Тақырып №24 Қазақстан Республикасындағы негізгі діндер
«Дін» сӛзінің араб тіліндегі мағынасы – «сыйлық», «үкім», «есеп», «жаза»,
«мойынсұну», «бағыну», «құлшылық», «шариғат», «заң», «жол», тіпті кейбір жағдайларда
ұлт деген ұғымды да қамтиды. Ал «діннің» терминологиялық мағынасын, Аллаһ Тағала
тарапынан жіберілген адамзаттың ӛмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-
дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Аллаһтың разылығына
кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды
кӛрсетеді деп түсіндіруге болады. Сондай-ақ, «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар
арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері т.б. Дін
бүкіл әлемнің жаратушысы тек Аллаһ Тағала тарапынан ғана жіберіледі. Дін адамға Аллаһ
Тағаланың таңғажайып даналыққа құрылған жаратылысының алдындағы мақсат-
міндеттерін айқындап береді. Дін адамға екі дүниенің бақытына апаратын тура жолды
кӛрсетеді. Адамның бүтін іс әрекетін қайырымдылыққа, ізгілікке бағыттайды. Дін
пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізілген Аллаһтың бұйрықтары мен тыйымдарынан
тұратындықтан тек уахиге ғана сүйенеді. Діннің ең басты ерекшелігі осы уахи арқылы
келуінде. Дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену
сезімі болады. Бойдағы бұл сезім адамды ерте ме, кеш пе әйтеуір бір тылсым күшке
сенуге жетелейді. Тарихи деректерге кӛз жүгіртсек дінсіз (яки, имансыз) адам
болғанымен, дінсіз қоғам болмаған. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж. Сонымен қатар
қоғам ӛмірінде діннің алар орны ерекше. Ӛйткені, дін әдептілік қағидалары мен қоғам
бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рӛл атқарады. Адам дінге сенген соң,
ӛзгелерге жәбір кӛрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман
әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек
жаятындығы белгілі[1].
І. Діннің таралуы. Діннің неғұрлым ертедегі кӛріністері – сиқыршылық, тотемизм,
ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау
ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда,
даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жӛнінен діннің тайпалық-халықтық
(мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам)
түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бӛлінеді.
Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік,
православие және протестанттық конфессиялары, т.б. діннің екі сипаты бар. Тӛменгісі –
сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діннің ішкі
мәнін білдіреді, сондай-ақ ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын
тәрбиелейді. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жаратушыға деген
сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып,
жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де кӛптеген ұқсастықтар бар.
Мысалы, тасбих тартып, Құдайдың қасиетті есімдерін қайталау; ән айтып, билеп, зікір
салып Құдайды мадақтау, ғибадат ету, дұға оқу, т.б. Дүние жүзі халқының дені, негізінен,
әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады[2].
Будда діні — б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным.
Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан
жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ ӛз. бойына дейін
тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі
қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады.
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні
фәни ӛмірдің азаптары — ауру, кәрілік, ӛлімнен құтылу жолын іздейді. Ол ӛмірдің
қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша ӛмір сүреді. Ал
нәпсі қанағатсыз тілегімен, ӛлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан
нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін тӛрт хақиқатты білу қажет: 1) ӛмір — азап; 2)
азап нәпсіден туады; 3) нәпсіні ауыздықтаса — азаптан құтылады; 4) нәпсіден құтылудың
тӛрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету;
в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аїимса —
адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бір кӛрінісі). Аїимсаны жүзеге асыру
үшін Будда Веданы жоққа шығарды. Себебі Веда уағызы бойынша құрбандық шалу
дәстүрінен мал кӛп сойылушы еді. Веда ілімі бойынша жан иесі үш болмыстан тұрады:
жан, әркімнің ӛзіндік қасиетін құрайтын нәзік болмыс және тән. Ал Будда осының соңғы
екеуін ғана мойындап, жанды және оның мәңгілік екендігін жоққа шығарды. ―Егер адам
ӛлгеннен кейін нәзік болмысы әлемдік болмыспен араласатындай болып жетілсе, ол бұл
ӛмірде қайта тумай, туу — ӛлу айналымынан (самскара) құтылады, яғни, фәни ӛмірдің
азабынан құтылады‖ деді. Мұны ―шуньявади‖ (бос кеңістік, яғни, ӛлгеннен кейін ештеңе
жоқ) философиясы деп атайды. Будда діні ӛзінің даму барысында үш кезеңнен ӛтті:
хинаяна, әркімді туу — ӛлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі
(б.з.б. 5 ғ. — б.з. басы); екінші, бодхисаттва — құтқарушы кӛмегімен құтылу; үшінші,
махаяна (б.з. 5 ғ-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (кӛкірек кӛзі ашылған) болуға
мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (5 ғ-дан кейін). Ол ваджраяна деп те
аталды[3].
Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cӛзбе-сӛз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін
(грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде ‗anointed‘ — орыс тілі ‗помазанный‘ —
қазақша ‗басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу‘) — Христиан дінінде Иисус
Христос (Иисус помазанный) мессияға теңеліп (қара Иса), құдайға баланды. Христиан
дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі де әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі тӛрт
жанрдан тұрады: 1) Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн); 2) апостолдардың арнаулы
хаттары; 3) Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар; 4) ақыр заман туралы ӛсиет.
Христиан дінінің 3 тармағы: проваславие, католицизм, протестанттық.
Православие – құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бӛлінуі
нәтижесінде ХІ ғасырда бӛлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады.
Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің
негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің
маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті
Рух), Иисус Христостың құдай кейпіне ӛтуі, күнәсін жууы, қайта тірілуі және кӛкке
кӛтеріліп кетуі болып табылады. Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі
бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр,
Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Серб, Чехословак, Эллада және 4 автономдық:
Крит, Синай, Финляндия, Жапондық шіркеулер православиелік діндарларға қызмет етуде.
Католицизм (гректің Кatholikos – жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) – бұл
христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия,
Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка
елдерінің кӛпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің
әсері мұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Католицизмді
шамамен 200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан астам сенушілер уағыздайды, оларда
шамамен 560 мың священник жұмыс істейді.
Протестантизм – (лат. Рrotestants – қарсы келуші, келіспейтін деген мағына)
христиандықтағы үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен күресте оның маңызды
түсініктері мен болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды[4].
сла м (араб.: [ʔɪsˈlæːm]) — монотеистік, ханиф — Ибраһим пайғамбардың діні.
«Ислам» сӛзі «бейбітшілік», (Аллаһның заңдарына) «мойынсыну» болып табылады. Ал
шариғат терминологиясында ислам — толық мойынсыну, Аллаһның алдында парыздарды
орындау, одан басқа Құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан
мұсылман деп аталады. Құран Кәрім — классикалық араб тілінде жазылған. Исламдық
кӛзқарас бойынша Аллаһның Діні және пайғамбарлардан жеткен Кітаптар ӛзгеріске
түскен. Осы себепті әрдайым адамзат баласын тура жолға салу үшін Аллаһ әр түрлі
пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим-Авраам, Мұса-Моисей, Иса-
Иисуст.б. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар ол Мұхаммед (с.а.с.).
Исламдағы бӛлімдер: Сунниттер яғни Аһл ас- унна (араб.: — ―Сүннетті
ұстанушылар‖) — Сүннетке мойынсұнып, оны қолдап-қуаттаушы сунниттер тобының
атауы. Сунна — шариғат заңдарының қайнар кӛзі. Ол Мұхаммедтің (с.а.с) іс-әрекеттері
мен айтқан ӛсиет, тұжырымдарынан тұрады. Аһл ас-Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы
тӛрт халифты мойындау (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли), алты хадистер жиынтығын
мойындау (Мұхаммад б. Исмайил әл-Бұхари, Муслим б. ан-Найсабури, әл-Хаким ат-
Термизи, Әбу Дауд, ан-Насаи, ибн Маджи) және тӛрт мазһабтың (ағымның) біріне
тиістілігі (мәликашылар, ханифашылар, ханбалшылар, шафийшылар). Аһл ас-Суннаға
жататындар Иран мен Ирактан ӛзге (бұл екі елде шииттер саны басым) мұсылман
елдерінің бәрінде ӛмір сүреді. Қазақ халқы да Суннаны мойындаушыларға, яғни аһл ас-
Суннаға жатады және ханифшылар ілімін ұстанады.
Суфизм (сопылық) — исламдағы «құпия» ағым, классикалық араб-мұсылмандық
пәлсапасының негізгі жолдарының бірі. Бұл жол рухты бӛгде кері әсерлерден (нәпсі)
алшақ болуды және ӛзіне жақсы жақтарды тарта білуді үйретеді.
Шиизм - Ұстанушылары тек қана Құранды мойындап, сүннет амалдарының кӛп
ережелерін терістейтін, мұсылмандардың заңды басшылары имамдар деп есептеп,
сүннеттік халифтерді мойындамайтын Исламдағы екі негізгі бағыттың бірі. Шииттер
әлемдегі бүкіл мұсылман қауымының он пайызға жуығын құрайды. Исламның бұл
бағытын Иранның түгеліне жуығы,Ирактың жартысынан кӛбісі, Әзірбайжан, Ливан,
Йемен және Бахрейн мұсылмандарының елеулі бӛлігі ұстанады. Қазақстанда шииттікті
әзірбайжан ұлт ӛкілдерінің ӛте аз бӛлігі ұстайды[5].
ІІ. Дүние жүзі халықтарының діни құрамы. Ең үлкен, бірақ басым түспейтін дін
Христиандық (жалпы халықтың33.0 %) болып табылады.
Жер халқының бесінші бӛлігі Исламды (Жер халқының 19.6 %) уағыздайды.
13.4 % Индуизм.
6.4 % Кытай этникалық діні.
5.9 % Буддистер.
3.6 % Этникалық діндер.
1.7 % Жаңа азия діндері.
Бір пайыздан азды мынадай діни топтар құрайды
Сикхисттер (Sikhs) — 23 млн. адам, шамамен 0.3 %.
Иудаисттер — 14 млн. адам, шамамен 0.2 %.
Бахаисттер — 7 млн. адам, шамамен 0.1 %.
Әр діннің әрбірі орташа еуропа елінің халқына сәйкеседі немесе асады. Мысалы
иудаистер орташа бір жарым есе Австрия, Греция немесе Португалия елдерінің халқынан
асады. Діни ӛмір жиегінде квази-діндер жатыр- 80 млн., шамамен Жер халқының 1.4 %.
Діннен тыс Жер халқының 12.7 % жатыр. Ешбір дінді уағыздамайтын адамдарды атеистер
деп атауға болмайды. Діннен тыс адамдар дін саласынан тыс болмауы да мүмкін. Бұл
топқа түрлі себептермен ӛздерін қандай да бір конфессия мүшелеріне жатқызбайтын және
ӛзінің діни тағылымы мен ӛзінің діни қатынастарын дәл анықтай алмайтын адамдар
кіреді. Осы топқа діннен тыс және тұтас дін саласынан тыс адамдар кіруі мүмкін. Олар
үшін дін жоқ, себебі діншілдік жоқ. Діннен тыс халыққа дінге қарсы тек — атеизм (жер
халқының 2.5 %) жатады. Барлық дінге қарсы шыға отырып олар діни сенімнің кӛптеген
белгілеріне ие. Атеизм жоқтыққа, дін барға сенеді.
Діннен тыстар мен атеистер бірлесіп Жер халқының 15.2 % құрайды.
Діндерді құрлықтар бойынша тарату: (дін уағыздаушылар санынан %)
Христиандар:Африка — 18 %, Азия — 15.6%, Еуропа — 28 %, Латын Америкасы — 24
%, Солтүстік Америка — 13 %, Мұхит аралдары — 1.3 %
Мусульмандар: Африка — 26.7 %, Азия — 70 %, Еуропа — 2.7 %, Латын Америкасы —
0.14 %, Солтүстік Америка — 0.37 %, Мұхит аралдары — 0.03 %
Индуисттер:Африка — 0.3 %, Азия — 99 %, Еуропа — 0.2 %, Латын Америкасы — 0.1
%, Солтүстік Америка — 0.2 %, Мұхит аралдары — 0.04 %.
Діннен тыстар мен атеисттер:Африка — 0.6 %, Азия — 79.5 %, Еуропа — 14%, Латын
Америкасы — 2.0 %, Солтүстік Америка — 3.3 %, Мұхит аралдары — 0.4 % [6].
2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында ӛткен халық санағының қорытындысы
бойынша Қазақстанда 70 пайыз мұсылман, 2,8 пайыз атеист, 26 пайыз христиан тұратыны
мәлім болды. Бұл туралы Қазақстанның статистика жӛніндегі агенттігінің тӛрағасы
Ә.Смаилов хабарлаған. (ИА Новости-Казахстан). Негізінде дін адамзатты ізгілікке
тәрбиелеп, елді ұйыту негізінде пайда болған. Ал діни ағымдар ше? Олардың мақсаты
«Жеріңді жаулап, еліңді күң қылып аламын» дегеннің кері. Дүние жүзілік діндер, олардың
тарихы туралы не білеміз? Қазақтың дәстүрлі діні дегенді қалай түсіну қажет? Ойымызды
осы мәселелер тӛңірегінде ӛрбітсек…
Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани
мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы,
мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар
бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың
мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде
әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.
Мысалы, 1969 жылы Америка Құрама Штаттары арақты харам еткен заң шығарады. Оны
iшетiндердің мал-мүлiктерiн тәркiлеп, алты ай абақты жазасы белгiлендi. Әйтсе де, заңды
орындауға, оны қысқа мерзiмде iске асыруға мүмкіншілік болмады. Бiрiншiден,
қоғамдағы адамдарды түгелдей абақтыға жауып, дүниелерін түгелдей тәркілеу қажет еді.
Ал олай жасалмаған жағдайда заңның күшін жою керек болды. Әрине заңның күші
жойылды. Осындай жағдай 1400 жыл бұрын Араб түбегінде орын алған. Онда арақтан
тыйылу Алланың бір-ақ сӛзімен іске асты. Ол – Алланың: «Сендер тоқталасыңдар ма, жоқ
па?» – деген бұйрықты сұрағы еді. Арақтан тыйылу әлеуметтік қажеттілік деп шешті де,
жауап қатты: «Біз тоқталдық, ей иеміз…» – деп ыдыстағы арақтар түгелдей жерге тӛгілді.
Сол кезде тӛгілген арақтан кӛшелер шылқып кетті. Міне, мұсылмандар арасында арақ ішу
осыдан бастап тоқталды. Демек, арақты харам етіп заң шығарудан ештеңе шықпай, Алла
тағаланың ӛзі берген тыйымды, шапағатты жол адамның жүрегімен астаса жұмыс
істегенде ғана нәтижесін кӛрсетті. Бұл мысалдан діннің мемлекеттік саясатқа әсерін де
кӛре аламыз. Негізінен мемлекетте қай дін «ресми» дін ретінде мойындалса, мемлекеттік
саясат соның ыңғайына құрылады. Зиянды ағымдардың ӛз үстемдігін орнатуға барынша
ұмтылу себебі сонда жатыр. Діннің құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек:
Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-
ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек», – деп насихат жасап, оны діннің күшімен
орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап
кӛрсеткен. [7]
Қорытынды
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының ӛн бойына кӛз жүгіртер болсақ, онда
діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын
кӛреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сӛз айтылса да ол қазірдің ӛзінде әлемдік
ӛмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар
ӛміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол
діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық кӛзқарас қалыптастыру мүмкін
емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның
әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек.
Ӛйткені тіпті «религия», сӛзінің этимологиялық бастапқы мәнінің ӛзі де «біріктіру»,
«байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың
бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің
мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады
Тақырып №25 Мемлекеттік қаржы несие жүйесі және оның саясаты
Мемлекеттің қаржы және ақша-несие жүйесі.Әлеуметтік саясат
Мақсаты: экономикадағы қаржы жүйесіне және оның құрылымына тоқталып,
ондағы мемлекеттік бюджет пен оның тапшылығын, мемлекеттік қарыз мәселесін
талқылау, салықтардың экономикалық мәнін ашу, ақша жүйесінің құрылымын
және несие-банк қатынастарын қарастыру, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік
саясатын да тоқталу.
Талқылау сұрақтары:
14.1 Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы.
14.2 Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. Лаффер қисығы
14.3 Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары
14.4 Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі
14.5 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы
Негізгі ұғымдар: қаржы, қаржы жүйесі, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік
шығыстар, мемлекеттік кірістер, трансферттік тӛлемдер, бюджет тапшылығы,
мемлекеттік қарыз, салықтар, салық мӛлшерле-месі, Лаффер қисығы, ақша жүйесі,
ақша айналымы, ақша массасы, ақша агрегаттары, несие, банк, орталық банк,
коммерциялық банктер, мемлекеттік әлеуметтік саясаты, Лоренц қисығы, т.б.
14.1 Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы
Қ
аржы – бұл тұтынушылардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану
жолымен экономикада ӛндірілген жиынтық ӛнімнің құнын бӛлу үдерісінде
туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қ
аржының сипатты және айрықша белгілерін анықтау үшін оның атқаратын
қ
ызметтеріне кӛңіл бӛлу қажет.
Қ
аржының атқаратын қызметтері:
1. Бӛлу қызметі – қаржы құралдарын қалыптастыру негізінде жасалған жиынтық
ӛ
німді экономиканың барлық субъектілері (үй шаруашылығы, фирмалар,
мемлекет) арасында тиімді орналастыру.
2. Бақылау қызметі – бӛлу үдерісін жалпы алғанда сан жағынан бейнелеу, бұл
жерде қаржы бӛлу үдерісінің қаншалықты тиімді жүріп жатқандығы, ақша
қ
орларының қаншалықты тиімді жұмсалып жатқандығы жӛнінде ақпарат беріп
отырады.
Қ
аржы жүйесі экономикалық организмнің қан айналымы жүйесін сипаттайды,
экономиканың тұтастай қалыпты жұмыс істеуі осы саланың жағдайына тәуелді
болып табылады.
Қ
аржы жүйесі – ұдайы ӛндірістік үдеріске қатысушы әртүрлі экономикалық
субъектілермен жасалатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
ақша қорларының жиынтығын сипаттайтын күрделі қаржы қатынастары.
Қ
аржы жүйесі қандай да бір қаржылық қатынастарды сипаттайтын болғандықтан,
осы қатынастардың субъектілері мен деңгейлері бӛлініп шығады. Бұлар
біріншіден, орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастыратын мемлекеттік
деңгей, екіншіден, орталықтандырылмаған ақша қорларын жасайтын
шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейі мен үй шаруашылықтарының
деңгейі болып табылады. Осындай деңгейлерде қаржы ресурстарын
қ
алыптастырудың және пайдаланудың әдістері мен тәсілдері әртүрлі болып
табылады.
Қ
азақстан Республикасының қаржы жүйесі келесі ӛзара байланысқан
элементтерден құралады:
1) жалпы мемлекеттік қаржылар;
2) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары;
3) үй шаруашылықтарының (тұрғындардың) қаржылары.
Бұл жүйенің негізгі элементі ретінде жалпы мемлекеттік немесе
орталықтандырылған қаржылар саналады.
Мемлекеттік қаржы үшке бӛлінеді:
а) мемлекеттік бюджет;
ә
) мемлекеттік несие;
б) арнайы бюджеттен тыс қорлар.
Мемлекеттік бюджет – қаржы ресурстарының орталықтанды-рылған қорын
жасаумен байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.
Мемлекеттік несие – бюджет тапшылығын жабуға арналған қаржылар, ол ішкі
және сыртқы жинақталған қарыздың сомасын кӛрсетеді.
Арнайы бюджеттен тыс қорлар – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
мақсатты қаржыландырудың қосымша нысаны.
Қ
аржы жүйесінің негізгі буыны болып орталықтандырылмаған қаржылар
табылады. Ӛйткені, оларда мемлекеттің және субъектілер-дің қаржы
ресурстарының негізгі бӛлігі шоғырландырылған және қоғамдық игіліктер
жасалады. Ал қаржы жүйесінің шешуші буыны ретінде шаруашылық
субъектілерінің қаржылары табылады. Оларға қаржылардың мынадай түрлері
кіреді:
а) материалдық ӛндіріс саласында (нақты секторда) жұмыс істейтін субъектілердің
қ
аржылары;
ә
) қаржылық ұйымдардың қаржылары;
б) қызмет кӛрсету саласы мекемелерінің қаржылары.
Сондай-ақ, орталықтандырылмаған қаржыларға үй шаруашы-лықтарының
қ
аржылар жатады.
Қ
оғамда жасалған жиынтық ӛнімді бастапқы бӛлу үдерісінде үй
шаруашылықтарының, фирмалардың және мемлекеттің қарамағына келіп түсетін
қ
аржы ресурстары олардың мақсатты жұмсалуы бойынша қолданылады. Мұндай
қ
аржылық ресурстар банктік жүйе және қор нарығы сияқты қаржы нарықтары
арқылы әріқарай қайта бӛлу үдерісіне келіп түсуі мүмкін, бұл кезде осындай
қ
аржылардың қозғалысы нарықтық келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінен мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі бӛлініп
шығады.
Мемлекеттік бюджет – кірістері мен шығыстары кӛрсетілген мемлекеттің
қ
аржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып бюджеттік
бағдарламалардың заңдық негізде бекітілуі табылады.
Мемлекеттік бюджет жүйесі – экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға
негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынты-ғы. Қазақстан Республикасы
Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі – бұл барлық бюджеттердің, ҚР Ұлттық
қ
орының, бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.
Қ
азақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрамына бюджет-тердің келесідей
деңгейлері кіреді:
- республикалық бюджет;
- жергілікті бюджеттер: облыстық бюджет, облысқа бағынатын қалалар бюджеті,
республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана бюджеті, аудандар бюджеті.
Экономикада мемлекеттік бюджет жүйесі тӛмендегідей негізгі қызметтерді
атқарады:
1) қаржы ресурстарын мемлекет пен қоғам қажеттіліктеріне жұмылдыру;
2) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу;
3) қаржы ресурстарын қайта бӛлу (аймақтық, салааралық, ведомствоаралық,
ә
леуметтік);
4) кәсіпкерлік қызметті қолдау және ынталандыру;
5) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
6) әлеуметтік қорғау;
7) мемлекеттік қаржының кірістері мен шығыстарына бақылау жасау.
Мемлекеттік бюджет жүйесі бірнеше принциптерге негізделеді:
1) бірлік принципі – ҚР-сы территориясында бірыңғай бюджет заңдылығын,
дербес бюджет сыныптамасын қолдану;
2) толықтылық принципі – бюджеттер мен Ұлттық қорға келіп түсетін барлық
түсімдер мен шығыстардың заңдық тәртіпте кӛрініс табуы;
3) шынайылық принципі – бюджет параметрлерінің экономика-ның ағымдық
жағдайының кӛрсеткіштеріне, Қазақстан Республика-сының және аймақтардың
ә
леуметтік-экономикалық дамуының параметрлері мен бағыттарына сәйкес келуі;
4) ашықтылық принципі – бюджет заңдылығы аясындағы нормативтік-құқықтық
актілерді міндетті түрде жариялау;
5) дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында алдын-ала қабылданған
шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының қадағалауы;
6) нәтижелілік принципі – бюджеттік бағдарламаларда кӛрсетіл-ген белгілі бір
нәтижелерге жетудің қажеттілігіне байланысты бюд-жеттерді әзірлеу және
орындау;
7) тиімділік принципі – бюджет құралдарын аз кӛлемде қолдана отырып ең жақсы
нәтижеге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджетті нақты іске асыру;
8) жауапкершілік принципі – бюджет заңдылығын бұзғаны үшін бюджет үдерісіне
қ
атысушыларды жауапкершілікке тарту;
9) бюджеттердің дербестілігі принципі - әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы
түсімдердің тұрақты түрде бӛлінуін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының құры-лымы тӛмендегідей
бюджет сыныптамасымен анықталады:
1. Бюджет табыстары:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- трансферттердің келіп түсуі.
2. Бюджет шығындары.
3. Операциялық сальдо.
4. Таза бюджеттік несиелеу:
- бюджеттік несиелер;
- бюджеттік несиелерді жабу.
5. Қаржылық активтер операциясы бойынша сальдо:
- қаржылық активтерді иелену;
- мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер.
6. Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы).
7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты қолдану):
- қарыздардың келіп түсуі;
- қарыздарды жабу;
- бюджет құралдары қалдықтарының қозғалысы.
Мемлекеттік бюджет шығындарын бӛлек алып қарайтын болсақ, оларға мыналар
кіреді:
- мемлекеттік қызмет кӛрсетулер;
- қорғаныс;
- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, сот қызметі, құқықтық және қылмыстық-атқару іс-
ә
рекеті;
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік кӛмек және әлеуметтік қамсыздандыру;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
- мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік;
- ауыл, су, орман және балық шаруашылықтары, ерекше қорғалатын табиғи
территориялар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер
қ
атынастары;
- отын-энергетикалық кешен және жерді пайдалану;
- ӛнеркәсіп, сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі, кӛлік және байланыс;
- қарыздарды ӛтеу;
- арнайы трансферттер;
- басқалары.
Бюджеттен тыс қорлар – республикалық бюджеттен тыс құрылатын және елдің
ә
леуметтік-экономикалық дамуы үшін басымдықты маңызы бар мемлекеттік,
аймақтық және салалық деңгейдегі негізгі міндеттерді шешуге арналған қаржы
ресурстарының мақсатты қорлары.
Қ
азақстанда арнайы бюджеттен тыс қорларға Мемлекеттік жинақтаушы
зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Инновациялық қор,
Ұ
лттық қор кіреді.
Мемлекеттік бюджеттің күйі үш жағдайда болады. Біріншіден, егер мемлекеттік
бюджет шығындары оның табыстарынан асып кетсе, онда бюджет тапшылығы
орын алады. Екіншіден, егер мемлекеттік бюджет түсімдері оның шығыстарынан
кӛп болса, онда бюджет артықшылығы орын алады. Үшіншіден, егер мемлекеттік
бюджет табыстары мен шығындары бір-біріне тең болса, онда бюджет тепе-теңдік
жағдайда болады.
14.2 Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. Лаффер қисығы
Салықтардың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну үшін оның
атқаратын негізгі қызметтеріне назар аудару қажет:
1. Фискалдық қызметі – мемлекеттік бюджеттің табыстарын қамтамасыз ету, бұл
мемлекеттің ерекше бақылауы мен ықпалында болады.
2. Реттеушілік қызметі – макроэкономикалық үдерістерді, жиынтық сұраныс пен
жиынтық ұсынысты, экономикалық ӛсудің қарқыны мен жұмысбастылықты
реттеу.
3. Бӛлу қызметі – ұлттық табысты, жеке және заңды тұлғалар-дың табыстарын,
капиталды және инвестициялық ресурстарды бӛлу және қайта бӛлу.
4. Әлеуметтік қызметі –
5. Ынталандыру қызметі –
6. Бақылау қызметі –
Қ
азақстан Республикасының жаңа Салық Кодексінде салықтардың, алымдардың
және тӛлемдердің келесідей түрлері бекітілген:
1) Салықтар:
- корпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- қосылған құн салығы;
- акциздер;
- экспортқа деген ренталық салық;
- жер пайдаланушыларына салық;
- әлеуметтік салық;
- кӛлік құралдарының салығы;
- жер салығы;
- мүлік салығы;
- ойын бизнесіне салық;
- тіркелген салық;
- бірыңғай жер салығы.
2) Бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдер:
- мемлекеттік баждар;
- тіркеу алымдары;
- Қазақстан Республикасының территориясы бойынша автокӛлік құралдарымен
жүргені үшін алымдар;
- аукциондардан алымдар;
- қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқығы үшін лицензиялық
алымдар;
- телевизиялық және радиолық таратқыш ұйымдардың радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат беру үшін алымдар;
- жер телімдерін пайдаланғаны үшін тӛлемдер;
- су ресурстарын пайдаланғаны үшін тӛлемдер;
- қоршаған ортаны пайдаланғаны үшін тӛлемдер;
- жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін тӛлемдер;
- орман ресурстарын пайдаланғаны үшін тӛлемдер;
- ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдаланғаны үшін тӛлемдер;
- қалааралық және халықаралық телефондық байланысты және ұялы байланысты
қ
олданғаны үшін тӛлемдер;
- кемелік су жолдарын пайдаланғаны үшін тӛлемдер;
- сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін тӛлемдер.
Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің тӛмендеуіне, басқа
да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі
Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді:
табыс салығы ӛсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның ӛндірісінің
тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының
тӛмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мӛлшері
арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай кӛріністі «Лаффер қисығы»
деп атайды.
Лаффер қисығы – бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдердің салық мӛлшер-
лемесінің деңгейіне тәуелділігін сипаттайтын қисық сызық. Салықтың нӛлдік
деңгейі кезінде мемлекет қазынасына ешқандай салықтық түсімдер түспейді.
Салық мӛлшерелемесінің 50%-ға (кейбір әдебиет кӛздерінде 35%-ға дейін) дейін
ӛ
суі кезінде бюджетке түсетін салықтық түсімдер максимум деңгейіне жетеді, ал
салық мӛлшерлемесінің одан әрі артуы енді бюджеттік түсімдерді тӛмендетеді. Бұл
кәсіпкерлік қызметке деген ынтаны тӛмендетеді (себебі салықтың жоғары
мӛлшерлемесі кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар ӛздерінің тапқан табыстарының
едәуір бӛлігін мемлекет қазынасына аударуға мәжбүр болады). Ӛз кезегінде,
кәсіпкерлер банкроттыққа ұшырайды, соның салдарынан олар салықтан
жалтарып және ӛз табыстарының бір бӛлігін жасырып «кӛлеңкелі» бизнеске кетуі
мүмкін. 100%-дық салық мӛлшерлемесі кезінде экономикалық қызмет толығымен
тоқтайды. Лаффер қисығы 14.1-суретте кӛрсетілген.
Сонымен, Лаффер әсері – бұл кәсіпкерлік табысқа салынатын салықтар-дың тым
жоғары болуына байланысты инвестициялық белсенділіктің жоғалуы мен еңбекке
ынтаның тӛмендеуі салдарынан ресми экономиканың кӛлеңкелі экономикаға ӛтуі.
Достарыңызбен бөлісу: |