Қорытынды
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері он бес жыл. Тарих ауқымын алғанда бұл
уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, әлбетте, мемлекеттік дамудың
сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. Он екі жыл — бұрынғы
бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын уақиғаларды бойына жинақтаған уақыт
болды.
Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың
толық қүқылы мүшесі, оның ажырамас бӛлігі. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105-
імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және Үкіметаралық 800-
ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды. Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылым
мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері
қаланды, қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыратын қабілетті біртұтас
мемлекеттік билік қалыптасты.
Қоғамның рухани ӛміріне, оның әлеуметтік кӛңіл-күйіне, ұлттық сананың ӛсуіне
байланысты салаларда да біршама күрделі жұмыстар атқарылды.
Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет
құруда. Бұл принциптер біздің конституциямызда баянды етілген.
Қазақстан Республикасы азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік,
мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни кӛз-
қарасына сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға
тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріліп,
азаматтарды кемсітушіліктің кез-келген түріне тыйым салған.
Азаматтарды патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелеу мемлекеттің, барлық қоғамдық
ұйымдардың, кезек күттірмеймін негізгі міндеті. Азаматтық келісім негізінде әрдайым
мемлекет пен халықтың, мемлекет пен жеке сектордың бірлігі дамып келеді. Нақ осының
арқасында кӛптеген елдер дағдарыс пен жақсылықты еңсере білді.
Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысы, шындап қарқындай бастаған реформа қай-
қайсымызды да түбегейлі тарихи ӛзгерістердің тек куәгерлеріне ғана емес, тікелей
қозғаушы күшіне де айналдырып отыр. Осыған дәлел ретінде 1997 жылғы 10 қазанда
Елбасы Н.Назарбаев еліміздің халқына сол жылғы жолдауында «Қазақстан-2030″,
«Барлық Қазақстандықтардың ӛсіп ӛркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»
атты даму стратегиясын Республика активінің жиналысында жария етті. Бұл
бағдарламаны орындауға сол тұстағы қиындық жағдайда мүмкін бе деп кӛпшілік қауым
күмәндана қарады. «Дегенмен, деп ой түйген еді Елбасы, мен мынаған кәміл сенімдімін:
егер біз саяси тұрақтылығымызды, ұлттар мен ұлыстарымыздың үйлесімін сақтай алсақ,
егер біз халқымыздың, еліміздің болашаққа деген сенімімізде сары уайымға
салынушылардың сарынына жол бермесек, онда экономикалық ӛрлеу мақсаттарына
тезірек қол жеткізетін боламыз. Егер стратегиямызды айқын орындай отырып, тыным
таппай жұмыс істейтін болсақ, онда шын мәніндегі тұңғыш Орталық Азия барысына
айналамыз». Егер Елбасы Н.Назарбаев негіздеген стратегиядағы ұзақ мерзімді
басымдықтардың жүзеге асырылу барысына зер салатын болсақ, атқарылатын ұлан-асыр
істерді кӛре аламыз.
Бұл күнде ұлт тағдыры барша халықты ойландыра бастаған кезең. Осыған қарағанда саны
аз ұлттардың ӛз ертеңіне қобалжи қарап, болашағымыз не болады, алда бізді не күтіп түр,
деген ойлардың құшағына берілуі әбден занды да.
Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңі, болашағы, қазақ ұлтының ӛркениетті әлемге
тұрақты ӛз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан жылға күшейіп, ӛткен кезеңде жақсы
кӛрініс тапты.
Мемлекетіміздің ӛркендеуі, дамуы, гүлденуі болашақ білімді жастарды қажет етеді, жаңа
замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар олар мемлекетіміздің кӛш бастаушысы,
ілгерілетушісі болып қалыптасуы керек. Міне, сонда ғана Тәуелсіз Қазақстан асқақ
арманы мен мүратына жетері анық. Ӛркениетті елдерде тәжірибе алмасу, шетелдерде
білім алу, оны жетілдіру мемлекетіміздің дамуының тетігі. Мемлекет нысанының
толыққанды ӛмір сүруіне ат салысуымыз керек.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыруымыз қажет. Мемлекетіміздің рәміздерін, заңдарын
сақтап, құрметтеуге міндеттіміз.
Кӛп үлтты тәуелсіз мемлекеттілікті нығайту — бүгінгі сала бағытымыз, ашық та айқын
мақсатымыз, саясатымыз, мүның ӛзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сӛз
емес. Кӛп үлтты Қазақстан Қазақтың тарихи, ежелгі топырағында шаңырақ кӛтеріп
отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан, ол қазақтардың ұлттық, түбегейлі мүдделерін
қорғауға, қастерлеуге міндетті. Осы қажеттіліктің ӛзі оны XX ғасырдың соңында дүниеге
қайта оралып, ӛмірге әкеліп отырғаны белгілі.
Қазіргі заманда еліміз нарықты экономикаға кӛшіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстан
Республикасы ӛмірге келгенде жалпы теорияның ғылыми мазмүны, функциясы күрт
ӛзгерді. Жаңа ӛмірге сай ғылым ӛзінің жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа
қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сәйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға
тиіс.
Кеңестер Одағы ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің достастығы (ТМД) құрылып, Қазақстан
Тәуелсіз Республикаға қолы жетіп, ӛзінің Конституциясьш қабылдады.
Ӛткен тәуелсіздіктің он екі жылдығы Республика тарихында ерекше кезеңге айналады.
Біз мемлекетіміздің тәуелсіздігінің он екі жылын және экономикалық дербестігіміздің
тоғыз жылын атап ӛтсек, дағдарыстан шығу барысында осы уақыт ішінде экономикалық,
саяси және қоғамдық ӛмірдің барлық салаларында белгіленген түбегейлі реформалар
жолымен ұдайы ілгерілей түскеніміз байқалады.
Кӛптеген басқа елдерге қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін азаматтық тыныштық,
ұлтаралық тұрақтылық және рухани келісім уақыты болды.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының кіріспе бӛлімі ақиқат пен толық
үйлесім таба үндесіп түр. «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы
қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, ӛзіміздін егеменлік құқығымызды негізге ала
отырып, Қазақстан демократиялық мемлекетін қүрамыз» (1 кіріспе бӛлім).
Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық, татулық пен саяси тұрақтылық;
бүкіл халықтың игілігін кӛздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм;
мемлекет ӛмірінің аса маңызды мӛселелерін демократиялық әдістерімен, оның ішінде
республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
«Қазақстан Республикасы ӛзінің егемендігін, тәуелсіздігін қалыптастырып дүниежүзілік
қауымдастықты дамытуға, нығайтуға ӛз үлесін қосуда. Қазақстан мемлекеті халықаралық
құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтей отырып, мемлекеттер арасында
ынтымақтастық пен тату кӛршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-
бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын
жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады»,- деп Конституцияда
кӛрсетілген.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан
Республиасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының
жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Республика Конституциясының
қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, қоғамдық, саяси
институттар қызметіне негіз боларлықтай принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың
конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.
Республика Конституциясы Конституциялықтың демократиялық дәстүрлеріне сүйене
отырып, Қазақстанның кӛп ұлтты халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар кӛзі деп
таныды. Мемлекеттік биліктің бірлігін атап кӛрсете отырып, Конституция билікті заң
шығару, атқару және сот тармақтарына бӛлу принципін мемлекеттің, ұйымдық және
қызмет ету тетігін негіз етіп алды. Қазақстан республикасының құрылым нысаны
бойынша — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес
тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы Парламент заң шығарушы орган ретінде танылды.
Сӛйтіп, Қазақстан Республикасында Парламенттің берік құқықтық негізі жасалды.
Конституцияның маңызды ортақшылдығының бірі — оның жалпыға мәлім
демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге бейімділігі болып табылады.
Конституциясының кіріспесінде жария етілген қазақстан халқының бостандық, тендік
мұраттарына адалдығы оның нормаларында нақты кӛрініс тапты.
Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың,
мемлекеттік және қоғамдық құрылымның тың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге
стратегиялық құқықтың идеялары да айқындалды. Бұл, атап айтқанда, Конституциядағы
Қазақстан Республикасының ӛзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет деп орнықтыратыны жӛніндегі қағидада кӛрініс тапқан. Қысқа кезеңде мүндай
мемлекет болу мүмкін емес. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи
тәжірибесі кӛрсеткендей алға қойған мақсатқа жету үшін, белгілі бір уақыт, табанды
талап, белсенді шығармашылық іс — әрекет керек. Қазақстан Республикасының
Конституциясының идеяларын, принциптерін, нормаларын саяси және рухани ӛсуіне
соны серпіліс, қуат беретінін кӛрсетеді. Барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды
адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың Конституция нормаларын,
принциптері мен идеяларын мүлтіксіз сақтауы, пайдалану мен қолдануы құқық тәртібін,
заңдылықты орнықтыру, адамның құқығы мен бостандығын іске асыру, материалдық әл
— ауқатты жақсарту, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді бекітудің сӛзсіз шарты
болып табылады.
Тақырып № 29 Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер
Әлемдік
тәртіптер мен қатынастар үнемі
өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын
алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ
заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады.
Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық ӛзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-
түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық
ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық
заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б.
әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз ӛз ықпалдарын тигізіп отырды.
Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір
мемлекетке және олардың азаматтарына ӛздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді.
Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда.
Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік
дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет
әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық
мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай
зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси
акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін
ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады. Әлемдік саясат жаһандық
мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей
қатысты.
Әлемдік саясат кӛпқабатты және кӛпжақты құбылыс. Себебі оның қызметі жаһандық ӛзгерістердің
және жаңа құбылыстардың тууына байланысты. Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем
халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде. Сондықтан ӛндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға
әрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі. Алайда кӛпшілік мемлекетер ӛздерінің, капитал
мүдделеріне әлі де болса басымдылық беруде. Ӛндіріс дамуда, зиянды қалдықтар ӛсе түсуде. Ал,
әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел ӛзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тиым салу
қажеттілігін талап етуде.
Әлемдік саясат мақсаты мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді ұжымдық шешуге
ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау. Басым державалардың және
трансұлттық компаниялардың ғаламдық мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеттерін ортақ
арнаға бұру. Әлемдік саясаттың түпкілікті, кӛкейтесті міндеті-адамзаттың ӛмір сүруіне жағдай жасау
арқылы, оның тіршілігін қамтамасыз ету. Қазіргі кезеңде әлемдік басым державалардың саяси
элиталары әлемдік саясат міндеттерін шешпейінше ешбір мемлекетте келешек болмайтындығын
түсінуде.
Демек саясат мәнін ұғыну үшін халықаралық саясат бағыттарын, оның қалыптасуы мен дамуының
заңдылықтарын білу маңызды. Сондықтан саясаттану пәні студенттердің әлемдік саясат туралы
кең кӛлемде түсінігін қалыптастыру зәрулік деп біледі. Себебі, халықтар мен мемлекеттердің
тарихи тағдырлары бір-біріне байланысты және тәуелді. Олардың ӛзара қатынастары
мемлекетаралық деңгейде, халықаралық ұйымдар арқылы, трансұлттық корпорациялар,
халықаралық үкіметтік емес ұйымдар т.б. әлемдік саяси процесс субъектілері арқылы ӛтеді.
Әлемдік саясат акторлары қызметтері адамзаттың сақталуы мен ӛмір сүруін қамтамасыз етуді
кӛздейді.
Әсіресе ядролық және жаппай қыру қаруларының басқа түрлерін қолдануға, сынауға тиым салу,
оларды таратпау, сатпау мәселесін әлем мемлекеттері бірлесіп шешу қажеттілігін түсініп, ортақ
шаралар жасай бастады. Әлемдік саясат соғыс қаупіне қарсы халықтардың және мемлекеттердің
бірлесіп күресуі қажеттілігін сезінуден басталады десек қателеспейміз. ХХ ғасырдың екінші
жартысынан бастап әлемдік жақындасу, бірлесу, ортақтасу, мүдделердің тәуелділігі сияқты
үдерістердің күшеюі тереңдей берді. Ортақ экономикалық, сауда, транспорт пен коммуникация
ғылым мен ақпарат байланыстары халықтар мен мемлекеттерді ӛзара тәуелді ете түсті. Ӛзара
келісіп, ортақ мәселелерді бірлесіп шешу міндеттері зәрулікке айналды. Әлемдік жаһандану үдерісі
тек объетивті ғана емес, түрлі субъективті факторлар ықпалымен жылдамдай берді. Әлемдік
деңгейдегі ортақ мәселелер жүйесінің қалыптасуы ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында нақты
нәтижелерін беріп жаһандық жаңа тәртіптер қалыптасты. Адамзат ӛркениетті бір сапалық
деңгейден, екінші мүлдем жаңа сапалық деңгейге ауысты. Жаһандану үдерісі ХХІ ғасырдың
бастапқы кезеңінде бұрынғыдан да әлеуетті бола түсті. Жер шары халқының саны 2010 жылғы 6,8
миллиард болса 2025 жылы 11 млрд. адамға ӛсуі болжануда. Ӛкініштісі халық ӛсуі тіршілік ортаның
ластануымен қатарласа жүруде. Адамзаттың осылайша ӛсуі міндетті түрде экологиялық
катастрофаға әкеледі деп есептейді сарапшылар.
Адамзаттың дамуы демографиялық дағдарыс, экологиялық қыспақ, азық-түлік тапшылығы сияқты
дәстүрлі қауіптер мен қайшылықтарға қосарласқан жаңа қауіптерге душар болуда. Олар ядролық
қарулардың және басқа да жаппай қыру қаруларының бақылаусыз таралуы, халықаралық
терроризм, түрлі індет ауруларының жаңа түрлерінің қауіптері, адамдарды құлдыққа сату, жасырын
миграция, аштық (әлем халқының 1 млрд. адамы қазір ашығуда), экстремизм, наркотрафик т.б.
қауіптер мен қайшылықтар. Әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына зардаптарын
тигізетін осы қауіп-қатерлерден келетін шығындарды азайтуға бағытталған тиімді де күшті
саясатты басқа мемлекеттермен үйлестіре отырып жүргізуге әлемнің әрбір мемлекеті мүдделі.
Қазақстан ӛзінің географиялық орыналасуы жағынан әлемдік мүдделердің тоқайласқан аумағында
тұр. Әлемге наша, наркотик ӛнімдерінің қомақты бӛлігін шығарушы Ауғанстанның наркотрафигінің
«солтүстік» бағытындағы Қазақстан жері арқылы ауған наркотиктері Ресей мен Батыс Европа
елдеріне жол тартуда. Қазақстан әлемдік ВИЧ-СПИД індетінен тыс қала алмады. Егер 1987 жылы
елде алғашқы ВИЧ - инфекциясы тіркелсе, 1996 жылы оның саны 46-ға жетті. 2009 жылдан бастап
2000-
нан астам қазақстандықтар ВИЧ - инфекциясын жұқтыруда. Кӛршілес Ӛзбекстанда 2009
жылы 4016 адам, Қырғызстанда 687 адам ВИЧ-инфекциясын жұқтырған. Орта Азия
мемлекеттерінде ВИЧ кӛбінесе инъекция жасалу кезінде таралатыны мәлім болып отыр /1/.
Соңғы 2009-2010 жылдарда бес жасқа дейінгі балалардың полимелит ауруының асқынуы
байқалуда. Орта Азия халықтары үшін полимелит эпидемиясының ошағы Тәжікстан Республикасы
болып отыр. Құс тұмауы, Шошқа тұмауы сияқты жаңа індеттер түрлері де шекараларды жоққа
шығаруда.
Әлемдік тәртіптер мен мемлекетаралық қатынастардың ӛзара тәуелділік пен ортақтасу принципіне
бейімделе түскендігі нақты байқалады. Әлем халықтары мен мемлекеттері жаһандық қауіптер мен
мәселелерді бірлескен күшпен ӛзара келісім саясатымен ғана шешуге болатындығын ұғнып отыр.
Әлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешуге қатынасуы жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ
сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары жаһандық қауіптерге қарсы
халықаралық азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Шекарасыз дәрігерлер,
феминистік, гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде.
Мемлекеттер мен халықтар жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында әлемдік
қауымдастық құрып отыр. «Әлемдік қауымдастығы» ұғымын алғаш рет ресми түрде 1969 жылы БҰҰ
Бас Ассамблеясында сӛйлеген сӛзінде АҚШ Президенті Ричард Никсон қолдаған. Ол,- «Бүкіл
тарихи ғұмырымызды біз бірінші рет әлемдік қауымдастық болып отырмыз»,- деп кӛрсетті /2/.
Әлемдік қауымдастықтың мақсаты-әлемдік тәртіптерге әсер ете отыра әлемдік бейбітшілік пен
адамзатты сақтау болып табылады. Негізгі мақсатты орындау үшін барлық мемлекеттер әлемдік
қауымдастықты нығайта беруге мүдделі болуға тиісті. Бұл ретте әлемдік және аймақтық басым
державалардың бейбітшілік пен татулық үлгілерінің маңызы үлкен. АҚШ, Қытай, Ресей, Индия,
Бразилия, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Пәкістан сияқты қуатты мемлекеттердің агрессияға
бармауы, әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен қауымдастығының жаһандық мәселелері мен
қауіптерді тиімді шешу саясатын жүргізуге жағдай туғызатыны анық. Әлемдік тәртіптерде, әлемдік
геосаяси құрылымда бейбітшілік әлемінің басым болуына жағдай жасайтын мемлекеттерді нағыз
бейбітшілікті сүйетін мемлекеттер ретінде бағалауға болады.
Қазіргі әлемдік саясатқа қатынасатын негізгі акторлар: егеменді мемлекеттер, мемлекетаралық
ұйымдар, халықаралық үкіметтік, немесе үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Сонымен қатар
қазіргі халықаралық қатынастардың белсенді акторлары, яғни қатысушылары түрлі мемлекеттер
блоктары (НАТО, ОДКБ, СЕАТО, СЕНТО, АНЗЮС), интеграциялық топтар (ЕО, ТМД)
мемлекетаралық бірлестіктер (ШЫҰ, БРИК) т.б. халықаралық ұйымдар ӛздерінің мақсаттары мен
тәуелсіздіктерін сақтай отырып әлемдік саясатқа қатысады және жаһандық мәселердің шешілуіне
ат салысады.
Мемлекеттің шеңберінен тыс мәселелерді сол елдің сыртқы саясаты шешеді, айналысады. Қазіргі
ӛзара байланыстағы дүниеде ұлттық мемлекеттер әлемдік қатынастарда ӛздерінің мүдделерін
қорғау мақсатында басқа мемлекеттермен тығыз қарым-қатынастар жасау саясатын жзүргізеді. Ол
саясат арқылы экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, ақпарат т.б. салалардағы байланыстар
жүреді. Сонымен бірге, әлемдік қатынастарды реттеп отыратын бір жеке орталық жоқ. Барлық
мемлекеттерді байланыстыратын әлемдік саясатты жасаушыда орталық жоқ. Әлемдік саясат
мемлекеттердің ӛзара қарым-қатынастарынан стихиялы түрде қалыптасқан құбылыс. Әлемдік
саясат принциптерін негізінен тең құқықтағы мемлекеттер ӛзара қарым-қатынастары барысында
жасайды. Бірақта, мемлекеттердің қатынастары әр-түрлі. Елдің ішкі жағдайындағы сияқты әлемдік
саясатқа мүдделер мен күштердің қайшылықтары ерекше ықпал жасайды. Әлемдік тәртіптер
мемлекеттердің ғана емес жеке адамдардың ӛмірі мен тағдырына ӛзінің әсерін тигізіп отырады.
Жеке адам әлемдік қауіптердің құрбаны болуы ықтимал. Сонымен қатар ол әлемдік ақпараттық
жүйелердің ӛнімдерін міндетті түрде пайдаланып отырады. Демек әлемдік саясат пен әлемдік
тәртіптер жеке тұлғаның ӛмірінде белгілі дәрежедегі ықпалға ие.
Қазіргі әлемдік саясаттың түрлі деңгейлері макро, мего, микро деңгейлері ӛзара байланысып біріне
– бірі күшті ықпал жасап отырды.
Ұлттық мемлекеттер шеңберінен тысқары жүргізілетін, әлемдік мәселелерді реттеуге,
немесе оларға ықпал етуді мақсат тұтатын саясат келесідей категориялардан тұрады.
1. Сыртқы саясат – мемлекеттің, немесе жеке халықтың сыртқы саладағы қызметі. Бұл
саясат мемлекеттің басқа мемлекеттермен байланыс жасау, немесе жасамау деңгейін сипаттайды.
Сыртқы саясат мемлекеттің ӛмір сүруіне қолайлы сыртқы жағдайларды жасауды кӛздейді. Әлемдік
қауымдастықтан ұлттық мемлекеттің орнын табуына ықпал етеді.
2. Халықаралық саясат – мемлекеттердің халықаралық аренада бірлескен қызметі болып
табылады. Саясаттың бұл саласы мемлекеттерді оларға ортақ мәселелерді бірлесіп, келісімдер
арқылы шешу жолдарын кӛрсетеді. Халықаралық саясаттың елдер мен халықтар арсындағы ӛзара
тәуелділіктің, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті талап ететін мәселелердің кӛбеюіне
байланысты маңызды арта түседі.
3. Мемлекетаралық саясат – жекелеген мемлекеттердің арасындағы қатынастар жүйесін
белгілейді. Бұл саясат мемлекеттердің органдарының, қызметтерінің және ӛкілдерінің (президент,
парламент, үкімет, сыртқы істер министрілігі, кеден т.б.) екі мемлекетке ортақ мәселелерін ӛзара
келісіп шешулерінің жолдарын анықтайды.
4. Ұлттық мемлекет үстіндегі саясат (наднациональная политика) – жекелеген
мемлекеттердің ӛздерінің кейбір егеменді құқықтарын ӛз еріктерімен халықаралық ұйымдарға
беруімен сипатталады. Мысалы, мұнай бағасын халықаралық нарықта реттеу құқығы. Сыртқы,
әлемдік саясаттың бұл бағыты Қазақстандық саясаттану ғылымында әлі зерттелген жоқ
5. Мультиұлттық саясат- бірнеше, немесе одан кӛп мемлекеттерден құралған біріккен
саясат субъектілерлінің халықаралық қатынастарға ықпал етуі (ЕЫҚҰ, ЕО, ШЫҰ, БРИК). Бұл
саясаттың субъектілері ұлттық мемлекеттер болып табылады.
6. Трансұлттық саясат – мемлекеттік емес саясат акторлары мен субъектілерінің:
партиялар, кәсіподақтар, әлемдік діндердің ұйымдары, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар,
трансұлттық корпорациялардың т.б. халықаралық аренада қызмет етуі.
Аталған категориялардың барлығы әлемдік, немесе халықаралық саясат ұғымының түрлі
аспектілерін, қырларын кӛрсетеді. Ал, әлемдік, халықаралық саясат ұғымына келетін болсақ бұл
ұғым халықаралық құқық суъектілерінің (мемлекеттер, мемлекетаралық және мемлекеттік емес
ұйымдар, одақтар, діни ұйымдар, трансұлттық ұйымдар мен корпорациялар т.б.) соғыс және
бейбітшілік, адамзаттың сақталуы, жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қарусыздану,
ұлттық, аймақтық, жаһандық қайшылықтардың алдын алу және реттеу, қоршаған ортаны сақтау,
аштық пен ауруларды азайту және басқа да әлемдік қайшылықтарды шеше отырып адамзат үшін
әлемде неғұрлым әділетті тәртіптер орнатуға бағытталған мақсатты қызметін кӛрсетеді.
Әлемдік, немесе халықаралық саясат – халықаралық қатынастардың негізгі субъектілерінің
бірлескен саяси қызметі болып табылады. Әлемдік саясат мәні мен мазмұны БҰҰ, ЕО, ЕЫҚҰ, АМҰ
(американ мемлекеттерінің ұйымы), АМҰ (африкандық мемлекеттер ұйымы) Социалистік
интернационал, Гринпис Достарыңызбен бөлісу: |