Талғат сайрамбаев


Алматы, жеті Жұмаш, жиырма Əлішер



Pdf көрінісі
бет105/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Алматы, жеті Жұмаш, жиырма Əлішер деп айтуға болмайды. 
Өйткені жалқы есімдер даралықты, жекелікті білдіретін заттар-
дың өзіне тəн аты. Ал сан есімдер жалпы есімдермен еркін тіркесе 
береді. Мысалы: Екінші тамды ашса, үш сауыт, үш қылыш, 
үш ер, үш найза, үш мылтық, үш садақ тұр (Батырлар жыры). 
Мұнда үш сан есімі сауыт, қылыш, ер, найза, мылтық, садақ 
жалпы есімдерімен тіркесіп келген.
Сонымен, сан есімдер тек зат есімдермен тіркесуге қабілетті. 
Бұл қасиет сын есімге де тəн екендігі белгілі. Бірақ сын есімдер 


218
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
затты сындық жағынан анықтаса, сан есімдер тек сандық жағынан 
анықтайды. Сандардың осы қасиетіне байланысты көптеген ға-
лымдар сан есім тек затты сандық жағынан анықтауға тиіс деп, 
оларды біржақты көрсетеді
[27]. Дегенмен, мұндай көзқарас тілі-
міздің бүгінгі сипатындағы сан есімдердің қолданылу ерекше-
лігін түгел қамти алмайды.
Проф. М. Балақаев сөздердің өзара тіркесу заңдылығының 
қалыптасуына тарихи тұрғыдан қарау керек екендігін көрсете 
келіп, «Современная система словосочетания представляет 
собой результат длительного развития языка. Она создается в про-
цессе исторического развития языка в связи с историей употребле-
ния слов. С обогащением лексического состава и усовершенство-
ванием синтаксического строя языка расширяются и возможности 
сочетаемости слов. Чем больше вступают в контакт с другими 
словами, тем ярче выражается их социальная функция»
[28, 407] –
деп жазғаны белгілі. Сол сияқты В.В. Виноградовтың редакция-
сымен шыққан «Грамматика русского языка» деген еңбекте 
«...общие грамматические законы и отдельные грамматичес-
кие правила выводятся из самой языковой практики» – деп көр-
сетіледі. Осы пікірдің дұрыстығын санды білдіретін сөздердің 
басқа сөздермен тіркесу қабілетінің артуынан да байқауға бола-
ды. Сандық құбылыс затпен тығыз байланысты. Бірақ тіл дамуы-
ның нəтижесінде оның байланысы тек зат есімдермен шектеліп 
қалмай, сан есімдер етістіктермен де тіркесетін болды. Соның 
нəтижесінде сан есім пысықтауыштық қатынаста жұмсалып, қи-
мыл процесін сандық сапа тұрғысынан пысықтайтын болды [29].
Тілдік фактілерге қарағанда, сан есімдер заттық анықтауыш-
тың қасиетін өз бойында үнемі сақтай отырып, зат қимылының 
мөлшерін білдіруі бірден пайда болған жоқ. Мұның өз ерекшелігі 
бар. Зат есімдермен ғана тіркесуге қабілетті сан есімдер енді 
етістікпен де тіркесуге қалай бейімделді? Көне ескерткіштер 
тіліндегі санаудың біздің қазіргі тілімізбен салыстырғанда көп 
ерекшелігі болған. Сан есімдердің етістікпен тіркесі орхон-ени-
сей жазуларында да, Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғати ит-
түрк» сөздіктерінде де екі түрлі беріледі.
Көне ескерткіштер мұралары тілінде сан есімдер етістікпен 
қосарлы сөздер арқылы тіркескен. Сонымен қатар, олардың етіс-


219
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тіктермен тікелей де тіркесі кездеседі. Бұдан мынадай қорытын-
ды шығаруға болатын сияқты: сын есім таза күйінде тек зат 
есімді анықтайды, дегенмен, сирек те болса, етістіктермен де 
тіркеседі. Ал сан есімдер түрлі қосарлы сөздермен келіп, көбіне 
етістіктермен тіркес құрайды. Сонымен қатар сан есімнің мұндай 
түрлерінің зат есімдермен де тіркесі кездесіп отырады. Бұл 
фактілер сан есімдердің етістіктермен тіркесі ең алдымен қо-
сарлы сөздер арқылы болғандығын дəлелдейді. Ондай даму ба-
рысынан қосарлы сөздердің тіркес құрамынан шығып қалуы сал-
дарынан, сын есімдердің етістіктермен тікелей тіркесуі қалып-
тасқан. Ал ондай дəнекер, біздіңше, мыналар: рет, есе, жуық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет