Тақырып №1 Кіріспе. Пәннің мақсат, міндеті мен зерттеу объектісі



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата07.01.2017
өлшемі2,2 Mb.
#1380
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Саясаттағы стратегия мен тактика 
Саясаттағы стратегия мен тактика - 
саяси үрдісті
 
жоспарлау
 мен басқару деңгейлері. 
Стратегия
 қозғалыстың жалпы мақсаты, оған қол жеткізетін қағидаттары мен тәсілдері 
ретінде қалыптасады. Ол идеологиялық 
теориялар

манифест

саяси партиялар
 
бағдарламасы арқылы жүзеге асады. 
Тактика
 - стратегиялық үрдісті кезеңдер мен 
дәуірлерге бӛлу. Тактика қадамдары стратегиялық мақсатқа сай келуі керек. 
Қызмет мақсаты мен оған жету жолы, құралдары арасында қарама-қайшылық туындауы 
мүмкін. Саяси тарихта бұл қарама-қайшылықты шешудің бірнеше тәсілдері ұсынылған. 
Мысалы, 
Н.Макиавеллидің
 "мақсат құралды ақтайды", "ең бастысы - мақсат, ал қозғалыс 
түк те емес" деген сияқты танымал 
тезистері
 бар. 
Саясаттағы субъект және объект 
Саясаттағы субъект және объект - саясат субъектілері - іс- әрекет жасаушы адам немесе 
әлеуметтік топ. 
Саясаттың субъектісі 
Саясаттың субъектісі деп ӛз мүдделеріне байланысты саяси ӛмірге белсене араласып, 
басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі 
ӛзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат 
субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, кӛздеген мақсат-мүдделері және 
т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік 
топтар, 
ұлттар
, қоғамдық-саяси 
ұйымдар

мемлекет
 жатады. 
Саясат объектісі 
Саясат объектісі кӛп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси 
институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рӛлін зерттеуді 
жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің 
маңызы мен рӛлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын 
және олардың 
мотивациясын

бұқаралық ақпарат құралдарының
 рӛлін және олардың 
қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу. 

Саясаттағы субъективизм 
Саясаттағы 
субъективизм
 - табиғат пен қоғамның объективтік даму зандылықтарын 
теріске шығаруға тырысатын 
кӛзқарас
. Оны жақтаушылардың ойынша, саяси ӛмір 
саясатты жасаушы субъектілердің (әсіресе, басшылардың) ерік-жігеріне, ынта-ықыласына, 
мақсат-мүддесіне байланысты дамиды. 
Саясаттағы тәлкек 
Саясаттағы 
тәлкек
 - жоққа шығару немесе күлкі ету, ӛтірік келісім немесе қолдау түрінде 
болады. Күнделікті ӛмірде тәлкек "мазақ ету", "күлкі ету" дегенді білдіреді. Кӛне дәуірде 
тәлкек 
шешендік
 тәсіл ретінде қолданылған. Осы шешендік түсіндіру XVIII- XIX ғғ. дейін 
қолданылды. 
Тәлкек басқаша айтуға негізделеді. Ақиқат бүркеме сӛзбен беріледі. Тәлкекте күлкілі 
маңызды ретінде жасырылып, ал теріс баға ашық айтылмайды. Тәлкекте 
объектіге
 теріс 
қатынас басым, ал әзілде керісінше маңызды күлкілі ретінде жасырылады және оң 
қатынас басым. Саясаттағы тәлкектің бір түрі - 
сарказм
, адамды немесе құбылысты аямай, 
теріс бағалап мазақ ету. 
 
Niccolò Machiavelli
, әлемдегі әйгілі саясаттанушылардың бірі 
Саясаттағы үлгілеу 
Саясаттағы үлгілеу - таным объектілерін олардың үлгілерінде зерттеу әдісі; шынайы 
құбылыстар үлгілерін құру мен зерттеу. Саясатта пәндік үлгілеу ӛте сирек кездеседі. Яғни, 
зерттеуді шынайы объект қасиеттерін кӛрсететін үлгіде жүргізу. Белгілік үлгілеуде үлгі 
рӛлін 
сызбалар

жоспарлар

саяси бағдарламалар
 атқарады. 
Үлгілеу
 - саяси танымның маңызды жолдарының бірі. Үлгілеудің табысты болуы 
нәтижелерді зерттеу барысында алынған үлгіден шын түпнұсқага сәйкестендіру. Үлгілеу 
әр түрлі деңгейлерде болуы мүмкін: жеке 
кӛшбасшының
 
мінез-құлқы
, нақты топтың 
мінез-құлқы, 
ұйым

бұқараның
 мінез-құлқына дейін қамтылуы мүмкін. 

Саясаттағы физиогномика 
Саясаттағы физиогномика - [грек, physis - табиғат, gnomon - білгір] - адамның сыртқы 
бейнесі мен оның нақты тұлға түрі арасындағы байланыс туралы ілім. Физиогномика кӛне 
дәуірде адамның психологиялық бейімділігі мен денесі туралы түсініктер негізінде пайда 
болған. Яғни, адамға табиғат және құдаймен берілғен. 
Аристотель
 физиогномика шебері 
болған: "кімнің бойы биік, ол батыл және ер жүрек", "кімнің кіндігі қарынның ортасында 
емес, бірақ одан әлдеқайда жоғары орналасса, ол ұзақ ӛмір сүре алмайды және әлсіз". 
 
Физиогномика шебері - Аристотель 
Физиогномика ұзақ жылдар мінез бен 
темперамент
 түрін жіктеу алғышартын орындады. 
Басқа адамдардың сыртқы бейнесін оқи алу - тиімді саясат жүргізудің міндетті құралы. 
Саясатты адамиландыру 
Саясатты адамиландыру - оны ұйымдастыру, мақсаты мен мазмұнынан, сонымен бірге 
саяси қызмет құралдарынан кӛрініс табады. Адамиландыру қағидаты - адамды ең басты 
қазына ретінде қарастыру, әр жеке тұлғаның ӛмір сүруге құқын, еркін дамуға, ӛз 
қабілеттерін жүзеге асыруға және бақытқа ұмтылуын сыйлау. 
Адамилық
 - адамның 
барлық құқықтарын мойындау. Жеке түлға игілігі кез келген қоғамдық қызметті бағалауда 
басты негіз болады. Ол адамдарды 
нәсілі

ұлты
, діні бойынша бӛлмейді. Қазіргі заманда 
саясатты ұйымдастырудың адами түрі ретінде азаматтардың бостандығы мен теңдігін, 
биліктің тұрғындар бақылауында болуына, адамның құқықтары мен ізгіліктерін сыйлауға 
негізделген 
демократиялық
 саяси жүйе қарастырылады. 
Саясат және дін 
Саясат және дін - дін қоғамдық сананың бір түрі ретінде қоғамның саяси ӛмірінде 
маңызды рӛл атқарады. Діни ұйымдар дінге сенушілерді белсенді іс-әрекеттерге тарту 

арқылы саясатта шынайы күшке айнала алады. Дін саяси ӛмірге тәжірибелік қызметі 
арқылы да, әр түрлі діни және әлеуметтік ілімдер арқылы да ықпал ете алады. 
Діни ұйымдар

дін басылары
 мен 
діни қызметкерлер
 саясилануда. Яғни, олар қоғамдық 
ӛмірге белсене араласып, 
жастар

әйелдер
 сияқты топтардың ішкі және сыртқы 
мәселелерін шешуге атсалысуда. Кӛптеген елдерде дәл осы әлеуметтік топтар діндар 
адамдар тобын құрайды. Зайырлы мемлекеттерде дін мен мемлекет ажыратылған. 
Саясат тілі 
Саясат тілі - саяси шындықты білдіру және тіркеу құралы. Саясат тілі - саяси мәдениеттің, 
оның барлық салалары мен қырларына жол ашатын табиғи 
кілт
. Бұл саяси жетекші мен 
сайлаушылар арасындағы байланыс 
құралы
. Ол - саяси қоғамды байланыстырушы бӛлік, 
қоғамды қажетті ақпараттық деңгейде ұстау құралы. Саясат тілі - сайлаушылардың 
санасын алдап-арбаушы маңызды құрал. 
Саясат заңдылықтары 
Саясат заңдылықтары - әлеуметтік заңдылықтар ерекшеліктерімен байланысты, ол 
қоғамдық қатынастарға қатысушылардың ӛзара қарым-қатынасы мен түсініктілігін 
анықтайды. Саясат заңдылықтары кӛптеген адамдардың мінез-құлқынан кӛрінеді, 
сондықтан саясат 
заңдары
 үрдіс ретінде әрекет етеді. Саясат заңдары сыртқы және ішкі 
факторларын, байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі. 
Сыртқы факторлардың
 ықпалын кӛрсететін заңдылықтар қатарында саясат пен экономика 
байланысын кӛрсетуге болады. Ол саясаттың қоғамда үстемдік етуші экономикалық 
қатынастар түріне тәуелділіктен кӛрініс табады, сонымен бірге саясат 
экономикаға
 ықпал 
етеді. 
Саяси ӛмірдің ішкі байланыстары мен үрдістерінің әрекетін білдіретін заңдылықтар бар. 
Бұл қазіргі әлемдегі бұқара халықтың саясатқа тартылуымен, саяси белсенділігінің 
ӛсуімен байланысты. Сонымен бірге саясат пен басқаруға адамдардың белсенді қатысуын 
қамтамасыз ететін құрылымдар мен тетіктер кӛбеюде. 
Саясат кәсіп ретінде 
Саясат 
кәсіп
 ретінде - адам қызметінің бір түрі. 
Кәсіби саясат
 бұл жеке түлғаның кәсібі 
болып табылады. Кәсіби-саясаткер саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті 
талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Кездейсоқ жағдайдан кәсіби жағдайда 
саясаткер рӛлі әлдеқайда ӛседі. 
Жеке тұлғаның саясатпен кәсіби айналысуының тағы бір 
аспектісі
: саясатпен кәсіби 
айналысатын адамдар саны аз болуы саясатқа кері әсер етеді. 
М.Вебер
 саясатты кәсіп 
ретінде қарастыра отырып, оларды үш түрге бӛлген: "кездейсоқ", "жұмысына қосымша" 
және "кәсіби". Кәсіби саясаткер - бұл саясат әлеміне жатады, оның кәсіби қызметінің 
қозғаушы күші саяси шындықты қайта құруға бағытталған тәжірибелік мүдде. 
Саясат өнер ретінде 

Саясат ӛнер ретінде - саясат ӛзін жүзеге асырушы 
партиялардан

топтар
, мемлекеттік 
мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғары тәжірибелікті, асқан шеберлікті, 
халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдаланылуы 
мүмкін. Онда келісім де, 
қысым
 да, 
қулық
 та, 
алдап-арбау
 да кездесіп жатады. Саясатты 
ӛнерге теңеуі де сондықтан. Дегенмен, басқарушы саясат 
адамгершілік
 ӛлшемдеріне сай 
келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.
[2]
 
Саяси жауапкершілік 
Саяси жауапкершілік - саяси қызметтің салдары мен мәнін терең түсінуге негізделген, 
саясат субъектілернің моральді-психологиялық ұстанымы. Саяси жауапкершілік жоғары 
кәсібі біліктілікке, саяси бағаттың дұрыстығына сенімділікке, адамдардың мүдделері мен 
тағдырларына катысу сезіміне, азаматтық борыш пен 
патриотизмге
 негізделеді 
Тақырып №27 Саяси жүйе және оның типтері 
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер 
арасындағы ӛзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз 
ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне 
мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. 
Саяси жүйелердің жіктелуі 
Саяси жүйелердің жіктелуі жӛнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені 
жіктеу зерттеушілер таңдаған ӛлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең 
тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай 
тоталитарлық

авторитарлық
 және 
демократиялық
 деп бӛлінуі. 
Француз
 саясаттанушысы 
Ж.Блондель
 саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне 
сай оны 5 түрге бӛледі: 
1) 
либералдық
 демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда 
меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа 
алады; 
2) 
коммунистік
 жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды; 
3) 
дәстүрлі
 саяси жүйе. Ол ат тӛбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық 
үстемдігіне негізделеді; 
4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда 
авторитарлық
 
басқару белең алады; 
5) 
авторитарлы
-
консервативтік
 жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық 
теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады. 
Г.Алмонд
 саяси 
мәдениет
 деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: 
ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, 
тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси 
мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық 

саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-
жартылай 
индустрияланған
 саяси жүйеге аралас мәдениет тән. 
Тоталитарлық
 саяси 
жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. 
Қоғамның саяси жүйесі 
Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын 
саяси 
институттардың
, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы. 
Бұл барлық органдары бар 
мемлекет
; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар 
партиялар
 
мен 
қоғамдық
 ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды 
әсер ете алатын, (кәсіподак, 
кооперативтік
, діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ 
ӛскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (
мектеп

институт

театр
) жүзеге асыратын 
барлық мекемелер. 
Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, 
идеологиялар
 
моральды
, сондай-ақ саяси мақсатты кӛздеген жекелеген адамдардын 
қызметін қосады. 
Саяси жетекші; саяси көшбасшы 
Саяси жетекші; саяси көшбасшы (
ағылш.
 political leader) - мемлекеттің, саяси 
партияның, коғамдық ұйымның жетекшісі; 
саясат

мемлекеттік
 қызмет саласында ықпал 
етуге қабілетті тұлға. 
Саяси режим, саяси тәртігі 
Саяси режим, саяси тәртігі (lang-en|political regime}}) 
Экономикалық
 және мемлекеттік 
билікті (
демократия

тоталитаризм

авторитаризм
 және т.б.) жүзеге асыру тәсілдері мен 
құралдарынын жиынтығы. 
Саяси қатер, саяси тәуекелдік 
Саяси қатер, саяси тәуекелдік (
ағылш.
 political rick) Әскери әрекеттер, үлттық 
меншіктендіру, тәркілеу, шектеу енгізу және эмбаргомен байланысты 
кредиттік
 тәуекел. 
Саяси баспана 
Саяси баспана (
ағылш.
 political asylum) Халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған 
нормаларының негізінде, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан 
Республикасының заңнамаларына және Ережесіне сәйкес, Қазақстанның шетелдік 
азаматтарға
 және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруі. Азаматтық алған және 
немесе тұрып жатқан елде қоғамдық-саяси қызметі, нәсілі немесе ұлты, діни нанымдары 
үшін қудалаудан немесе қудалаудың құрбаны болудын шын қаупінен баспана іздеуші 
немесе қорғауды қажет ететін, сондай-ақ халықаралық құқықтын нормаларында кӛзделген 
адам
 құқықтары бұзылған жағдайда тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне саяси 
баспана беріледі 
 

Тақырып №28 Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет 
Қазақстан Республикасы — егеменді және тәуелсіз мемлекет туралы қазақша 
реферат 
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін 
баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан 
мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: 
Ресеймен, Қытаймен, Ӛзбекстанмен, Қызғызстанмен және Түркменстанмен шектес. 
Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Мемлекетіміздің 
аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық 
құқық айыптайды. Конституцияда жарияланғандай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату 
кӛршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірініші болып 
қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Республикаға қарсы агрессия бола қалған 
күнде немесе сырттан тікелей қауіп тӛнсе, Президент республиканың барлық аумағында 
немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды 
жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша 
біздің мемлекет ӛз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде ӛз қарулы күштерімен 
қорғайды.  Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика 
тұтастығына қандай  болсын  қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет,  адамдарды 
қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс. Қоғамда ӛтіп жатқан  процестер мен мемлекет 
қызметінің бағытына сәйкес бұл факторлар мемлекеттегі дағдарыс пен тұрақтандыруға 
жауап береді. Соңғы жылдары экономика саласында кӛп деңгейлі меншік жүйесі 
қалыптасып, шаруашылықтың барлық элементтерін қамтитын жаңа құрылымының  
қалыптасу процесі жүріп жатыр. Ӛндірісте экономикалық саясат, құрылымдық саясат 
жүргізу, айырбасты дамыту, ӛндіріс технологияларын  жаңарту, сауда-бұның барлығы 
мемлекеттің міндеті болып табылады. Жұмысы әдістер мен жұмыс жасауында және 
мемлекеттік ұйымдастырушылық пен реттеу функцияларын кӛрсетілген  процестерге 
ендіру болып табылады. Бірінші орынға  монопольді мемлекеттік жоспарлау кезеңінденгі 
мемлекет  функциялары мен басқарудың командалық әдістері шығады. Ең алдымен 
есептеу, бақылау, экономика мен шаруашылыққа анализ жасау функцияларын 
ұйымдастырады. Ал белгілі бір тарихи немесе әлеуметтік  жағдайдағы бар модельдерді 
кӛшіріп алып қайталауға жол берілмейді. 
Егемендіктің маңызды белгісі — онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. 
Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары ӛкілдік орган — Қазақстан 
Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан 
тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. 
Ал Сенат депутаттарының басым кӛпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті 
депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар 
сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын 
анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін 
қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің кӛлемінде 
атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. 
Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар-министрліктер, мемлекеттік комитеттер, 
коммиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар — облыстық, 
қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың ӛкілеттіктері 
зандарда және арнаулы ережелерде анықталады[23]. 
Ерекше құқық қорғау органдары бар, олар — соттар, ішкі істер органдары, ұлттық 
қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы, ӛкілеттіктері арнаулы 
зандарда анықталады. 

Егенмендіктің тағы бір маңызды белгісі — ӛз азаматтығының болуы. Азаматтыққа 
байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, Президенттің заң күші 
бар Жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық — адамдардың мемлекетпен тұрақты 
саяси және құқықтық байланысының жағдайы. Мүндай байланыстан мемлекет пен 
азаматтардың ӛзара құқықтары мен міндеттері келіп туады. Мемлекет, оның органдары 
азаматтарға ол құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдай жасауы 
керек. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылган болса, лауазым иелері, заң 
қорғайтын органдар кінәлілерді тиісті жауапқа тартады. Азаматтың міндеттері — 
Конституцияны, зандарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық ұлттардың тілдерін, 
әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің экономикалық қуатын күшейту. 
Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі — басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау 
қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық 
ұйымдардың мүшесі. Кӛптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. 
Олармен   саяси,   экономикалық,   мәдени,   т.б.   мәселелер   бойынша халықаралық      
шарттар     жасасты. Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы   
Президентке,   Парламентке   және Үкіметке қажетті ӛкілеттіктер берді. 
Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. 
Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік 
рәміздерді құрметтеуге тиісті. Зандарда оларды пайдалану тәртібі белгіленген. 
Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек, қазақ ұлты осы аумақта 
бұрыннан ӛмір сүріп келе жатқан этнос болғандықтан, мемлекеттің сол ұлттың атымен 
аталуы табиғи және занды жағдай. Қазақ тілі — бірден — бір мемлекеттік тіл. Басқа 
ұлттардың тілдерін кемсітуге жол берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және 
жергілікті ӛзін — ӛзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтына қарамай барлық азаматтарға тең 
құқық бере отырып, оларды тату тұруына заңдық негіз құрады. Сондықтан Қазақстан — 
бүкілхалықтық мемлекет. Бүл жағдай Конституцияда жазылған мемлекеттің, оның 
органдары қызметінің принциптерінде анық айтылған. Біріншіден, мемлекет, оның 
органдары қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы 
қажет. Қоғамдық татулық   дегеніміз қайшылыққа, әлеуметтік топтар арасында, түрлі 
ұлттар арасында қарсы тұрушылыққа жол бермеу. Мұндай татулықты қамтамасыз ету 
қоғамның тұрақтылығының, әр адамның тыныш ӛмір сүріп, оқуының, жұмыс істеуінің 
алғы шарты. Екіншіден, мемлекет ӛзінің экономикалық саясатын қоғамның экономикасын 
дамытуға бейімдеп, тек бір топ адамның емес, бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын 
жақсартуға бағыттауы керек. Үшіншіден, мемлекет органдары мемлекет ӛмірінің маңызды 
мәселелерін демократиялық жолмен шешуі керек. Бұл халық ең маңызды мемлекеттік 
мәселелерді, мысалы, Конституцияға ӛзгерістер енгізуді референдум арқылы шешеді 
деген сӛз. Референдумды ӛткізу тәртібі ерекше заңмен қарастырылады. 
Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып 
отыр. Мүндай мемлекет құрудың негізгі шарты-барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең 
құқықтық негзде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция 
«халық» деген ұғымды қолданады. Саяси-құқықтық мағынада «халық» деген-мемлекет 
кӛлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан 
азаматтарының жиынтығы. Мысалы, Конституцияға, Президенттің Қазақстан 
Республикасында сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа 
қоғамдық бірлестіктер Республика Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар 
ұсынуға ерікті. Оларды жан-жақты талқылап, қолдап немесе қарсы үгіт жүргізуге хақылы. 

Барлық саяси партиялар тең құқылы, олардың біреуіне қандай да болсын жеңілдік немесе 
артықшылық берілмейді. Азаматтар ӛз қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай 
алады немесе олар депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға 
ерікті. Мұның ӛзі халықтың ой-пікірін айқындауға мүмкіндік береді. 
Демократияның бір кӛрінісі — азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне мемлекет 
органдарының заңсыз қол сұғуына тыйым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі 
мақсатпен: ӛздерінің саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени, діни қажеттіктерін 
қанағаттандыру үшін қүрады. Әрине, қоғамдық бірлестіктер Конституцияны, завдарды 
сақтауға міндетті. Олар әлеуметтік, ұлттық, діни, нәсілдік арандатушылықпен 
айналыспауы керек. Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігіне, конституциялық 
құрылысты ӛзгертуге, Қазақстан аумағының тұтастығына қарсы бағытталмауы тиіс. 
Қазақстан Республикасы — зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі діни бірлестіктер әрекет 
етуде. Азаматтардың қандай дінге сенгісі келсе ӛз еркі, тіпті, ешбір дінге сенбеуге де 
хақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның мәні мынада: бірінішіден, мемлекет қандай 
да болсын діни идеологияны мойындамайды; екіншіден, мемлекеттік оқу орындарында 
(мектептерде, институттарды, т.е.с.)   діни ілімді уағыздауға жол берілмейді; үшіншіден, 
Республикамызда дінге     сүйенген саяси партиялардың ұйымдастырылуына және 
қызметіне тыйым салынған. 
Қазақстан халқы ӛз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол- құқықтық мемлекет 
құру. Бұл мақсатқа жету ӛте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, 
халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. 
Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін 
заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатын, заңдар 
адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататын, адамдарға отбасын құрып, ӛсіп-ӛнуге, ӛзі 
қалаған жұмыспен шұғылдануға, ӛздерін еркін сезшуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай 
туғызуға керек екенін түсінуі қажет. 
Қазақстан Республикасында, Конституцияда айтылғандай, әлеуметтік мемлекет құрылуда. 
Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға 
бӛлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына: шаруаларға, жұмысшыларға, 
қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге, 
жетімдерге, т.е.с. тиісінше қамқорлық жасайды. Мемлекет әрбір әлеуметтік топтың 
ерекшеліктерін ескеріп, кӛмекке мұқтаждарға  тиісті  қаражат  бӛледі.   Себебі   еңбекке   
қабілетсіз,   хал- жағдайы тӛмен  адамдарға мемлекет тарапынан  ерекше  қамқорлық 
қажет.      Мемлекеттің      сипаты      оның      жастарға,      мүгедектерге, зейнеткерлерге, 
кӛп балалы отбасыларына қамқорлық жасап, олардың адамға лайық ӛмір сүруіне жағдай 
туғызғанына қарап анықталады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, ол біртұтас, Президенттік 
басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы — оның әкімшілік-
аумақтық бӛлшектерден құрылатындығы, автономияға бӛлінбеуі. Әкімшілік-аумақтық 
құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихы және қазіргі замандағы 
ерекшеліктерін бейнелейді. 
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, оның жоғары 
лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды 
тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, 
түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында лауазымды болмауына қамқорлық 
жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын 
қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар 

Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады (вето құқығы). Егер 
Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды ӛзі 
қабылдай     алады. Сонымен қатар Конституцияда кӛрсетілген жағдайда Президент заң 
күші бар Жарлық қабылдай алады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті бӛлу принципін бекітті. 
Мемлекеттік ьилік үш буынға бӛлінеді: Заң шығаратын, атқарушы және сот. Заң 
шығарушы қызметімен Праламент шүғылданады. Атқарушы билікті жүзеге асыратын 
Үкімет. Ал сот билігін Жоғарғы Сот, облыстық, аудандық соттар жүзеге асырады. Аталған 
органдар біртұтас мемлекеттік биліктің әр буыны ӛз қызметін дербес жүзеге асырады, 
атқарады және басқа буындардың қызметіне араласпауы керек. Ондай жағдай бола қалған 
күнде тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану қарастырылған. Парламент Үкіметі 
орнынан түсіру мәселесін қоя алады, ал Президент Парламент тарқата алады. 
Мемлекеттің атқарушы органдары орасан зор жүмыс атқарады. Оларға жататындар: 
Үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті әкімшілік (облыстық, 
аудандық, қалалық, ауылдық, селолық). Заң қорғау органдарының әр бӛлшегі туралы 
арнайы заң бар. Мысалы, прокуратура Конституцияда жазылғандай, мемлекет атынан 
заңдардың, ӛзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл біркелкі қолданылуын, 
жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын жоғары қадағалауды 
жүзеге асырады. Анықтау және тергеу қызметін жүргізу үшін арнайы органдар құрылды. 
Олар әр түрлі болады — милиция органдары, мемлекеттік қауіпсіздік органдары. 
Құқықтық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдарының атқартын қызметі де сан алуан. 
Оларға жүктелетін міндеттер ерекше занда белгіленген. Адамның, қоғамның, мемлекеттің 
құқықтарын, тыныштығын, қауіпсіздігін қорғайтын, сақтайтын органдарға ұлттық 
қауіпсіздік органдары да жатады. Олардың да қызметі заңға сүйене отырып, жүргізілуі 
қажет. Аталған органдардың қызметінің тиімді және жемісті болуы қай кезде де 
азаматтардың қолдауына, кӛмегіне байланысты. Қазақстан Республикасы алдына 
демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мүндай мемлекет құрудың 
негізгі шарты-барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негзде біріктіру. Осы 
интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция «халық» деген ұғымды 
қолданады. Саяси-құқықтық мағынада «халық» деген-мемлекет кӛлемінде саяси 
әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының 
жиынтығы. 
Қазақстан мемлекеті ӛз алдына дербес даму мақсатында, алдымен елде болып жатқан 
мәселелерге назар аударып, соларды қалпына келтіру жолы арқылы ол болашаққа батыл 
және нақ қадам жасайды. 
Мемлекеттік идеологиядағы ӛзекті мәселеге тоқталып ӛткенді және елімізде болып 
жатқан басқа да кӛкейкесті мәселелерге тоқталып ӛткенді жӛн кӛрдім. 
Жұртшылыққа мәлім 1994 жылдың мамыр айында астанамыз Алматыда ӛткен 
республикалық кеңесте азаматтық келісім мен татулық, бірлік, жас мемлекетіміздің 
гүлденіп, ӛсіп ӛркендеу мәселелері негізінен сӛз болып, егеменді еліміздің жаңа сипаттағы 
мемлекеттік идеологиясының бет бейнесін айқындауға алғашқы қадам жасалды. Онда 
баяндама жасаған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қазіргі кезенде біздің саяси 
жұмысымыздың ӛзегі ретінде, бірігу, қоғамдық прогресс және әлеуметтік серіктестік 
идеясын ұсынады. Саяси қызметтің осынау мән-мазмүны терең және баршамыз үшін тың 
да сара соқпағы таңдауымыздың себеп-салдарына байланысты тоқтала келіп: 

— Біздің жаңылған жеріміз — жүргізіп отырған жұмысымыздың сипатын   адамдарға 
түсіндіре алмауымызда, біздің  максатымыз бен ұмтылыстарымызды жеткізе  
алмауымызда болар — деп  атап кӛрсетті Президент. 
Бақытымызға орай Қазақстан қазіргі ӛтпелі кезеңнің қиындықтарына, қарама-
қайшылықтарына қарамастан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы ішінде тыныштығын, бейбіт 
тіршілігін сақтап келе жатқан бірден-бір ел. Осы факторға алаңсыз сеніп, іс-әрекетсіз, 
қаннен-қаперсіз, қол қусырып отыра беруіміз дұрыс па? Әсіресе, тап бүгіндей алмағайып 
ӛтпелі кезеңді байтақ елімізде жүздеген ұлт ӛкілдері тұратынын және қос 
қапталымыздағы алып кӛршілеріміз бар екенін ескерсек, бұл нағыз отпен ойнаумен пара-
пар емес пе? Тіпті әрі-беріден соң біздің әлі буыны бекіп, қабырғасы қатаймаған жас 
мемлекетіміздің жоғын жоқтап, мұның мұңдайтын, қалың бұқарамен етене 
байланыстыратын және байыпты мемлекеттік саясатты мейлінше ынталы әрі ықыласты 
жүргізетін шынайы қамқоршысы, қолдаушысы мен қорғаушысы кім болмақ? 
Міне, бұл барша сергек ойлы, сезімтал жүректі, жанашыр жандарды кӛптен бері 
ойландырып, тереңінен толғандырып, жұмыла жауап іздеуге кезек күттірмес кӛкейкесті 
ӛзекті мәселе. 
Демек, бұдан шығар қорытынды: қазір бізге кӛсегесі кӛгерген, іргелі ӛркениетті ел, 
ӛзгелермен терезесі тең қуатты біртұтас халық болуды қамтамасыз ететін пәрменді 
идеология ауадай қажет-ақ. 
Жалпы идеология дегеніміз — әлде бір қиял ойдан туған, ӛмірден алшақ тұрған 
абстрактылы нәрсе емес. Біздіңше идеология дегеніміз-ӛмірмен біте араласып, 
бастауында, жалғасында қайнаған тіршіліктен тауып жататын, ӛмірлік қажеттіктерімізді 
қамтамасыз ететін құдыретті де қозғаушы күш. Қоғамның алдында тұрған кемел 
келешекке, бағытталған іргелі міндеттерді, жүзеге асыру барысында идеология ең 
алдымен барлаушы, ұйытқы, ұйымдастырушы және кӛш басында шамшырақтай 
жарқырап жетекші болып жүрсе, ал нақты мұраттар мен бағдарламалар орындала бастаған 
екінші бір тұста ол жариялылықтың арқасында қоғамдық бақылаушының, баға берушінің, 
тәжірибе жинақтап, таратушының рӛлін атқарады. 
Бүгінгідей бетбұрысты да тағдырлы кезеңде, біз үшін жаңа мемлекеттік идеологиямыздың 
маңыздылығы, қажеттілігі мен құндылығы да осында жатыр. 
Адамзат тарихында қай дәуірде болмасын бірде-бір ел идеологиясыз ойдағыдай ӛмір 
сүріп, ӛсіп-ӛркендемегені бәрімізге белгілі. 
Сондықтан бүгінгі кеңестің күн тәртібінде де ең кӛкейкесті, тағдьголы мәселе тұр деп 
білемін. 
Бізге керегі бүкіл Қазақстандықтардың арман-мүддесі түбегейлі кӛрініс тауып,  
Парламент бекіткен ата заңымыздағы тұжырымдарды іске асыруға негізделген идеология. 
Тұжырымдай түссек, ұлттық және адамзаттық рухани құндылықтарға қозғалыстар мен 
саяси партиялар жинақталған оң тәжірибелерге негізделген мемлекеттік идеология, 
Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, құқықтық мемлекет 
құруға және ең бастысы адамдардың игілігіне қызмет жасауға тиіс. 
Негізгі міндет барлық үкімет зандарын, мемлекеттік шешімдер мен бағдарламаларды 
жұртшылыққа кеңінен түсіндіру, қоғамдық пікірді зерттеу, оны талдау, оған оң әсер ету, 

ішінара ұшырасатын әлде бір қарама-қайшылықтарды бәсеңдету арқылы аталған 
құжаттардың орындалуына пәрменді ықпал жасау және жария түрде бүкіл халықтық 
бақылау орнату болып табылады. Сонымен қатар, ұлттар арасында жарасымды қарым-
қатынастың орнығуын, халықтың ынтымағын, ауызбіршілігін, тыныштығын сақтауды, 
адам тәрбиесін, азаматтардың ӛз құқықтарын толық мәнінде пайдалануын қамтамасыз ету 
де күн тәртібінен түспейтін толғақты мәселе. 
Қазақстан түпкі мәртебелі мақсатына жету жолында, ең алдымен ұлттық    және  
азаматтық  намыс туын жоғары кӛтеріп, бүкіл қазақстандық отансүйгіштік қастерлі 
сезімді түбегейлі қалыптастыру аса маңызды іс. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет