Тақырып №1 Кіріспе. Пәннің мақсат, міндеті мен зерттеу объектісі


Тақырып №26 Саясат құрылымы және қызметтері



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата07.01.2017
өлшемі2,2 Mb.
#1380
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тақырып №26 Саясат құрылымы және қызметтері 
Саясат - (
гр.
 politika - мемлекетті басқару ӛнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық 
істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның 
мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді: 
1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, 
қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, 
ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен 
жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі; 
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау; 
3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар 
мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін 
білдіреді; 
4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге 
бағытталған іс- әрекеттің сипаты; 
5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы. 
 
Сан Тзу
 
Мақсаты 
Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық ӛмірдің негізгі салаларын интеграциялау, 
қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету.
[1]
 
Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй 
Саясаттағы бұқаралық кӛңіл-күй - адамдар қауымының басым кӛпшілігін қамтитын 
психологиялық жағдай. Адамдар үшін субъективті сигналды 
реакция
 жайлылық пен 

жайсыздықты, әрі негізгі үш жағдайды білдіреді: біріншіден, жалпы ӛмірдің әлеуметтік-
саяси жағдайларымен кӛңіл толушылық немесе кӛңіл толмаушылық деңгейін білдіреді; 
екіншіден, анықталған жағдайдагы адамдардың әлеуметтік-саяси талаптарын жүзеге 
асыру мүмкіндіктерін субъективті бағалау; үшіншіден, талаптарын жүзеге асыру үшін 
жагдайларды ӛзгертуге ұмтылу. 
Саясаттағы бұқаралық кӛңіл-күй "саяси сана", "саяси мәдениет", "саяси мінез-құлық", 
"саяси жүйе" сияқты ұғымдарга қатысты 
субкатегория
 болып табылады. Бұқаралық кӛңіл-
күй кеңестік 
қоғамтанудағы
 дәстүрлі "қоғамдық кӛңіл-күймен" сәйкес емес. Олар тек 
әлеуметтік-ережелік бӛліктерден тұрмайды, оған басқа құрамдас бӛліктер кіреді. 
Бұқаралық кӛңіл-күй табиғаты екі фактор арасында айырмашылық туындаған жағдайда 
кӛрінеді: адамдар талаптары (белсенді емес түрде - күту) бір жағынан басым кӛпшілікке 
ортақ бұқаралық 
мұқтаждықтар
 мен 
мүдделермен
, екінші жағынан ӛмірдің шынайы 
жағдайларымен байланысты. Уайымдау түріндегі реакция сан алуан түрде болуы мүмкін: 
жеккӛруден қуануға дейін. Белсенді емес кӛңіл-күй түрлері: 
селқостық
 пен 
апатия
. Жалпы 
саясаттағы бұқаралық кӛңіл-күй әлеуметтік-саяси шындықты кӛптеген адамдардың, 
бұқараның мүдделері арқылы субъективті бағалау нәтижесі. 
 
Еуропалық парламент
 
Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептері 
Бұқаралық кӛңіл-күйдің пайда болу себептерінің негізінде екі фактордың ӛзара әрекеті 
жатыр. Бір жағынан, объективті 
фактор
, яғни іс-жүзіндегі шындық. Екінші жағынан
субъективті фактор, яғни адамдардың іс-жүзіндегі шындық туралы түсініктері. Қоғамда 
бұқаралық кӛңіл-күйді білдіру оның әлеуметтік-саяси құрылымының біртектілігімен 
байланысты. Жүйе жіктелген, плюралистік болған сайын онда ӛзіндік мүдделері мен 
талаптары бар әртүрлі топтар да кӛбейеді. Олардың әрқайсысының ӛз кӛңіл-күйі болады. 
Бұқаралық кӛңіл-күй нақты бір топтар арасында пайда болып, жылдам тарау арқылы 
бұқараны ӛзінің субъектісі ретінде дайындайды. Бір жағдайда жиналған немесе 
жиналмаған топ болса, екінші бір жағдайда ол бұқаралық әлеуметтік-саяси қозғалысқа 
айналады. Кей жағдайда бүкіл қоғам немесе қоғамның басым бӛлігі бұқаралық кӛңіл-
күйдің 
субъектісіне
 айналады. 

 
Ұлыбританиялық парламент
 
Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері 
Бұқаралық кӛңіл-күйдің негізгі қызметтері - саяси-психологиялық дайындықадамдардың 
үлкен қауымдастығының әлеуметтік-саяси әрекетін қалыптастыру және себебін 
қамтамасыз ету. Бұқаралық кӛңіл-күй топты біріктіре отырып бұқаралық әрекетке 
айналады. Бұқаралық кӛңіл-күйдің саяси мінез-құлықты реттеу және кӛрсету қызметтері 
саяси жүйені 
модификациялауға
 әкеледі. 
Стратегиялық
 саяси-психологиялық бағалау 
қызметі саяси шындыққа қатысты, оны түсіну тәсілін, қандай да бір саяси ойды 
қалыптастырады. 
Бұқаралық
 кӛңіл-күйдің ықпал ету мүмкіндіктері бар. Олар 
насихаттық
-
идеологиялық
 
(талаптарды алдап-арбау) және әлеуметтік-саяси (шынайы ӛмір деңгейін алдап-арбау). 
Бұқаралық кӛңіл-күйді талаптар мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін теңестіру арқылы 
тұрақтандыруға болады. 
 
Саясаттағы гомеостазис 

Саясаттағы гомеостазис – қандай да бір жүйенің қозғалмалы тепе-теңдік жағдайы, ол осы 
тепе-теңдікті бұзушы ішкі және сыртқы факторларға қарсы әрекет жасау арқылы 
сақталады. Гомеостазис алғаш 
физиологияда
 ағзаның ішкі саласының тұрақтылығы мен 
оның негізгі физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығын түсіндіру мақсатында 
қолданылған. Бұл идея 
американдық
 
физиолог
 
У.Кеннонмен
 "дене даналығы" туралы 
ілімінде ӛзінің тұрақтылығын үздіксіз қолдайтын ашық жүйе ретінде дамытылған. Жүйеге 
қауіп тӛндіретін ӛзгерістер туралы хабарлар алысымен ағза оның тепе-теңдік жағдайын 
қалыпқа келтіргенше жұмыс жасайтын құрылысты іске қосады. Кейін келе гомеостазис 
принңипі 
психологияда
, одан 
кибернетикада
, ал 60 жж. саяси және әлеуметтік жүйе 
теориясында қолданыла бастады. 
Саяси ғылымда гомеостазис қағидаты қоғам саяси жүйесінің қызметі мен әлеуметтік-
динамикасын талдағанда қолданылады. Сонымен бірге, жүйе бӛліктері ретінде қызмет 
жасаушы кейбір жүйелік ұйымдарды (
мемлекет

партия

кәсіподақтар
) талдағанда 
қолданылады. Саяси гомеостазис - саяси жүйенің қозғалыстағы тепе-тендік жағдайы, ол 
оның биліктік құрылымдары мен оған ықпалдасқан саясат субъектілерінің кез келген ішкі 
және сыртқы факторларға қарсылық әрекеттерімен сақталады. 
Саяси гомеостазис негізін функңионалдық тәуелділік құрайды. Қоғамның саяси жүйесіне 
қатысты оның биліктік қызметтеріне кӛңіл бӛлінеді. Яғни, ол ӛзінің дамуы үшін және 
ӛзін-ӛзі сақтауы үшін қандай да әрекет жасайды. Кез келген ашық жүйе сияқты қоғамның 
саяси жүйесі әлеуметтік ортаға кірісе оты¬рып, ӛзінің сапалық айқындылығын сақтайды. 
Саяси гомеостазис ашық жүйенің сыртқы әлеммен ӛзара қатынасы және саяси жүйенің 
әлеуметтік ортамен ӛзара қатынасы сыртқы әлемге икемделуіне екіжақты ықпал етеді: бір 
жағынан, ішкі ӛзгерістер, екінші жағынан, жүйелік объектінің ортаға белсенді ықпал 
етуі, оның ӛзіне қажетті ресурстарды игеру мен тартуға икемделуі. Осы икемделу қоғам 
саяси жүйесінің ӛзін-ӛзі реттеу мен ӛзін-ӛзі ұйымдастыру тетігінің негізін құрайды. Бұл 
күрделі ұйымдасқан объектінің ықпалдасу, мақсатқа жету сияқты функционалдық 
қасиеттерін анықтайды. Саяси жүйенің саяси гомеостазис белсенді қызметі дау-
жанжалдардың алдын алуға мүмкіндік береді. 
Саясаттағы жалғандылық 
Саясаттағы жалғандылық - заттардың шынайы жағдайын мақсатты түрде бұрмалауды 
білдіретін қарым-қатынас құбылысы. Жалғандылық тексеру қиын және мүмкін емес 
сӛздік мәліметтер мазмұнынан кӛрініс табады. 
Жалғандылық
 - сӛздік қызметгің саналы 
нәтижесі, оның мақсаты - 
аудиторияны
 адастыру. Жалғандылық ӛтірік алдаушының 
жеке, әлеуметтік немесе саяси басымдықтарға қол жеткізуге ұмтылысынан туындайды. 
Жалғандылық - алға қойған мақсатты немесе келеңсіз салдарларды болдыртпау үшін 
шындықты бұрмалаудан кӛрініс табатын мінез-құлық түрі. Жалғандылық әдетке айналған 
жағдайда ол жеке тұлғаның қасиетіне айналып бекиді. 
Саясаткер
 кӛп жағдайда шындықты 
бұрмалауы мүмкін. Жалғандылық себептері ретінде ұят сезімі, яғни саясаткер ӛзінің 
қандай да бір әрекетін жасырғысы келеді; жазаланудан қорқу, сталиндік нәубет кезінде 
құрбандар қорыққандарынан ӛтірік кӛрсетулер берген; ӛзін дәлелдеуге ұмтылудан кӛңіл 
аударту, таңқалдыру тілектерінен туын¬дайды. 
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі 
Саясаттағы жеке тұлғаның рӛлі - жеке түлғаның саяси мәртебесі мен саяси мәдениеті, 
саяси кәсібилігінен туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету шарасы, 

деңгейі. 
М.Вебер
 саясаттың үш түрін жіктейді. Және оған қатысуына байланысты 
саясаткер-тұлғаның үш тү¬рін кӛрсетеді. "Жағдайға байланысты, кездейсоқ" саясат - 
саяси қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке тұлға ӛз еркін ара-кідік, тіптен саяси 
акциялардың маз¬мұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге асырады. 
"Қосымша" сая¬сат адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа қызметімен қатар 
жүзе¬ге асырылады. Саясатпен "қосымша" айналысатын адамдар үшін саяси қызмет 
басты болып есептелмейді. Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады. 
Кәсіби-саясаткер
 - саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік 
технологиялары
 бойынша 
маман
. Жоғарыда кӛрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке 
тұлғаның қатысуынан оның рӛлі анықталады. 
Саясаттағы интеллигенция 
Саясаттағы интеллигенция - [лат. intelligenta - түсіну, intelligens - ойлаушы] - еңбек 
бӛлінісі мен қоғамдық үйыммен анықталатын орынды алады. Ӛндірісті қатынастарының 
дамуына байланысты 
интеллигенция
 рӛлі де артып отыр, ол саяси ӛмірдің маңызды 
факторына
 айналуда. 
Саясаттағы интеллигенцияны екіге бөліп қарастыруға болады: жоғары деңгейде 
жіктелген жалдамалы жұмысшы күші және "еркін" ойлаушылар. Жалдамалы жұмысшы 
күш ретінде интеллигенция бүкіл саяси құрылымды қамтиды. Бұл - 
қызметкерлер

бюрократия

саяси партиялар
 мүшесі, 
идеологтар

элита ӛкілдерінің
 бір бӛлігі. Сонымен 
интеллигенцияның бұл бӛлігі қарама-қайшылықты жағдайда, себебі олардың сана 
еркіндігі саяси институттарға енулеріне байланысты корпорация заңдарымен шектеледі. 
Интеллигенцияның екінші бӛлігі сандық тұрғыдан кӛп емес, әрі олар идеологиялық 
міндеттерден еркін. Бұл әлеуметтік топ нақты әлеуметтік-саяси қатынастардан жоғары 
тұрады. Олардың саяси және әлеуметтік тәжірибені саналы түсінуге толық мүмкіндіктері 
бар. Ӛз кезегінде бұл қоғамға ӛзін ұйымдастыруда, әлеуметтік сілкіністерді азайтуға 
кӛмектеседі. 
Саясаттағы ислам 
Саясаттағы ислам - 
ислам
 барлық 
болмыс
 пен 
фәни
, адам ӛмі- ріндегі ең маңызды 
ұғымдардың бірі. Ислами ұғымда бұл дін - абсолютті құдірет иесі 
Жаратушы
 тарапынан 
ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейінгі барлық адамзатқа және заманаға жіберілген 
дін. Ислам сӛзінің түбірі арабшадағы "сәлиме", "силм" етістігі. Бұл сӛздер сӛздікте 
бейбітшілік

тыныштық

амандық

татулық

келісім

мойынсыну

сенімділік
 дегенді 
білдіреді. Ислам сӛзі сенім мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбітшілік пен 
татулықты, жүгіну мен тепе-теңдікті, әсілі, тұтастай ӛмір сүру салтын білдіреді. Ислам - 
Құран Кәрімде
 есімдері аталған барлық пайғамбарларга жіберілген иләһи (тәңірлік, 
құдайы) діндердің ортақ аты. 
Құран Кәрім аяттары бойынша мұсылмандар Аллаһ Тағалага, оның елшісі 
Мүхаммедке
 
(с.а.у.) және мұсылман әміршілерге бағынуга міндетті. Мұсылмандардың істерін реттеуші 
басшы еркін сайлау арқылы қызметке келеді. Ислам құқығында "бигат" деп аталатын 
дауыс беру азаматтардың ерікті түрде ризашылық білдіруімен болады. 
Қоқан-лоқымен

яки күшпен жасалған биғат жарамсыз болып табылады. Басшының міндеті - аяттарда 
кӛрсетілген қағидалар негізінде және кеңесе отырып елді басқару. Кеңесе отырып басқару 
исламдагы мемлекет басқару жүйесінің басым сипаты болып табылады. Ислам діні - 
барлық қатынастар мен іс-әрекеттерде орта жолды уағыздайтын 
дін


Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық 
технологиялар 
Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық 
технологиялар
 - XX г. екінші жартысында 
дамыған 
демократиялық
 мемлекеттер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу жолында екі 
тӛңкерісті бастарынан кешірді, соның нәтижесінде бұқаралық білім мен бұқаралық 
теледидар
 пайда болды. Саяси кеңістікті қайта құруда үлкен рӛл атқарған ақпараттық 
саяси нарықты электронды БАҚ пайда болуы, саяси коммуникаңияда сүхбаттық тәсілдің 
пайда болуы, "электронды қауымдастықтың" қалыптасуы және т.б. Мінеки, осыған 
байланысты мемлекеттік билік үшін бәсекелестіктің мүмкіндіктері сапалы түрде ӛзгерді. 
Жаңа ақпараттық және коммуника-тивтік технологиялар саясат саласындағы кӛптеген 
мәселелерге қатысты ұстанымдар мен қағидаларды ӛзгертті. 
Интернет 
Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялардың қатарында - 
Интернет

Интернет - бұл әлемдік компьютерлік тор, жүз мыңдаған мемлекеттік, корпоративтік, 
қоғамдық, білім берулік және үй жағдайындағы ақпаратпен алмасу тәсілдері. Ол XX ғ. 60 
жж. АҚШ қорғаныс министрлігіндегі информатика мен 
компьютер саласындағы
 
зерттеулер жобасының шеңберінде жүргізілген ізденістер нәтижесінде пайда болған. 
 
Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялар 
Интернет коммуникаңиясында 
нәсілдік

жастық

жыныстық
 кедергілер жоқ. Интернет 
соңғы кезеңде сайлау компанияларын жүргізуде кеңінен қолданылуда. Мысалы, сайлау 
компаниясын ұйымдастырушылар партиялар немесе қозғалыс жетекшісінің веб-
парақтарын құру арқылы қосымша ӛз қолдаушыларын жұмылдыруға мүмкіндік алады. 
Саясаттағы клиентализм 
Саяси кӛшбасшының ӛзіне берілген 
жақтастарымен
 ӛзара қарым-қатынасының түрі; 
"
патрон
" мен тӛменде тұрған "клиентеллдік" (патрон қолынан "тамақтану") топпен 
қатынасы. Қатынастар қатаң сатылықпен ерекшеленеді әрі басқа жаңа мүшелер үшін 
жабық топ. Мұндай бейресми топты белгілі бір деңгейдегі кӛсем басқарады. Ал топ 
мүшелері оның жеке жетістіктеріне тәуелді. Клиентализм 
патриархалдық
, жартылай 
патриархалдық және жартылай 
феодалдық
 қоғамдарға тән. Сонымен бірге ескі әлеуметтік-
саяси жүйенің құлдырауы нәтижесінде пайда болған ӛтпелі түрдегі жаңа құрылымдарға да 
тән. 
Дамыған елдердегі клиентализм саяси әмірде азаматтық қоғамның ӛмірлік заңдары мен 
ережелерімен шектелген қысым кӛрсету топтары мен 
лоббистік жүйе
 арқылы жасырын 
түрде ӛмір сүреді. 
Саясаттағы қалжың 

Саясаттағы 
қалжың
 - [ағылш. humour - көңіл-күй, таң- қалдырар жай] - маңызды және 
күлкілі жағдайды біріктіретін құбылыс қарама-қайшылығын бастан кешіру, адамдардың 
психикасына

эмоциялық
 күйіне ықпал ету тәсілі. Қалжың тек санаға ғана емес, сонымен 
бірге адамның мінезі мен 
темпераментін
 білдіретін психикалық қабілетіне де қатысы бар. 
Қалжың - маңызды құбылысты күлкілі және жетілмеген ретінде кӛре алу. 
Саясаттағы қаскүнемдік 
Саясаттағы қаскүнемдік - нақты саяси мақсаттарға қол жеткізу немесе біреулерге қарсы 
саяси күштердің біріккен әрекет жасауы үшін бірнеше адамның құпия келісімі. 
Қаскүнемдік
 - теріс, бұзушы бағытымен ерекшеленетін саяси 
интриганың
 түрі. 
Қаскүнемдік барлық кезде "қарсы" бағытталады, еш уақытга "қарсы емес" болмайды. 
Сәтті болу үшін құпия келісімге отырушылар саны аз болып келеді. 
Сондықтан "реакциялық күштердің қаскүнемдігі" деген сӛз 
насихаттық
-
идеологиялық
 
сипатта қолданылады. 
Тарихтан танымал қаскүнемдік кӛбінесе жеке бағытталған сипатта болды, негізінен нақты 
бір жеке 
тұлғаларға
, билік иелеріне бағытталған. Ал жеке тұлғаларға емес, 
идеяларға

жалпы жүйеге қарсы қаскүнемдіктер сәтсіз аяқталған. Мысалы, 
1825
 ж. патшалық 
Ресейдегі самодержавие
 мен крепостнойлық жүйеге қарсы ұйымдастырылған 
декабристер
 
қаскүнемдігі. 
Ӏс-жүзінде қаскүнемдік - билік және ықпал үшін күрестің тиімді құралдарының бірі. 
Тарихи алғашқы қаскүнемдік саяси қарсыластардың кӛзін жоюға, оларды ӛлтіруге 
бағытгалған. Бірақ саясаттың 
демократиялануы
 мен адамилануына байланысты 
қаскүнемдік ӛзінің түпкі мақсаттарын да ӛзгертті. Енді 
оппонентті
 саяси ысыру жеткілікті. 
Саясаттағы либидо 
Саясаттағы либидо - [лат. - libido - тілек, тартымдылық] - 
З.Фрейд
 
психоанализінің
 
негізгі ұғымдарының бірі, 
энергия
, сексуалдық сипаттағы тартымдылық кӛзі. Психоанализ 
либидоны адам мінез-құлқының мотиві ретінде қарастырады. З.Фрейд либидоны ӛмірге 
ұмтылу 
синонимі
 ретінде қарастырды. Либидо - 
ӛркениет
, соның ішінде саясат негізі. 
Қазіргі заманғы психоанализдік тұжырымдарда либидо билікке ұмтылудың қозғаушы 
күші ретінде қарастырылады. Сонда саясаткер ләззаттық қанағаттанбаған, оның орнын 
саяси билік үшін күреспен толықтыруға тырысатын адам ретінде кӛрсетіледі. 

 
Зигмунд Фрейд 
З.Фрейд бойынша, біз болашақта тиімді саясаты бар жоғары дамыған ӛркениетке жетеміз, 
бірақ оны 
импотент
-саясаткерлер басқарады. 
Саясаттағы мақсат 
Саясаттағы мақсат - саяси қызметтің тиімділігін айқындаушы маңызды құрылымдық 
элемент
. Саясатта мақсат - саясат субъектісінің мүддесі мен мұқтаждықтарына сәйкес 
келетін нәтижеге қол жеткізу бейнесі. Мақсатнақты саяси қызметтің бастауы емес, оның 
орталығы. Ол реттеушілік қызметін атқарады. Яғни, саясат субъектілерінің мүдделері мен 
мұқтаждықтарына сәйкес болашақ әлеуметтік-саяси құбылыстар моделін қалыптастыру. 
Мақсат үш негізгі бӛліктен тұрады: а) саясат субъектілерін қызықтыратын объекті мәні 
туралы білім; ә) ӛзінің негізі ретінде саяси мәселе; б) саяси қызмет нәтижесіндегі болашақ 
туралы 
түсінік

Саясаттағы маргиналдылық 
Саясаттағы маргиналдылық - [лат. marginalis - жақ, шет де¬генді білдіреді] - 
мемлекеттік шектеулер жеке тұлғалық қарым-қатынас мазмұнын 
индивидтің
 қалыптасу 
ортасы ретінде анықтайтын әлеуметтік ӛмір түрі. Саяси 
маргиналдықтың
 негізі - жалпы 
үйлесімділік пен жақсы ӛмір сүру идеясы арқылы жеке тұлғаның әлеуметтік 
трансформация

Саяси маргиналдық саяси сана ерекшеліктерімен анықталады. Ол әлеуметтік шындықтан 
туындайды. Саяси маргиналдық жеке тұлғаның, топтың санасы мен мінез-құлқының 
әлеуметтік сапасы. 
Маргиналдық
 дегеніміз - жеке тұлға мен топтың мәнін анықтайтын 
алғашқы әлеуметтік 
субстраттан
 бӛлінуі, қоғамдық байланыстарын тоқтатуы. Сонымен 
бірге, 
принципті
 түрде ықпалдастық байланыстарды қайта қалпына келтірудің мүмкін 
еместігі. Маргиналды жеке тұлға-аралық, шектелген адам. Ол әлемдегі ӛзінің орнын 
қандай да бір жалған бұқаралық топ, қозғалыстар мүшесі ретінде ғана сезіне алады. 

Маргиналдар ортақ мүдде немесе мақсатпен бірікпейді. Олар тарихи тамырдың, 
дәстүрдегі сабақтастықтың жоқтығымен сипатталады. Маргиналдарда 
қорқыныш

үрей

цинизм
 сияқты психологиялық 
сезімдер
 басым. 
Жеке тұлғаларды маргиналға айналдыру құралдары: меншіктен аластату, қатаң 
мемлекеттік бақылау, жалпы ішкі миграция және қоныс аудару саясаты. 
Саясаттағы мінез 
Саясаттағы мінез - жеке тұлғаның, адамдардың әлеуметтік қауымдастығының саяси 
билікті жүзеге асыруға, ӛздерінің саяси мүдделерін қорғауға қатысу түрі. Саясаттағы 
мінездің екі негізгі түрін кӛрсетуге болады: саяси іс-әрекет және саяси әрекетсіздік. 
Саясаттағы психологиялық қысым 
Саясаттағы психологиялық қысым - 
үкіметтік
 органдарға, саяси және әлеуметтік 
құрылымдарға 
тікелей
 немесе 
жанама
 ықпал ету әдістері мен тәсілдер жиынтығы. 
Саясаттағы психологиялық қысымның субъектілері 
формальды
 немесе формальды емес 
топтар, 
ұйымдар
, қозғалыстар, т.б. 
Дж. Магдвик
 пікірінше, саясаттағы психологиялық 
қысым субъектілері - "үкімет саясатын, оның негізгі және әкімгершілік 
аспектілерін
 әр 
түрлі ықпал ету түрлерін қолдану арқылы ӛзгертуге ұмтылатын, әрі үкіметтік билікті 
қолына алғысы келетін топтар". 
Саясаттағы психологиялық қысымның субъектілері тұрақты, белгілі бір құрылымы бар, 
күтпеген болуы мүмкін. Саясаттағы психологиялық қысымның субъектілері 
ӛкілетті
 және 
атқарушы билік институттарына
 ықпал ете алады; олар саяси партиялармен, қоғамдық 
ұйымдармен, жергілікті билік органдарымен одақтаса немесе күресе алады. 
 
Саяси постер 

Саясаттағы романтизм 
Саясаттағы романтизм - белгілі бір әлеуметтік үлгіге қол жеткізуге бағытталған саяси 
түсініктер кешені, ол саяси қызметті сол мақсатқа бағындырады. Саясаттағы романтизм 
қоғам ӛмірінің барлық салаларын түбірімен ӛзгертуге бағытталған тӛңкерістік идеяларға 
тән. Тӛңкерістік романтизм - кез келген тӛңкерістік идеологияның негізгі элементі, ол 
ер 
жүректілік

құрбандықпен
 байланысты. Бірақ оның саяси тәжірибедегі ӛміршеңдігі 
идеалды жобаны жүзеге асыру қағидасының сақталуымен байланысты. Уақыт ӛте келе 
идеалды мақсат пен оған жету әдістерінен кӛңілі қалуына байланысты романтикалық 
кӛңіл-күй құлдыраушылыққа ұшырайды. 
Романтиктер
 
прагматиктерге
 орын береді. 
Саясаттағы романтизм жеке әлеуметтік топтар, әсіресе, жастар санасында ұзағырақ 
сақталады. Кӛп жағдайда Саясаттағы романтизм теориядан аспайды. Саясаттағы 
романтизм нақты принциптерді, мінез-құлық үлгісін, шындықты әсіре қабылдау тәсілін 
білдіреді. Ол лексика мен символикадан да кӛрініс табады. Саясаттағы романтизм саяси 
тірлікті жоққа шығару, сайлау проңедуралары мен парламенттік күрес әдістерінің 
тиімділігіне күмәнмен қарау тән. Саясаттағы романтизм тӛңкерістік сипатта болуы 
міндетті емес, ол демократиялық, гумандық идеалдардан да тұруы мүмкін. Саясаттағы 
романтизм саяси тәжірибеде адам табиғатының жақсы қасиеттерін пайдалануға 
бағытталады. 
Саясаттағы символдар 
Саясаттағы символдар - [грек, symbolon - белгі дегенді білдіреді] - белгі, үлгі кӛмегімен 
саяси мазмұнды беру тәсілі. 
Символдар
 - 
кӛне дәуірден
 таным және коммуникация 
жолдары. Саясатта символдар қандай да бір саяси құбылыстарды білдіреді. Саясатта кең 
тараған символдар 
ту

жалау

әнұран

елтаңба
. Бұл белгілер саяси жүйе, оның тарихы, 
қазіргі кезеңі мен болашағын толық білдіреді. 
 
ҚР-ның байрағы 
 

ҚР-ның елтаңбасы 
 
 
 
ҚР-ның әнұраны 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет