Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет32/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Мәтін аудармасының түрлері қандай?
2. Мәтін аудармасының қай түрі ең тиімді?


Тақырып№31: Ағылшын тілінен қазақ тіліне әңгімелерді аудару
Мазмұны:
1. Ағылшын тілінен қазақ тіліне әңгімелерді аударудың жолдары
2. Мәтін түрлерінің бір бірінен айырмашылығы
Аударма – бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл.
Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы. Аударма – әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады.
Ағылшын тілінен қазақ тіліне әңгімелерді “Қалай аудару керек” деген сұраққа жауап іздеген кезде, зерттеушілер әр түрлі аударма объектілеріне назар аударады. Әрине, дәлме-дәл аударма жасау мүмкін емес. Бұл тілдердің грамматикасына, сөздік қорына және сол тілдердегі мәдени айырмашылықтарға байланысты. Мәдени айырмашылықтар аудару жолдарына, нәтижелеріне үлкен ықпал етеді.
Аудармашының алдына қойылатын үш түрлі талап бар.
Біріншіден, ол шығармада бейнеленіп отырған өмір шындығын дәл беруі керек.
Екіншіден, түпнұсқаның өзін айнытпай жеткізуі тиіс.
Үшіншіден, ана тілінің заңды жүйесіне ешқандай нұқсан келтірмеуі тиіс.
Осыған байланысты басты назарды аудармашының біліміне аудару қажет.Әрбір тілдің өзіне тән тұрақты белгілері бар, өзіне тән өзгеше мән-мағынасы бар. Бұл өзгешеліктер басқа бір тілмен сәйкес келмейді. Сондықтан аударма ісі бір формадан екінші формаға жай ауыса алмайды. Ол үшін аудармашыға қай тілдік бірліктің мәні түпнұсқадағы мазмұнға сәйкес келетінін біліп алу керек.
Әңғімелерді аудару барсында кездесетін қиындықтары тілдің ерекшелігімен және сол тілдің әр турлі жағдайларда кездесетіндігімен тығыз байланысты.
Аудармадағы қиындықтар түпнұсқада аталған кейбір құбылыстарға байланысты немесе қабылданып, аударылып отырған мәдениеттің аударма рецепторларына белгісіз жақтарына байланысты туындауы мүмкін. Әр тіл — өзінше жеке мәдениет.Бұл жерде үш түрлі қиындықты атауға болады: тілдік бірліктің семантикалық, яғни мағыналық ерекшелігі, «өмір құбылысының » сәйкес келмеуі, тілден тысқары өмір шындығын суреттеудегі тілді пайдалану, өмір шындығы мен осы шындықты мәтінде суреттеп берудегі өзгешелік.
Қазақ тіліне әңгімелерді аудару үшін бізде қазақша-ағылшынша, ағылшынша-қазақша сөздіктері болуы керек.
Қандай жағдайда болмасын, аудармашы бөтен мәдениеттің оқиғаларымен, тілдің өзіне ерекшеліктерімен тән таныс болуға міндетті ғана емес, оны өз аудармасында көркем суреттеп, оқырманға түсінікті етіп баяндауға тиісті.
Аударма мәселесі әдебиетте әуелден басты назардағы мәселе. Әрбір аудармашы-жазушының шығармашылығын аударар кезде оның шығармашылығымен толықтай танысып алу керек. Жазушының ішкі әлемін білмей жатып оған аударма жасау да қиындық тудырады.Аударма жасауда автор жанын түсініп, оның әлемдік көзқарасын, шығармашылық бағытын білу шарт.Ағылшын тілінен қазақ тіліне әңгімелерді аудару кезінде негізінен үш түрлі қасиетті білуі қажет:
1.Өзінің ана тілін жетік меңгеруі;
2.Ағылшын тілінің құрылымымен ғана емес, ол елдің тарихы, әдебиеті, тұрмысынан хабардар болуы;
3.Сөзбе-сөз аударудан гөрі, мағынасы мен идеясына аса көңіл бөліп аударуы керек.
Жасау немесе аудару қажет болғанда термин: 
- алдымен қазақ тілінің өзінің лексикалық қорынан; 
- одан ыңғайлы сөз табылмаса, көне қазақ (қыпшақ, шағатай)
- олардан ыңғайлы сөз табылмаса ретімен: туысқан халықтар -
- олардан ыңғайлы сөз табылмаса, араб, парсы тілдерінен алынуы
Аудару барысында бір жанрға және бір стильге жататын мазмұны жағынан үндес мәтіндер салыстырылады. Бұл аудармашыға мәтін аударылуға тиісті тілге,яғни қазақ тіліне стилистика жағынан үйренісуіне яғни адаптациялануына мүмкіндік береді.
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы анализ мәтіндердің бір-біріне ұқсастығын, олардың құрылымы мен мазмұнындағы өзгерістерді анықтайды. Сол сияқты мәтіндердің жекелеген элементтерін салыстырады.
Авторлар жеке жұмыс істеуге болмайды. Сапалы аударма болуы үшін, бірлескен әрекет қажет. Көркем әдеби мәтіндерді аудару қазақ әдебиетінің әлемдік деңгейге көтерілуіне жағдай жасайды.Аудармашылар әлем классиктерімен қоса әдебиеттің қазіргі қарым-қуатын білдіретін жаңа заманғы көркем сөз шеберлерінен де барынша өндіре аударуға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет