Тақырып №1 Кіріспе. Пәннің мақсат, міндеті мен зерттеу объектісі



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата07.01.2017
өлшемі2,2 Mb.
#1380
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
 т.с.с.  ұйымдардың  қызметтерімен  анықталады.  Сонымен  қатар  әлемдік 
қауымдастық бірігіп жасаған заңды органдар мен ұйымдардың қызметтері арқылы әлемдік саясат 
іске асады.  Әлем мемлекеттерінің  ӛзара қарым-қатынастар жасаудың принциптері мен жолдарын 
анықтайтын  әлемдік  саясат  халықаралық  қатынастарды  реттеудегі  шешуші  фактор  болып 
табылады.
 
 
Әлемдік  саясат  әлем  халықтарының  гуманитарлық,  ізгілікті  ойлауының  ортақ  жетістігі  болып 
табылады.  Техногендік,  экологиялық  мазмұндағы  әлемдік  қауіптер  ХХ  ғасырдың  екінші 
жартысында  ғана  маңызды  болды.  Ал,  одан  бұрын  ХІХ  ғасырдың  аяқ  кезі  мен  ХХІ  ғасырдың 
басында 
негізгі 
жаһандық 
қауіп 
әлемдік 
соғыстар 
қаупі 
болатын. 
Мемлекеттер  ӛзара  қайшылықтарын  түрлі  соғыстармен  шешіп  келді.  Әлем  тарихында  мыңдаған 
соғыстар  белгілі.  Соның  ең  ауыры  1914-1918  жылдардағы  бірінші,  және  1939-1945  жылдардағы 
екінші  дүниежүзілік  соғыстар  болатын.  Екі  дүниежүзілік  соғыста  ғана  100  миллионан  астам  адам 
қырылған  болатын.  Сондықтан  әлем  халықтары  мемлекеттер  арасында  бейбітшілікті  сақтау 
қажеттілігін  алдымен  сезінді.  Әлемдік  саясат  соғыс  және  бейбітшілік  мәселесін  әлем 
мемлекеттерінің ортақтасып шешуімен басталады деп есептеуге болады.
 
Әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін дамыған мемлекеттер адамды және оның құқықтарын қорғауды 
міндет деп таниды. Осы негізінде әлем мемлекеттерінің озық елдері ӛздерінде құқықтық мемлекет 
және  қоғамдық  ӛмірді  демократияландыру  үдерісін  бастады.  Адам  мәселесі  ӛркениетті 
мемлекеттерді бір ортаға жинақтайтын, ӛзара консенсусқа, түсіністікке жетелейтін фундаменталды, 
ӛзекті  мәселеге  айналды.  Ӛркениетті  мемлекеттердің  ықпалымен  әлем  халықтары  адам 
құқықтарын  қорғайтын саяси билік  жүйелерін қалыптастыра бастады. Әлемдік  ортақ  мәселелерді 
шешу ғасырларға созылған әлемдік ізгілікті, әділетті тәртіптер орнатуға деген әлем халықтарының 
құлшынысының негізінде қалыптасады. Ал, әр елдегі адам мәселесін шешу және оның құқықтарын 
қорғау үшін жаһандық мәселелерді шешу және жаһандық қауіптермен күресу қажет болды.
 
Әлем  халықтары  мен  мемлекеттерінің  демократиялық  құндылықтар  негізінде  топтасуына  XVIII 
ғасырдың  соңында  болған  Ұлы  Француз  революциясының  1789  жылғы  «Адам  және  азамат 
құқықтарының  Декларациясы»,  БҰҰ  1948  жылы  қабылдаған  «Адам  құқықтарының  жалпыға  ортақ 
Декларациясы»,  1966  жылы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  қабылдаған  «Экономикалық,  әлеуметтік 
жәнемәдени  құқықтар  туралы  халықаралық  пакт»,  1975  жылы  Хельсинкиде  қабылдаған 
«Европадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық Кеңесінің Қортынды актісі» т.б. құжаттар кӛмектесті. 
Қазақстанның  әлемдік  мәселелерге  үлесін  ЕҚЫҰ  VII  Астана  саммитінде  қабылдаған 
Декларациясынан байқаймыз.
 

Аталмыш құжаттарды әлем халықтары мен мемлекеттерінің адамзатты сақтау үшін бейбітшілік пен 
соғыс  мәселесін  шешу  жолындағы  тәжрибесі  синтезделді.  Адам  құқықтарын  қорғау,  демократия 
мен  бейбітшілік  үшін  күрес  ғаламдық  саясат  принциптерін  айқындап  берді.  Адамзаттық  тағдыр 
ортақтастығы  мәселесі  барлық  халықтар  мойындайтын  бірінші  басымдылыққа  айналды.  Әлем 
мемлекеттері  ортақ  азаматтық  мәселелерді  бірлескен  күшпен  шешпейінше  тұрақты  даму 
болмайтындығын  түсінетін  дәрежеге  жетті.  ХХІ  ғасырда  жаһандық  мәселелердің  күрделене  түсуі 
әлем мемлекеттерінің әлемдік саясатпен айналысуға деген зәрулігін тіптен күшейтіп жіберді.
 
Әлемдік  саясат  халықаралық  экономикалық,  саяси,  мәдени-ақпараттық,  технологиялық 
байланыстардың  жаңа  деңгейге  трансформациялануының  нәтижесінен  туды.  Жаһандық 
мәселелер  ұлттық  мемлекеттік  шекара  кӛлемінде  мүлдем  шешілмейді.  Кӛптеген  күрделі 
мәселелер  барлық  мемлекеттерге  ортақ  жаһандық  жүйеге  айналып,  жалпы  әлемдік  сипат  алуда. 
Әлемдік  мәселелерді  шешу  үшін  әлемдік  саясат  мемлекеттердің  шаруашылықтарының  даму 
динамикасына, интеграциялық үдерістерді нығайтуға ықпал етуге тырысады. Осы арқылы әлемдік 
шаруашылық пен әлемдік нарықта мемлекеттердің ӛзара тәуелді байланысы күшейді. Бұл жағдай 
саяси қатынастардың бейбітшілік жолымен дамуына экономикалық тірек болады.
 
Әлемдік  саясат,  жеке  мемлекеттердің  саясатының  жәй  ғана  жиынтығы  емес.  Ол  жекелеген 
халықаралық  қатынастар  субъектісінің  де  саясатына  сыймайды.  Сонымен  қатар  әлемдік  саясат 
халықтар  мен  мемлекеттердің  ортақ,  жалпы  мақсат-мүдделерін  тоқайластырып,  түйістіріп 
халықаралық қатынастардың барлық элементтеріне ӛзінше жеке әсер етеді. Жаһандық саясаттың 
барлық элементтері бірімен-бірі байланысты, ӛзара тәуелді бола отыра біртұтас құбылыстың жеке 
бӛлшектері  ретінде  қызмет  істейді.  Әлемдік  саясаттың  тиімділігі  оны  жасайтын  мемлекеттердің 
ортақ  қауіптерді  түсіну  дәрежесіне,  жағдайды  түзетуге  бағытталған  белсенді  саясат  ұстануына 
байланысты. Мемлекеттің сытқы саясаты әлемдегі болып жатқан ӛзгерістерге жауап бере алуының 
маңызы  зор.  Әлемдік  шындықтарға  нақты,  әділетті  бағасын  беру  арқылы  мемлекеттер  ӛздерінің 
қызметтерін үйлестіруге мүмкіндік алады. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарды бағалауда ортақ 
мәселеге  келу  арқылы  мемлекеттер  олардың  бетін  қайтарудың  біріккен  шараларын  жасау 
саясатын күн тәртібіне қояды.
 
Әлемдік  саясатты  ішкі  саясат  сияқты  орталықтанған  билік  басқармайды..  Сондықтан  әлемдік 
саясатқа қатысушы акторлар әлемдік шындықтарға сәйкес ӛз беттерінше қызмет етеді. Сондықтан 
әлемдік  саясаттың  тәуекелі  кӛп.  Әлемдік  саясаттың  бір  субъектісі  екінші  субъектісінің  не  істеп 
жатқандығын  да  біле  бермеуі  мүмкін.  Әр  мемлекеттің  сыртқы  саясаты  сол  елдің  ұлттық 
мүдделерінен  туындайтын  нақты  және  анық  міндеттер  болса  әлемдік  саясат  субъектілерінің 
қызметі  стихиялы  жүреді.  Оның  бағыт-бағдарын  анықтап,  әрбір  субъектінің  шешетін  мәселелерін 
белгілеп  отыратын  әлемдік  саясаттың  орталығы  жоқ.  Әлемдік  саясат-әлем  мемлекеттерінің 
жаһандық  қауіптерімен  мәселелерді  бірлескен  күшпен  шешу  қажеттілігін  түсіну  құбылысы.  Әр 
мемлекет  ӛзінің  қуатына  және  мақсаттарына  қарай  әлемдік  тәртіптерге  ықпал  етуді  кӛздейді. 
Адамзаттың  тағдырының  ортақтастығын  түсіну,  әлемдік  қатынастарды  бейбіт  жолмен  реттеуге 
құлшынысты тудырады. Ӛзара жауласу, теке-тірес, күш кӛрсету, басқа әлсіз мемлекеттерге зорлық 
жасау әлемдік тәртіптерге қауіпті екендігі халықтар түсіне бастады.
 
Сол  себепті  әлемдік  саясат  жаһандық  тәртіптерді  реттеуші  ерекше  саясат  түрі  болып  табылады. 
Әлемдік  саясат  принциптерінің  жалпылық  сипаты  бар  дедік.  Бірақта  оларды  орындауға  әрбір 
мемлекет міндетті емес. Халықаралық нормалар мен құқықтары белгілейтін құжаттарға қол қойған 
мемлекеттер  ғана  ӛз  міндеттерін  әлемдік  қауымдастық  алдында  орындап  отыруға  міндеттеме 
алады.
 
Әлемдік  саясаттың  күнделікті  мақсаты  -  әлемдік  тәртіпте  бейбітшілікті,  тұрақтылықты, 
демократияны  сақтау.  Сонымен  қатар  оның  кӛздегені  әлемдік  саясатқа  қатысушы  субъектілердің 
барлығының  мүдделі  тоғысатын  халықаралық  орта  жасау.  Мүдделердің  ортақтастығы,  адамзатты 
сақтауға  деген  зәрулік  кӛптеген  мемлекетердің  жалпыадамзаттық  мүдделердің  басымдылығын 
мойындауына әкеліп отыр.
 

Сонымен қатар әлемдік саясатты әлемдік билік үшін күресетін, әлемдік тартыстардан, әрбір елдің 
ӛздеріне тән  геосаяси күрестерінен,  түрлі бәсекелестіктер мен мүдделер қайшылығынан тысқары 
алып  қарасыруға  болмайды.  Әлемдік  саясатта  АҚШ,  Қытай,  ЕО,  Ресей  сияқты  алпауыт 
мемлекеттердің  үстемдігі  байқалады.  ХХ  ғасырдың  50-90-шы  жылдары  мысалы,  әлемдік 
саясатта  екі басым полюс АҚШ пен Кеңес Одағы болды. Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі ХХ ғасыр 
аяғы мен ХХІ басы бір полюстік әлемдік саясат болды. Ол АҚШ-тың басым болуымен сипатталады. 
Ал, 2005-2010 жыдардан бастап әлемдік саясатта кӛпполюстік қатынастар басым болуда. әлемдік 
қатынастарды  айқындаушы  күштер  қатарына  жоғарғы  аталған  мемлекеттермен  қоса  Үндістан, 
Жапония,  Бразилия  сияқты  жылдам  дамушы  елдер  ықпалы  арта  түсуде.  Әлемдегі  ӛзгерістер 
үздіксіз процесс. Онда ұдайы жаңа, табиғаты күрделі құбылыстар пайда болуы заңдылық. Әлемдік 
саясат  субъектілері  осы  әлемдік  ӛзгерістерді,  мәселелерді,  қайшылықтарды  танып  білуге  және 
оларды  шешу  ісіне,  немесе  қауіптерді  азайту  шараларына  әлем  мемлекеттерін  жұмылдырып 
отыруға міндетті.
 
Әлемдік тәртіптерді реттеп отыратын Әлемдік Үкімет құру жоспары әзірше футурологтардың ғана 
ойларында.  Бірақта,  әлемдік  мәселелер  мен  тәртіптердің  ӛзгеруіне  әлемдік  қауымдастықты 
дайындайтын  БҰҰ,  ЕЫҚҰ,  АЕО,  Ислам  конференциясы  сияқты  халықаралық  ұйымдар  бар.  Олар 
әлемдік  саясаттың  негізгі  принциптері  мен  бағыттарын  әлем  мемлекеттеріне  танытуға  және 
мойындатуға ат салысып келеді. Бірақта, әзірше бірде бір халықаралық ұйым әлем мемлекетеріне 
міндетті  шараларды  іске  асыруға  мәжбүрлей  алып  отырған  жоқ.  БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінің 
шешімімен болатын санкциялардың ӛзінің орындалуы ойдағыдай емес. Әлемде әділетті тәртіптер 
орнады деп айтуға ертерек.
 
Елеулі  кемшіліктерге  қарамастан  әлемдік  саясат  ӛркениетті  адамзат  пен  дамыған  мемлекеттер 
ықпалымен  біртіндеп  ізгіленіп,  гуманизацияланып  келеді.  Ол  адамдарды  ұлттық,  нәсілдік, 
мемлекеттік,  әлеуметтік-таптық  тегіне  қарамастан  жаһандық  мәселелерді  бірігіп  шешуге  бастап 
келеді.  Адамдардың  бостандығы  мен  теңдігіне  негізделген  әлемдік  саясаттың  қазіргі  мақсаттары: 
халықаралық қауіпсіздік жүйесін жасау, мемлекетаралық қатынастарда күш кӛрсету, зорлыққа жол 
бермеу,  халықтар  арасындағы  сенім  мен  бейбітшілікке  бастайтын  қатынастарды  қалыптастыру, 
жаппай қырып жоятын  және ядролық қарулардың таралуына жол  бермеу, әлемдегі қорқыныш пен 
үрейді, ӛзара жауласуды тоқтату сияқты жеке адамдар мен халықтардың бейбіт және тыныш ӛмір 
сүруін қамтамасыз ету. Ең бастысы әлемдік саясат жаһандық бейбітшілікті қамтамасыз етуге тиісті. 
Әлемдік  басым  державалардың  әлсіз  мемлекеттерге  қарсы  зорлыққа  бармауының,  ұлттық 
мүдделерін  адамзаттың  мүдделерге  бағындыруының  маңызы  арта  түсуде.  Ол  үшін  әлем 
халықтарының, әлем азаматтарының бейбітшілік пен адам құқығы идеяларының платформасында 
топтасу қажет. Әлемдік саясат әлемдік қатынастар сияқты аса күрделі құбылыс. Оның ойдағыдай 
шешімін  табуы  тіптен  қиын.  Сондықтан  әлем  мемлекеттері  мен  халықтары  жаһандық  мәселелер 
мен  қауіптерге  қарсы  әлемдік  саясаттың  тиімділігін  арттыра  беруге  мүдделі.  Онсыз  әлемдік 
тыныштықты сақтау мүмкін емес.
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет