Талғат сайрамбаев


 Сөз тіркестерінің жанаса байланысу формасы



Pdf көрінісі
бет113/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

3. Сөз тіркестерінің жанаса байланысу формасы
Қазіргі кезде сөз тіркесі синтаксистің ең бір үлкен саласы бо-
лып табылады. Ол туралы бірнеше монографиялар, жоғары оқу 
орындарына арналған оқулықтар да шықты. Сөйтіп, сөз тіркесі 
синтаксисі жан-жақты зерттеу объектісіне айналып отыр. Деген-
мен, сөз тіркестері, əсіресе олардың байланысу формалары туралы 
əлі де болса арнайы қарауды қажет ететін жайттар бар.
Сөз тіркестерінің байланысу формалары оның басқа да объек-
тілеріне қарағанда ең алғаш зерттеле бастады. Соған қарамастан 
əлі де болса олардың
мектеп, жоғары оқу орындарына арналған 
оқулықтардағы берілу дəрежесі, аталуы, əрқайсысының жасалу 
жолдары сияқты мəселелері арнайы тоқталуды қажет етеді.
Сөз тіркестерінің байланысу формаларының берілуінде əр-
түрлі алшақтықты көруге болады. С. Аманжолов, Н. Сауранбаев-
тар мектеп грамматикасында сөз тіркесін қиысу, меңгеру, қабысу 
жəне жанасу деп берсе, ал 1950 жылдардан кейін оған матасуды 
енгізгені белгілі. Сөйтіп, авторлар сөз тіркесін байланысу форма-
ларына қарай меңгеру, матасу, қиысу, қабысу жəне жанасу деп бес-
ке бөліп береді. Осы пікірді Н. Сауранбаев, Т. Қордабаев, Р. Əмі-
ров, Ш. Əуелбаев, Ғ. Əбуханов, К. Е. Қабиева, т.б. қолдайды.
Сөз тіркесі туралы арнайы еңбек жазған М. Балақаев олардың 
байланысу формаларына қарай 1949 жылғы мектеп граммати-
касында 5-ке бөліп берсе, ал жоғары оқу орындарына арналған 


230
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
оқулығында қиысу, меңгеру, матасу жəне қабысу деп 4-ке бөледі 
де, соңғы байланысу формасының бір түрі деп жанасуды атаумен 
ғана шектеледі. Ал Ə. Нұрмаханова мен А. Əбілқаев оларды 4-ке 
бөліп қарастырып, жанасуды ескермейді. Сөйтіп, сөз тіркесінің 
байланысу формалары сан жағынан да, атаулары жағынан да 
əртүрлі беріліп жүр. Бұл байланысу формаларының ішінде ата-
луы жəне жасалуы жағынан таласқа түсіп жүргені жанаса бай-
ланысу формасы. Жанасу мектеп грамматикаларында арнайы 
беріліп жүрсе, ал жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда, 
біріншіден, еленбейді, екіншіден, ол қабысудың алшақ түрі деу-
мен ғана шектеледі. Мектеп грамматикаларында жанасудың 
жасалу жолдары туралы да бірізділік жоқ. Жанасудың жасалу жол-
дары (С. Аманжолов, Н. Сауранбаев) 1939 жылғы мектеп грамма-
тикасында былай берілген:
а) үстеу мен етістік – кеше келді;
ə) көсемше етістік – оқып келді;
б) септік жалғаулы мезгілді, мекенді білдіретін – түнде келді, 
кешке келді;
в) шылаулы сөз – етістік – оқу үшін келдім, сабақтан кейін бар-
ды, саған бола аялдадық [53, 30].
Ал 1940 жылғы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша 
курсы» деген еңбегінде С.Аманжолов жанасуда негізінде осы пі-
кірді қайталай келе, оған адам сияқты сөйледі деген модаль сөз-
ді топты да жанасу деп біледі [54, 86].
Бұл мəселе 1980 жылғы мектеп грамматикасының басылы-
мында біраз өзгеріске түскенін көруге болады. Онда авторлар 
жанасудың жасалуына үстеу, көсемше, сан есіммен мезгіл өлше-
мін білдіретін секунд, минут, сағат, ай, жыл, сілтеу есімдігімен 
түні, күні, жылы зат есімдерінің тіркесінен болады деп көрсеткен.
М. Балақаев «Кеше мен де жиналыста болдым, асықпай сұ-
раққа жауап бердім» деген сөйлемдердегі үстеу мен көсемшенің 
етістікпен тіркесін ғана жанасуға жатқызады. Автор жанасудың 
қабысудан негізгі айырмашылығы ретінде сөздердің өзі қатысты 
сөздермен орын тəртібін басшылыққа алады. Бірақ осы принципті 
қолданғанымен, автордың қабысу мен жанасуға берілген мысал-
дары араласып жатады. Мысалы: автор «тез кел» дегенді қабы-
суға жатқызса, ал «кеше мен де жиналыста болдым», дегенді 


231


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет