Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


Жұмыссыздықтың мәні, пайда болу себептері, зардаптары және түрлері. Оукен заңы



бет39/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

2. Жұмыссыздықтың мәні, пайда болу себептері, зардаптары және түрлері. Оукен заңы.

  • Жұмыссыздық-бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында тепе-теңдік орын алғанда экономикада толық жұмысбастылық қалыптасады. Бірақ ақпараттың жетілмегендігінен еңбекке қабілетті халықтың белгілі бір бөлігі жұмыс таппай қалады.

  • Макроэкономикада 16 жастан бастап және одан жоғары жастағы халықты мынадай екі топқа бөліп қарастырады.

  • 1) экономикалық белсенді халық ( бұл топқа жұмыс күші жатады, ол өз кезегінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар болып бөлінеді);

  • 2) экономикалық белсенді емес халық (бұлар жұмыс күші құрамына кірмейтін оқушылар, зейнеткерлер және т.б.).

  • Жұмыссыздықтың негізгі көрсеткіші – жұмыссыздық деңгейі, ол жұмыссыздар санының жұмыс күшінің жалпы санына ( жұмыс істейтіндер мен жұмыс істемейтіндер санының сомасына) қатынасы арқылы анықталады және пайыздық көрсеткішке ие болады;

  •  немесе 

  • мұндағы, u-жұмыссыздық деңгейі, U-жұмыссыздар саны, L-жұмыс күші, E-жұмыспен қамтылғандар саны.

  • Төмендегі кестеден Қазақстандағы еңбек нарығы көрсеткіштерінің динамикасын көруге болады (9,1-сурет)

  • Кестеден көріп отырғанымыздай, осы жылдар аралығында еңбек нарығы көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалып отыр. Жалпы халық санындағы экономикалық белсенді халықтың үлесі, яғни жұмыс күшінің саны жылдан жылға артып келеді. Жұмыс күші жұмыспен қамтылғандар санының өсуімен бірге жүріп отыр және керісінше, оның құрамындағы жұмыссыздар санының, сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейінің жылдан жылға азайып келе жатқанын байқаймыз.

  • Еңбек нарығында жұмыссыздықтың мынадай негізгі үш түрі орын алады;

  • 1) фрикциондық жұмыссыздық - адамдардың әртүрлі өмір кезеңдерінде бір жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына түрақты түрде ауысып отыруына байланысты туындайтын қысқа мерзімдегі еркін жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыс іздеумен және оны күтумен байланысты. Азаматтардың кәсіби біліктілігі мен жеке талғамдардарына сәйкес келетін жұмыс орындары және оған лайық азаматтар туралы ақпараттар жеткіліксіз болып шығады. Жұмыскерлердің территориялық жағынан орын ауыстыруы да белгілі уақытты талап етеді. Жұмыс күшінің бір бөлігі кәсіби мүдделерінің, тұрғылықты мекен-дайларының өзгеруімен және басқа да себептердің болуымен байланысты өз қалауы бойынша жұмыстан шығып кетіп отырады. Сондай-ақ, жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген азаматтар да жұмыссыздықтың осы категориясына кіреді. Мысалы, оқу бітіріп диплом алған жас маман иесі өз біліктілігін іске асыру үшін аса қолайлы жұмыс орнын іздеуі мүмкін. Фрикциондық жұмыссыздыққа тап болған азаматтар жұмысқа деген қабілеттіліктерін еш жоғалтпай оны кез келген уақытта еңбек нарығында іске асыра алады. Еңбек нарығының үнемі өзгеріп отыруына орай және адамдардың жұмыспен қамтылғандар категориясынан жұмыссыздар категориясына үнемі ағылуынан және керісінше ағылуынан жұмыссыздықтың бұл түрінен құтылуға болмайды.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет