалық және құқықтық жағынан арнайы білімінің болмауы нәтижесінде аударма бұрыс орындалуы мүмкін, атап айтқанда: маңызды ақпараттың жетіспеуі, терминдер мен ресми іскери лексиканы жалпы қолданылатын сөздермен алмастыру, сөздер тізімін бір жалпылама терминмен алмастыру, сөзбе-сөз аударманы қолдану.
Бұл мәселені шешудің бір жолы – лингвистика мен юриспруденцияның тығыз жақындасуы (теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да), құқықтық нормалардың «экологиясына» (әсіресе жаңадан шығарылған немесе заң жобасы сатысында тұрған) қатаң назар аудару, заңгерлерде лингвистикалық мәдениет пен білім деңгейін, ал лингвист-сарапшыларда құқықтық мәдениет пен білім деңгейін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |