Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Лексикография туралы не білесіз?
2. Сөздік құрастырудың оңай және қиын жолдары?
Тақырып№28: Түсіну барысындағы аударма анализінің рөлі Мазмұны: 1. Аударма түрлерінің ерекшеліктері
2. Аударманы анализдеу тәсілі
Аударма— бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып,қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі.адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Көркем аударма– әдебишығарманыңбір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы.Орта ғHYPERLINK "%80%22Орта%20ғасырлардан"асырларданбастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілісюжеттіарқау ете отырып шығарма жазудәстүріболған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейдееркін аудармадеп саналғанмен, шынындатөлтумашығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайдатүпнұсқағасәйкес болуы шарт. Көркем аударматүпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі кажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсканың ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқтыталантартолық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп- нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлікшеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдебипроцестеалатын орны үлкен.ҚHYPERLINK "%96%22Қазақ%20әдебиетінде"азақHYPERLINK "%96%22Қазақ%20әдебиетінде" әHYPERLINK "%96%22Қазақ%20әдебиетінде"дебиетіндеқазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 219 HYPERLINK "%93.%2219%20ғ"ғ-дан басталады. [HYPERLINK "%22%5B1%5DHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9%22Абай"1HYPERLINK "%22%5B1%5DHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9%22Абай"]HYPERLINK "%22%5B1%5DHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9%22Абай"Абайнеміс ақыныГетенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың, А. Пушкинніңжекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды, Ы.Алтынсаринорыс педагогыК.Д. Ушинскийдің,Шәкерім ҚұHYPERLINK "B%22Шәкерім%20Құдайбердіұлы"дайбердіұлыЛ.Толстойдың("Асархадон патша", "Үш сауал"), А.С. Пушкиннің ("Дубровский", "Боран"), Тұрагұл Абайұлы М.Горькийдің ("Челкаш"), АС. Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"), Б.Прустың ("Антек") шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-да аударма ерекше серпінмен дамып,А.Байтұрсынұлы(И.Крылов мысалдары), М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті. Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев, Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем аударма саласын жаңа санаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым докторы Н.Сағындықованың "Көркем аударманың негіздері" (1995) аталатын монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып келеді.
Түсіндіру барысындағы аударма анализінің басты рөлі- аударма, ал міндеті – аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру. [HYPERLINK "%22%5B3%5D"3HYPERLINK "%22%5B3%5D"]Ал,аудармашылар болса, осы теория негізінде,практика барысында кездесетін әр түрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет.Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады.Түп-төркіні аударма практикасынан келіп шыққан аударма теориясы процесіне жетекшілік ету барысында тағы да үздіксіз жетіліп,толықтанып,дамып отырады.Бүгінге дейінгі аударма теориясының жетіп отырған деңгейінің дәуірлік шектемелігі бар деуіміз де сондықтан, Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет болғандықтан аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына тығыз байланысты болады. Екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады. Сол себепті де, аударма теориясының міндеттерін мынадай түіндерге жинақтап көрсетуге болады: 1) Тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, грамматика, стилистика, логика жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілін жан-жақты қарастыру; 2) Осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында кезіккен алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы талдау жүргіщзіп, дұрыс қорытынды шығарып, оларды бейнелеу тәсілін қарастыруды негіз езу; 3) теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін нұрландырып, аударма нұсқасында әділ баға беріп, аударма сапасын үздіксіз жоғарылату;