Әлеуметтік топтар, қатынастар
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік
топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени ӛмірдегі кӛп
салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.
Сонымен, қоғамды адамдардың ӛмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың ӛмір сүруін
қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай
ерекшеліктерімен сипатталады:
1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;
2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;
3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі
келе ме жоқ па, оған қарамастан ӛмір сүреді.
Қоғамның материалдық ӛндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы
қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның ӛмір сүруі мен дамуына материалдық
жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) -
адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы ӛзара байланыста-рының нәтижесі.
Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар ...
Қоғам және Саясат
Қоғам және Саясат - саяси ғылым мен басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің ӛзара
диалектикалық байланысын білдіретін үғымдар. Қоғам - қатынастардың және адамдар
арасындағы ӛзара байланыстардың тұтас жүйесі. Оның қүрамдас бӛліктері болып күрделі
ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе қоғамдық ӛмірдің мына салалары болып
табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Саясат жалпы қоғам шеңберінде
қоғам ӛмірінің әртүрлі салаларында адамдар¬дың ӛзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге
асырады.
[2]
Түрлері
Бос уақыт қоғамы
Бос уақыт қоғамы -
еңбек
ӛзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы.
Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз кӛлемі бұрын еңбек ие болған мәнге
жеткен бос уақытқа
мүдделілікке
әкеледі делінген.
Молшылық қоғамы
Молшылық қоғамы - 50 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және
қамтамасыздандырылмағандық негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ
босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан кӛп ӛндірілді, бірақ жолдарды жӛндеу
және қоршаған ортаны ластауды бақылауға кӛңіл бӛлінбеді) қатар жүрген және
капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген
кездегі американдық қоғамға берілген баға.
Тәуекел қоғамы
Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға
әрқашан адамзат білімінің ӛсуі мен қоршаған орта әсерін кӛрсететін «сенімсіздіктен
жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық
апат себептеры бойынша).
Тақырып № 14 Қоғамның даму заңдылықтары мен қызметі
Қоғам - экономикалық және рухани біртҧтастықпен, ӛмір сҧру жағдайын ҧйымдастырудың тҧтастығымен
сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жҥйе - елдің саяси ӛміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық қҧрылымдардың
біртҧтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жҥйесі - мемлекетік және қоғамдық ҧйымдардың, еңбек ҧжымдарының бірігіп, елдің
саяси ӛміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға ҥлес қосуы.
Саяси жҥйенің ең кҥрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жҥйенің қоғамды басқарудағы ең
орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жҥйенің билігін, мҥдде-мақсатын іске асыратын ең
негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жҥйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы
қоғамның игілікті қҧндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бҧл процесті басқару, бақылап
отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың ӛзара байланысын реттеп отыру, тҧрақты, жақсы
дамуын қамтамасыз ету.
Жоғарыда кӛрсетілген саяси жҥйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр тҥрлі саяси жҥйелер
қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жҥйелері. Қоғамның жақсы-жаман дамуын осы жҥйелер
шешеді, соған сәйкес саяси жҥйе әр тҥрлері қалыптасып жатады.
1) Формациялық саяси жҥйелері - қҧл иелену, феодалдық, буржуазиялық, социалистік
формацияларының саяси жҥйелері.
2) Авторитарлық саяси жҥйелер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т.б. саяси
жҥйелер.
3) Демократиялық саяси жҥйелер - либерал-демократиялық, социал-демократиялық т.б.
4) Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т.б. саяси жҥйелер.
Бҧл курстық жҧмыстың тақырыбы «Мемлекет – қоғамның саяси жҥйесінің негізгі элементі ретінде» деп
аталады. Бҧл тақырыптың мазмҧнын толығымен ашып кӛрсету мақсатында тӛмендегідей сҧрақтар
қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- Қоғамның саяси жҥйесінің тҥсінігі және оның мазмҧны
- Саяси жҥйе тҥрлері және даму заңдылықтары
- Қоғамның саяси жҥйесіндегі мемлекеттің орны мен рӛлі
- Қазақстан Республикасындағы саяси кҥштердің кемелдену ҥрдісі
- Қазақстандағы саяси жҥйені реформалау
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, ӛмірге келген кҥннен бастап міндетті тҥрде оның бағдарламасы, саясаты,
биліктің тҥрі анықталады. Бҧл жҧмыстармен шҧғылданатын қоғамның саяси жҥйесі. Ең алдымен қоғамның
мҥддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмҧнын толықтырып,
олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық
зайырлы, қҧқықтық, әлеуметтік мемлекет қҧру бағыттары кӛрсетілген. Бҧл бағыт мемлекетіміздің ең кҥрделі,
ең жауапты мҥдде-мақсаты.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз ӛз дамуының тҥбегейлі жаңа сатысының алдында тҧр.
Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика қҧрған соң алдымызға ӛмір
сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз.
Бҥгінгі кҥн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің
ӛркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жҥйе ғана
Қазақстанды модернизациялау жӛніндегі ҧлығаусар міндеттерді еңсере алады. Курстық жҧмыстың мазмҧнын
толық ашу ҥшін, әр сҧрақты жеке – жеке қарастырып ӛтелік.
1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҤЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҤСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҦРЫЛЫМЫ
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҤЙЕСІНІҢ ТҤСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҦНЫ
Қоғамның саяси жҥйесі - бҧл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес
әлеуметтік институттардың жҥйесі. Мҧндай институттардың қатарына қоғамдық ӛмірдің билікке байланысты
саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ҧйымдар мен қозғалыстар жатады.
Саяси жҥйе сыртқы және ішкі саясаттың жҥзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мҥдделерін
қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жҥйенің пайда болған және
ӛызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:
1) Еңбек нәтижелері саналы тҥрде мемлекеттік ҧйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бӛлінетін
әлеуметтік орта. Мҧндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық тҥрлері орын алады, ӛзіндік меншікке
рҧқсат берілуі мҥмкін, ал жеке меншік мҥлдем болмайды. Мҧндай саяси жҥйелерде мемлекеттік билік
қоғамның экономикалық ӛміріне тоталитарлы тҥрде араласады; мемлекет идеологиясынан ӛзгеше ойлау басп-
жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси
партия болады.
2) Әлеуметтік ортаның екінші тҥрі қоғамның экономикалық ӛмірінің нарықтық – ақшалық негізіне, еркін
кәсіпкерліктің тәжерибесі мен идеологиясына негізделеді. Мҧндай саяси жҥйелерде мемлекет нарықтық
экономика ҥшін жағдайларды ҧйымдастырушы ретінде кӛрініс табады, азаматтардың қҧқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мҧндай жҥйеде партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы
жаулар алуға тырысады, қҧқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі қҧралына айналады.
3) Әлеуметтік ортаны ҧйымдастырудың ҥшінші тҥрі- аралас тҥр, ол конвергенция деген атқа ие болды.
Конвергенциялық саяси жҥйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға ӛту кезінде пайда болады.
Конвергенциялық саяси жҥйелерге әртҥрлі мақсаттағы және мазмҧндағы кӛптеген саяси институттардың
араласуы тән болып келеді.
Саяси жҥйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, ӛміреге келеді. Саяси жҥйенің негізгі міндеті
экономикалық, рухани. Мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмҧнын анықтап, сол билікті орнату,
дамыту, нығайту. Қоғам ӛзгерсе, саяси жҥйе де ӛзгереді. Адам қоғамы ӛзінің диалектикалық даму процесінде
бес формацияны басынан ӛткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес тҥрі бар. Себебі әр тҥрлі тарихи дәуерді әр
қилы оқиғалардың болуы жа заңды. Ӛйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық
ӛмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды,
кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық ӛзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық
абсолюттік идея тҥрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары:
ӛндіргіш кҥштер, ӛндірістік қатынастар, ӛндіріс ӛнімдері
Тақырып № 15 Шығыс және грек ойшылдарының қоғамдық пікірлері
Е
желгі Грек елінде жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-
мемлекеттер болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмірдің ерте мемлекеттік
және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтік жіктелу процесін одан әрі күшейтіп,
ру ақсүйектері мен қайыршыланған қауым мүшелерінің, байлар мен кедейлердің, еріктілер
мен құлдардың арасындағы күресті шиеленістіре түсті. Осындай жағдайда ежелгі грек
полистерінде басқару формасының өздері жақтаған түрін орнату жолында әртүрлі
әлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес
жүрді.
Ол кездегі басқару формасының негізгі түрлері мынадай еді: аристократия (ескі
немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттілер тобы) және
демократия (халық билігі).Осындай күрес нәтижесінде б.з.б. VI-V ғасырларда
әртүрлі полистерде басқарудың өзіндік формалары пайда болып, одан әрі дамыды.
Афиныда демократия, Фивыда олигархия, Спарта мемлекетінде аристократия пайда
болды. Осы процесс Ежелгі Грекияның саяси ілімдерінде көрініс тапты.
Ежелгі грек полистерінде саяси көзқарастың пайда болуы мен дамуында үш кезең
айқын байқалады. Ерте кезең (б.з.б. IX-VI ғ.ғ.) ежелгі грек мемлекеттілігінің пайда
болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационалдандыру
(Гомер, Гесиод, атақты «жеті данышпан») байқалады және мемлекет пен құқық
проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады.
Екінші кезең (б.з.б. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы
мен саяси-құқықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Платон,
Арситотель және т.б.). Үшінші кезең (б.з.б. IV ғасырдың екінші жартысы мен ІІ
ғасырлары) эллинизм кезеңі, ежелгі грек мемлекеттігінің құлдырауы, грек
полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер,
Полибий және т.б.).
Адамдардың еріктілерге және құлдарға бөліну жағдайында қалыптасқан антикалық
саяси ой еркіндігі идеологиясы ретінде бекіді және дамыды. Бостандық – басты
құндылық, ежелгі гректік саяси-теориялық ілімінің негізгі мәселесі және мақсаты
болды. Бірақ бұл жалпыға бірдей бостандық емес, шектелген бостандық еді. Құлдар
бостандық мәселесінде есепке алынбады, олар туралы сөз де болмады.
Грекиядағы құлдық демократия азаматтардың қоғамдағы алатын орнын олардың
шығу тегіне қарап емес, мүліктік жағдайларымен байланыстырды. Бұл жағдай ақыл-
ой еңбегімен айналысатын адамдардың бөлініп шығуына әкелді. Құл еңбегі
олардың ғылыммен, біліммен, ағартушылықпен және өнермен кәсіби тұрғыда
шұғылдануына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде таза зиялылар мен ойшылдар
қауымы пайда болып, саяси-құқықтық және әлеуметтік философиялық жаңа
көзқарастардың қоғамдық пікірі мен санасы қалыптасты.
Тақырып №16 Қазақ ойшылдары пікірлері
Қазақ – ойшыл, философ халық. Қазақ халқы ойшыл, не айтса да мәселенің байыбына
жетіп барып айтатын, сӛздің түйініне мән берген халық. Бейпіл ауыздарды, аузына не
келсе соны сӛйлей беретіндерді әсте жаратпаған. Халқымыздың тағы бір ерекшелігі
естігенін қағып алып, бұлжытпай қайталай білген. Бұл сірә қазаққа ұлы дала, ұлан байтақ,
алып сахара сіңірген игі қасиет болса керек. Ен далада сӛйлесетін ешкім таппаған қазақ
кейде бір тӛбенің басына шығып алып, жападан-жалғыз отырып, ертелі-кеш әрілі-берілі
бара жатқандарды байқап, ойға шомып, ӛзімен ӛзі сырласып, ал әңгімелесетін кісі тап
болса қуанып, айтқан сӛзіне құлақ құрышын қандырып отырған. Мұның ӛзі тіпті бүкіл
кӛшпелі халықтардың, оның ішінде қазақтардың да жадында сақтау қабілетін арттырғанға
ұқсайды. Оның тағы бір себебі – адам миының кіршіксіз таза болып, кӛптеген қажетсіз
стрестердің әсерінен, түрлі керексіз ақпараттардың әсерінен аулақ болғандығы. Әлбетте
жадында сақтауы, суырып салып бір – екі ауыз ӛлең айтуы қазақтардың ми құрылымының
ерекше қалыптасуынан болмас керек. Ол күнделікті дағдыға, дархан дала сіңірген
қасиетке байланысты. Ел арасында күні бүгінге дейін 500 – 600 адамның аты-жӛнін, бала-
шағаларына дейін атап-атап беретіндер жиі кездеседі. Ал кейбіреулер одан да кӛп білген.
Мәселен, «Түп-тұқияннан ӛзіме шейін» деген кітапта Қазыбек бек ӛзі Бәдібектің 42-
ұрпағы екенін, ал ӛзіне дейінгі 87 атаның аттарын атайды. Осыларды есте сақтаудың
кӛшпелілердегі ең тиімді себепкері – шежіре. Ол жылнама емес. Қазақ шежіресінде үлкен
мән бар. Қазақтар бір-бірімен танысқанда, сұрау қойып, тыңдап отырған адам, егер
шежіре білсе «пәленнің пәлен деген баласынан болдың ғой» – деп әркімнің алыс-
жақындығын ажыратқан. Сондықтан, әрбір адам ӛз руын, оның толып жатқан буындарын,
оның бӛлінуін жақсы білуге тиіс болған. Қазақ халқы Қазан тӛңкерісіне дейін ғасырлар
бойы ру-ру, ауыл-ауыл болып кӛшіп-қонып отырған. Кӛшкенде кез-келген жерге емес,
белгілі ӛзінің мекені, ата жерін жайлаған. Бұл да рулық тәртіптің санада сақталуына
себепкер болған.
Қазақтың шежірешілдігін, тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге болады. Бұл, әрине
ерекше, артық жаратылғандықтан немесе артта қалған жабайылықтан емес. Қазақ
халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігін, ең алдымен, оның ұзақ
ғасырлар аясында кӛшпелі ӛмір салтта болуымен сабақтастырған жӛн. Ал, салт атты
кӛшпелілер ӛркениетінің Еуразия ойкүмегінде үш мың жылдық тарихы бар. Біздің
заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан біздің заманымыздың XVIIІ ғасырына дейінгі
еуразиялық далада бір ғана ӛндіріс тәсілі болды. Ол – кӛшпелі мал бағушылық еді.
Мұндай ӛмір салтпен қазақ халқы ХХ ғасырдың табалдырығын аттады. Яғни, адамзат
тарихындағы ең ұзақ базистік ӛмір салты, ең ұзақ формацияны Еуразия кӛшпелілері
бастан кешті.
Рас, осындай ұзақ дамудың, жетілудің сатыларымен ӛткен қазақ халқының қаладағы да,
даладағы да қазіргі шым-шытырық құбылыстар, айқай-шу, жағымсыз дыбыстар, түрлі
кездесулер, ақпарат тасқыны миға қосымша жүк, салмақ салатындығы белгілі. Содан
барып мидың шығармашылық қабілеті шектеліп, ал жаттап алу, білгенін бұлжытпай
сақтап қалу жағы азая бермек.
Қазақ ӛзін атамекеннен, атамекенді ӛз болмысынан ажыратпаған. Сүйіспеншіліктің осы
қос түрі мекендес кеңістікте қабаттасқанда, қазақ ӛз құдыретімен тілдескендей мамыржай
алаңсыз жүрген. Ол туған жер мен туған ел біртектес ұғымды, мәнді білдірді. Бәлкім
осыдан келіп «елі кеткен жер жетім, жерінен айырылған ел жетім» деген сӛз нақыштанып,
күш алған шығар. Қазақ елі үшін қай кезеңде де елі мен жерінің тұтастығын қызғыштай
қору мәселесі күн тәртібінен түсіп кӛрген жоқ. Бұдан ауыр да күрделі мәселе болған да
емес. Ал басына күн түсіп, табиғат апатынан немесе сырт жаулардан ығысқан кезде
қазақтың кӛкірегін кернеген ой жалқы болды. Оны А.Байтұрсынов былайша деп жеткізді:
Қазағым, жерің қайда атамекен,
Қазақ, қазақ болғалы мекен еткен.
немесе
Қысқарып жер кеткен соң ӛрісіміз,
Қалды ғой жатақ болып қайран елдер.
Қазақтың дүние мен адам туралы толғамдары атакәсіпке – мал шаруашылығына қарай
қарқындады. Мал шаруашылығы мекен-жайға бейімделді, шаруашылықтың ыңғайына
қарай қоныс аударылды. Кӛшпелі қауым жағрапиялық аяны тек бір-ақ бағытта, мал ӛсіру
бағытында ғана кеңітті. Оның тіршіліктен түйгені – мал шаруашылығын табиғат
заңдылығына бейімдеу, сондай-ақ еңбек бӛлінуіне сай этникалық ынтымақтастық құрудан
кейін қалмау. Малды ӛсіріп-ӛндіру үлкен оқиға, табыс пен жетістік кӛзі. Шаруашылықтың
осы түрін жетілдіру арқылы халық ӛз тағдырын ӛзі билеуге ұмтылды, белді күштермен
ықпалдасты.
Осы құдыретпен қазақ ӛз әрекетін ӛлшеген. Осы тәртіппен даланың қазақ деген иесі және
оның сӛздерінің жүйесі қалыптасқан. Әлеуметтік қажеттіліктен философияның жаңа
түрлері туды, олар ұлағатты ұғымдарда жаңғырды. Жаңарған идеялар мен қағидалар
дүйім жұртты түйінді мәселелерді шешуге жұмылдырды. Ұлағаттылық дегенде
шындықпен үйлесуді, адамгершілікпен бірлесуді, ұлылықпен тұлғалануды айтамыз.
Ұлағаттылық – болысу мен келісудегі тапқырлық жеке бас танытатын құндылық. Оған
халқымыз пір тұтқан Қазыбек бидің киелі сӛзі де дәлел: «Біз қазақ деген мал баққан елміз,
бірақ ешкімге соқтыпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің
шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сӛз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген
елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз».
Қазақ халқының тарихи тағдыры ӛте ауыр, трагедиялы беттерге толы. Олай болуы қазақ
елінің орналасу ортасына байланысты. Тағдыр қазақ халқына ұлан-байтақ, саналуан
байлықтарға толы жер сыйлағанмен, ол жерді Қытай, Ресей, Жоңғария, Монғолия сияқты
отаршыл империялармен кӛрші етті. Жүздеген жылдар бойы қазақ этносы осы отаршыл
елдермен күресу үстінде болды. Асқан ерлік күрес, қазақ халқының үлкен шығындары
жағдайында қазақ этносы сақталды.
Қазақ халқы бұралаң жолдардан ӛтті. Ӛз жерін, мекенін сыртқы жаулармен қиян-кескі
күрестерде ерлікпен сақтап қалды. Халық ӛз басына қауіп-қатер тӛңген сын сағаттарда ар-
абыройын сақтай білді, даналық пен ұстамдылық танытты. Жау жағадан, бӛрі етектен
алған сәттерде халық даналары ұлт бірлігін ұштай білді. Ортақ жауға қол ұстасып бірге
аттанып, ӛз тағдырын, ӛз тарихын жасай білді.
Қазақ рухының тӛл қасиеттері де осында. Ӛйткені қазақ «қол қосылса күш ӛсер»
қағидасын қадір тұтқан, ӛзінің кім екендігін шыдамдылықпен, қайсарлықпен басқаға
танытуға ынталанған. Сӛйтіп, қазақ ӛз болмысын бейнелейтін символдарды, ұғымдарды
жаңғырту арқылы ӛз тұлғасын сомдай түсті.
Қазақтың ӛзінің «қасиетті қара шаңырағында отырған ежелгі» жұрт екені даусыз. «Елдің
еркіндігін сақтау» үшін талпынған тайпалық одақ, «қасқа қатал, досқа адал» ұлыс, «ел
үшін ерлікпен күрескен» қазақ деген қауымның негізгі тұлғасы мен ұйытқысы болып
келген болатын. Қазақтың жақсы қасиеттері кӛп: «жақынын жаттай сыйлайды», «қанына
тартпай тұрмайды», туыстық, ынтымақ, бірлік дегенге ұмтылады. Мұны қоштамасқа
дәтіңіз жоқ. Сонымен қатар қай тұста артық та кетіп жатады.
Нарық ӛңіріне «қаз тұрып», тәй-тәй басып, жаңа ӛмір үшін құмырсқадай қыбырлап,
әрекеттеніп жатқан кезде аташежіре мен атакәсіптен ұғынарымыз да, үйренеріміз де мол.
Қазақтың пейілі қандай кең болса, мекені де сондай кең. Қазақстанның жерінде 9 Италия
немесе 98 Бельгия мемлекеті сыйып кетеді. Қазақ халқының ӛкілдері ешқашан
материалдық жағдай үшін ата-мекенін, жерін тастап кетпеген. Қазақ ӛмірінде басқа бір
мемлекетте тұрмыс деңгейі жоғары екен деп эмиграцияға кету мүлдем болмаған кӛрініс.
Бұл жағдай ата-бабасының жеріне деген қазақ қанының ылғи қайнап тұратынын кӛрсетсе
керек.
Бірақ шынын айтсақ, қазақ халқының әлсіреген, босаңсыған уақыттары да болған. Оған
мысал: кезінде қасиетті ата-мекеніне қару-жарақ сынайтын полигондар, химиялық
зауыттар мен комбинаттарды салуға рұқсат берген. Бұл алданғанымыз еді. Шынын айтсақ,
осының бәрі ұлттық қырағылығымыздың да, сезіміміздің де біраз бәсеңсігенін кӛрсетті.
Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері. Қазақ халқы қисынды, дәлелді сӛйлеуді тәуір
кӛреді. Ол әр уақытта сӛздің парқына мән берген. «Сӛзге сӛзбен жауап бермесең, сӛздің
атасы ӛледі» – деген қазақ не болса да таусылып, түбіне жетпей тоқтамайтыны белгілі.
Біздің мақал-мателдеріміз тұнып тұрған философия. Сондықтан да шешендеріміз сӛзін
дәлелді, уәжді ету үшін әманда мақал-мәтелдерге жүгініп отырған. Асылы шешен,
дәлелді, қисынды сӛйлеу қазақ халқы арасында ерте заманнан дәстүрге айналған. Тіпті
біздің заманымызға дейінгі VII – VI ғасырлар шамасында кӛшпелі скифтер арасынан
шыққан данышпан Анахарсис бабамыз ертедегі Афиныға барып, дәлелді, қисынды
сӛйлеп, түрлі ұлағатты іс-әрекеттер жасау арқылы күлі әйгілі гректерді таңқалтырып,
әулие атанған. Анахарсистің ӛмірлік кӛзқарасы, дүниетанымы күдікке құрылған. Осы
жерде ғалым-философтың мына бір түйінді пікірін мысалға келтіре кеткен жӛн: «Сенімге
негізделген дүниетаным әмәнда шектеулі – ол – кӛпшілік, тобыр үшін керек. Ал
Анахарсис сенімге құл болмаған». Ол тәңірге табынған. Оның болжамынша, «тәңірге
сыйыну – сенім емес, дін емес, ол – адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті
мойындағандық. Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді». Тәңіріні, керек десеңіз,
табиғаттың синонимі деп те қарауға болады.
Ұлы ғұлама Анахарсис скифияның кең даласына сыймай білім іздеп, ғылым қуып
Грекиядан бірақ шығады. Оның алғашқы ат басын тіреген үйінің иесі әйгілі ғұлама Солон
болса керек. Солон жолаушыдан жӛн сұрауға есіктегі құлын жұмсайды. Қонақ:
«Қожайыныңа айт, Скифтің сайын даласынан ӛзіңмен дос болуға Анахарсис келіп тұр», –
деп хабарлауын ӛтінеді. Сонда Солон скифтік дананы сынамақ болып: «Әдетте досты
адам ӛз Отанынан іздемей ме?» деген сауал қойыпты. Анахарсис оған кідірместен:
«Ендеше Солонға ӛз Отанында неге дос іздемеске» – деп тапқырлық танытыпты. Бұған
сүйсінген Солон кӛп ұзамай онымен дос болып кеткен екен.
Сол Солон біздің ұлы бабамызды Грекияның ғұламаларымен таныстырады. Ол
әділдігімен, білімділігімен, шыншылдығымен, даналығымен, туралығымен,
ізденімпаздығымен елге танылады. Арада талай жылдар, ғасырлар ӛткенде де Эллада
жұрты кеменің зәкірін ойлап тапқан бабамызды әйгілі «жеті ғұламаның» қатарында атап
жүрді. Кейде бұл санаттан шығып қалған күннің ӛзінде оның есімі Диоген, Биант, Солон,
Хилон, Периандр, Фалес, Аристодем, Пифагор сияқты әйгілі грек ғалымдарымен қатар
аталады. Басқасын былай қойғанда, гректердің біздің бабамызға ескерткіш орнатып,
тұғырына «Басқа пәле тілден» дегендей қанатты сӛз жазуы тегінен-тегін болмаса керек.
Анахарсис бар ғұмырын Грекияда ӛткізбеген. Бұл елден іздегенін тауып, аларын алып,
білім, ғылым бұлағынан мейірі қанған ғұлама еліне, кіндік қаны тамған жеріне қайтып
оралады. Ӛнерлі ӛркениетті елден алған ӛнегесін ата жұртқа жаймақ болады. Елдің заң
жүйесін реформалауға ниеттенеді. Бұған ӛзінің Скиф бауырлары кӛнбейді. Ақырында
данышпан бабаны қандас туыстары атып ӛлтіреді. Байғұс бабамыз кӛз жұмар сәтінде:
«Элладада мені ақылым сақтаса, туған жерімде қызғаныш деген қызыл иттің құрбаны
болдым-ау», – деп ӛкінген екен. Ғұламаның грек тілін білгені даусыз. Бірақ түркі тілін
білмеді деген әбестік. Ӛйткені ол түрік тілінде сӛйлейтін Скифияда туды, мәйіті де сонда
қалды. Бұл кезде және түркі Әліпбиі, жазуы болмады деп тағы айта алмаймыз. Ӛткені
түркінің жазу мәдениетінің болғандығын Орхон-Енисей ескерткіштері әлдеқашан
дәлелдеп берген ғой. Ендеше бұл жазуды, бұл тілді Анахарсис білмеді деуге аузыңыз
бармайды. Олай болса ӛз дәуірлерінің теңдесі жоқ алыптар болған Анахарсистың,
Майқыбидің, Иоллығтегіннің, Жүсіп Баласағұнның, Ахмет Яссауидың, Абайдың
мұралары, философиялық дүниетанымы осы арнада – түрік тілі арнасында келіп тағы бір
тоғысады екен.
Арада XXV ғасыр ӛтсе де Анахарсистың әңгімелері мен ғибратнамалары қазақтың бүгінгі
әдет-ғұрыптарына айнымай ұқсайды. Кезінде Анахарсисты Платон мен Аристотель де ӛте
жоғары бағалаған. Керек десеңіз, формальдық логиканың негізін салған Аристотель де ӛз
ілімінің кейбір принциптерін сол Анахарсистен қалған үлгіден үйренген деген де пікір
бар.
Әлемдік ой-пікір тарихында еміс-еміс кӛрніс берген Анахарсиспен қатар Абарис сияқты
дана, абыз бабамыздан да ұлттық ақыл-ойымыздың бастау алатындығын айтпасқа
болмайды.
Қазақ халқында мұндай ойшылдық дәстүр ежелден келе жатыр. Асылы әрбір халықтың
ӛзіндік ой тұжырымдары, мақал-мәтелдері, дүниетанымы болады. Демек, дүниеде ӛзіндік
саяси ой пікірі жоқ ешбір халық болмақ емес. Әрине түрлі жағдайға байланысты біреуінде
ол жоғары дамыған, белгілі дәрежеде жүйеленген, ал енді біреуінде саяси ойлар бір
жүйеге келтірілмеген, жинақталмаған, шашыраңқы күйде кездеседі. Сондай халықтар
қатарына қазақ халқында жатқызуға болады. Бұдан келіп, қазақ жерінен жүйелі саяси ой-
пікір айтқан данышпандар мүлде шықпаған деп айта алмаймыз. Ел басына күн туған
тарихтың небір қысылтаяң кезінде халық ӛз ортасынан қол бастаған батыр, от ауызды,
орақ тілді шешен, ел бастаған кӛсем, билер мен саясаткерлер шығарып отырған. Сол
қасиетті бабалар сапында ғұлама ғалым Әл-Фарабидің ӛзіндік лайықты орны бар. Ол Х
ғасырда аты бүкіл әлемге жайылып, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанады. Әбу
Нәсір Әл-Фараби Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Отырарда дүниеге келген. Бірақ ӛсіп, ірі
ғылым дәрежесіне жеткен жері – араб елдері. Ол ұрпақтарына 160 –тай философиялық
трактат жазып қалдырған.
Фарабиден екі ғасыр бұрын дүниеге келген Қорқыт ата да үлкен данышпан ойшыл
философ болған. Оның туып-ӛскен және дүние салған жері – қазіргі Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы.
Қоқыт ата туралы сӛз еткенде мына бір қызық жайды айтпай кетпеске болмайды. Аңыз
кейіпкері әйгілі Қоқыт баба мен Екінші Түрік қағанатының негізін қалаушы Тоныкӛктің
бір адам екендігін жазушы Қойшығара Салғараұлы салыстырмалы тарихи деректер
арқылы дәлелдеп шыққан. Жазушының атауында ол Тоңюкӛк деп айтылады. Мұндай
жаңалықты жазушы түгіл, кәсіпқой тарихшыларымыз да ашпағаны ӛтірік емес. Тосын
жаңалық, қазақ тарихын байыта, кемелдендіре түскен ӛзіміздің атақты Түрік қағанатының
шынай мұрагері екенімізді дәлелеп беретін жаңалық қой бұл.
Қоқыт атаның шығармалары бүкіл Шығыс елдеріне кеңінен тараған. Оның «Кітаві деде
Қорқыт» атты еңбегі Ватикан мұражайында сақталып, 1952 жылы Римде жарық кӛрген,
1958 жылы түрік тілінде Анкарада басылып шақты. Оның ӛлеңмен жазылған
шығармалары данышпандық, филосифиялық ойлар мен толғауларға толы. Ел арасында
Қорқыт ата айтыпты деген мақал-мәтелдер кӛп. Мәселен, «Ескі мамық бӛз болмас, кәрі
дұшпан дос болмас» немесе «Шӛлді жердің отын киік білер, сулы жердің қадірін құлан
білер» деген сияқты.
Қазақтың дана, әрі ойшылдарының бірі – Асан қайғы. Ол XV ғасырда Батыс
Қазақстанның жерінде ӛмір сүрген. Асан қайғы кӛптеген нақыл сӛздердің, саяси ой-
толғаулардың иесі. Мәселен, «таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады, таза мінсіз асыл сӛз
ой түбінде жатады» деген философ жыраудың сӛздері кӛп нәрсені аңғартады. Ол Алтын
Орданың ыдырап, Дешті қыпшақтың орынына бірнеше ұсақ хандықтардың пайда болуын
уайымдайды. Асан қайғы елдің бастан кешіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды,
ренжиді. Ол малға жайлы, шӛбі, суы мол, жұт болмайтын, ел қауіп-қатерден аман, ру
арасы тату, байлыққа кенелер қоғамды аңсап, оны «Жерұйық» деп атаған. «Жерұйық»
қазақ жағдайына байланысты ойдан шығарылған утопиялық қоғам. Оның адамгершілікті
арқау еткен қанатты сӛздер де дәл осы кезде туған. Оларды далалықтар күні осы уақытқа
дейін қоданады.
ХІ ғасырда қазіргі Жамбыл облысы жерінде ӛмір сүрген ірі тұлғалардың бірі – Жүсіп
Баласағұн. Ол әрі ақын, әрі ғылымға жаны жақын философ болған. Оның «Құтадғу білік»
деген дастаны (1069) сасяат, мемлекет басқару, әдіскерлік іс жӛніндегі философиялық
трактат десе де болады. Негізгі пікірлері әділеттілік, бақыт, қанағат, ақыл – сана туралы
диалогтардан тұрады. Басқа рубайларында адамдарды – адамгершілікке, тазалыққа,
адалдыққа шақырған. Ол артына: «Біліп сӛйле, білмегенді үйрет», «Білім – жарығын
шашып тұрған нұр», «Кірді сумен жуады, су кірлесе оны немен жуады», – дегендей
ұлағатты, ӛсиетті сӛздер қалдырған.
Ортағасырдағы ірі ойшылдардың бірі Қожа Ахмет Яссауи. Ол ХІІ ғасырда қазіргі
Шымкент облысы Сайрам жерінде дүниеге келіп, саналы ӛмірін Түркістан шахарында
ӛткізген. Оның басты кітабы – «Диуани хиқмет» («Даналық жайындағы кітап»). Кітапта
ӛзінің 63 жасқа дейінгі ӛмірін баяндайды. Жас кезінде жетімдікті, ӛмірден кӛрген азабын,
шеккен қасыретін айтады. Сондай-ақ бұқара халыққа үстемдік құрған хандардың,
бектердің, қазылардың харамдық істерін әшекерлеп, сынайды, фәнидің жалғандығын
айтады. Дін адамдарының құдайдың атын жамылып, бас пайдасын ойлап, кемтарларды
ұмытып, елді алдап, байлыққа құныққанын кӛріп, түңіліп, ӛзін олардан аулақ ұстап, алла
тағалаға адал берілгендігін дәлелдеп, дүние қызығынан безіп, софылыққа (аскетизмге) ден
қояды.
«Диуани хиқмет» кітабынан қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына,
этнографиясына, экономикасына қатысты кӛптеген құнды деректер табылады. Кітап
халқымыздың дүниетанымын біршама кеңейтерлік рӛл атқарады. Яссауи кедей, кемтарлар
жақ болды. Оның есімі бүкіл араб елдеріне кең тарады. Әмір Темір Яссауидің жерленген
жеріне арада екі ғасыр ӛткенде дүнижүзілік маңызы бар Түркістан кесенесін орнатты.
Түркістан жалпы мұсылман әлемінде «екінші Мекке» деген ұғымға айналған. Мұндағы
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілген. Барлық түрік
нәсілдес халықтар Түркістанды байырғы ата-жұртымыздың астанасы деп санайды.
Түкістан – қазақ халқының тұтастығының, бірлігінің нышаны. Қазақ ұлттының басын
біріктіріп, сыртқы жаудан, ішкі ыдыраудан аман сақтап қалған Есім хан, Қасым хан, Тәуке
хан, Абылай хан, Тӛле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. есімдері Түркістан қаласымен
тығыз байланысты.
Қазақ арасында бүкіл түрік елдеріне ортақ Қожа Нәсірдің халқымыздың философиялық
ой-пікірін оятып, оптимистік сенімін арттырудағы, халықтарды тазалыққа, әлідікке
тәрбиелеуге алатын орнын айтпауға болмайды.
Қазақ халқының философиялық ой-пікірінің бір ерекшелігі – оның данышпандықты
жоғары бағалағандығы, ойшылдығы, инабаттығы мен қайрымдылығы, кең пейілдігі мен
кешірімділігі. Мәселен, Абайдың қарасӛздерін алайықшы. Олар үлкен философиялық мәні
бар еңбектер. Сӛйлемдері қысқа, сӛздері нақты. Сондықтанда қалың кӛпшілік оларды
жақсы түсінеді.
Абай – әлемдік тұлға. Ол ӛзініңі сезімдерімен ғана оқырманаға әсер етіп қоймай, ұшан-
теңіз білімімен бүкіл адамзаттың санасына данышпандықтың дәнін сепкен ойшыл да
кемеңгер ақын. Ол – нағыз ғұлама, әрі тәңірдің ӛзінен туған әулие десе де болғандай.
Оның поэзиясының енбойынан адамдарға деген сүйспеншілік пен аяушылық сезімі есіп
тұрады. Сонымен қатар, ол, адамның кӛкірек кӛзін тұмшалайтын қараңғылық пен
надандылыққа қарсы бітіспес күреске шақырады. Ал, гуманистік идеялары Еуропаның
классикалық философиясымен ғажайып бір үндестік тауып жататынына еріксіз қайран
қаламыз.
Осынау қазақ ақынын толғандырған проблемалар қазірдің ӛзінде кез-келген халық
ӛкілінің кӛңіл пернесін дӛп басып жатыр десек, артық айтқандық емес. Абай – әлемдік
поэзияның асқарларымен иық теңестіріп тұрған заңғар тұлға.
Қазақтың ойшылдығына қазіргі кӛзқарас. Қазір ғылыми- техникалық прогресс кезеңінде
ӛмір сүріп отырмыз. Оның бір ерекшелігі қысқа сӛйлеуді, аз сӛзбен нақты ұғым беруді
қажет етеді. Бүгінде халық бірте-бірте газет, журнал, кітап оқудан қалып барады. Ӛйткені
халық хабарға мұқтаж емес. Бәрінің орнын теледидар басып отыр. Ол әрі қысқа айтады,
әрі кӛрсетеді.
Қазақта «ӛнер алды – қызыл тіл» деген мәтел бар. Бұл сӛзге кӛп мән бергендікті кӛрсетеді.
Бүгін бұл мәтел ӛмір талабына сай «сӛз – ӛмір, сӛйлеу – ӛнер» деп жаңартуға болар еді.
Ойшыл халық алды-артын байқап, шамалап, орынды ӛсиет жасап отырады. Біздің
нарыққа кӛшкен кезеңімізде бұл әбден қажет. Біз егеменді ел болдық деп алғашқы
жылдарда түрлі себептер тауып, той тойлап, шаттандық, шабылдық. Енді әулилелерге ас
беру басталды. Ол да дұрыс, имандылық іс. «Ӛлі риза болмай, тірі байымайды» деген
қағида да бар. Бірақ алла – тағала да халықтың риздығын шаша бер демейтін шығар.
Біздің Қазақстан жылына 28 миллион тонна мұнай шығарады екен. Болашақта оны біз 85
миллион тоннаға жеткізеді екенбіз. Енді осыншама мүмкіндігіміз бола тұра неліктен
Ресейге мұнай үшін 150 миллиард сом қарызбыз? Оның себептері де бар шығар. Себепсіз
еш нәрсе жоқ. Бірақ ол себептерге не себеп болды? Бұл дүниетанымдыққа жатпай ма?
«Ӛзіңді бұлдай алмайсың»,- деп Құнанбай Абайды мінеген екен. Әрине, бұл басқа
жағдайда, басқа мағынада айтылған. Бірақ біз ӛз құнды заттарымызды бұлдай білдік пе?
Шетімізден «қазақ үшін ӛлемін де, тірілемін де» деп жүреміз, ал іс жүзінде жағдай
басқадай да болып шығып жатады. Мерзімді баспасӛз беттерінде қазақтық сезімімізге,
ісімізге, мінезімізге, кӛзқарасымызға қарай «шала қазақ», «мәңгүрт қазақ», «мәмбет
қазақ», «сырты қазақ – іші орыс», «қазақ тілін білмейтін қазақ», «орыс тілін білмейтін
қазақ», «екі тілде де арластырып, сапырып жүрген әлдігүрт қазақ» деген ұлтымыздың
«түрлері» пайда болды.
Сондықтан жастарды ұлттық салт-сана рухында қанаттандырып, шынайы патриот етіп
тәрбиелеу – отбасынан басталуға тиіс десек, бүгінгі ұрпақ – біздің ӛзіміздің де дәл
осындай ӛнеге бигінен табыла білуіміз қажет. Ал, шынайы патриот болу деген не? Ол
әншейін: «Мен – қазақпын» деп кӛкірек керу емес қой. ӛзінің ӛзгемен терезесі тең болуы
үшін, ақылы – парасаты мен адамгершілігінің, ӛнері мен тұрмысының ӛзгеден кем
болмауы үшін қайратты әрекет жасайтын адам ғана, мейлі, ол қай салада еңбек етсін, ӛз
елінің адал презенті бола алмақ.
Рас, біз ойшыл, философ халықпыз. Әлемде философиялық ойы жоқ халық бар ма?
Айырмашылығы – біреуінде ол жоғары дамыған, енді біреуінде тӛмен дәрежеде дамыған.
Ал дүниеге кӛзқарас-философиялық проблема. Ол жан –жақты дамығандықты, жоғары
мәдениеттілікті қажет етеді. Одан соң біздің ұлттық сана сезіміміз қалыптасып жетпеген.
Оянуы оянды, бірақ шарықтап дами алмай келеді. Ұлттық намыс қандай? Бұларды саяси
ой – пікір емес деп кім айта алады. Осыларды біруақ ойлап, санаға салайықшы, біз қандай
екенбіз. Күні кеше бізге керегі «Оян қазақ» ұраны болса, енді бүгін – «Ойлан, қазақ»
деудің реті келді демекпіз. Ӛйткені ұлттың қамын ойлау – ұлтшылдық емес. Біз мыңдаған
жылдық тарихы бар, дүниеге ұлы адамдары кӛп берген шығысытың әйгілі халқымыз.
Дүниежүзінде жеріміз кеңдігі жағынан тоғызыншы елміз, 2500 тілдің ішінде тіліміз 70-
орында тұр. «Малым жанымның, жаным арымның садағасы» деп мәрт мінез танытушы,
асқан адамгершілікті халықтың ұрпағы екенімізді ұмытпағанымыз жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: |