Талғат сайрамбаев


-дай, -дей (екі километрдей, бес метрдей)



Pdf көрінісі
бет107/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

-дай, -дей (екі километрдей, бес метрдей) жұрнағын да қабыл-
дап, қабыса байланысса, нумеративті сөздер сан есіммен қо-
сарланып, анықтауыштық қатынаста жұмсалуымен бірге, енді 
олар сан есім анықтауышымен қосарланып септеліп, басыңқы 
сөзімен меңгеріле де байланысатын болып қалыптасты. Тіпті, 
кейде түрлі шылау арқылы меңгеріле береді [33]. Бұған қара-
ғанда нумеративті сөздермен келген сөз тіркестерінен екі түрлі 
нəрсені байқауға болады. Біріншіден, нумеративті сөздер басыңқы 
сөзімен орын тəртібі арқылы қабыса байланысады, екіншіден, 
нумеративті сөздермен келген сөз тіркестері меңгеру арқылы да 
құрылатын болды. Мұның өзінен бұрын сан есімді нумеративті 
сөзді сөз тіркестерінің басыңқы сыңары тек есім болса, енді 
ондай құрамды күрделі сөз тіркестерінің басыңқы сыңары етістік 
болып, етістікті сөз тіркесінің аясы кеңейе түскенін көреміз.
Алайда сан есімдердің тіркесу қабілетіндегі осындай өзгеріс-
тер қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркологияда арнайы 
зерттеу объектісі болған емес.
Үстеулер грамматикалық класс ретінде кейін қалыптасты. 
Орхон-енисей немесе онан кейінгі ескерткіштер тілінде олардың 
саны көп те емес. Үстеулер негізінде етістікпен тіркесе алатын 
сөз табы деп қаралады.
Алайда қазіргі тілдің фактілері олардың қимылды ғана пы-
сықтап қоймай, есімдерге де қатысты қолданылатындығын көр-
сетеді. Бұл тілдің стильдік мүмкіндігінің кеңеюінің жемісі. Қазір 
тілімізде үстеулер есімдермен түрлі қосымшалар арқылы жəне 
сол тұлғасында қазақ тілінде үстеулік қасиетін сақтай отырып 


221
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тіркеседі. Ондай тіркестердің басыңқы сыңары қызметінде зат 
есім, сын есім, сан есім жəне есімдіктер жұмсалады. Мысалы: 
1. Қазір бригадир, оқушы, ұшқыш, басшы, оқытушы.
2. Биыл көңілді, кең, орынды, таза.
3. Биыл жетіде, онда.
4. Бүгін мен, ертең сен.
Дегенмен, ондай қасиет барлық үстеулерге тəн емес. Көбіне 
мезгіл, мөлшер үстеулері ғана сондай қолданысқа бейім. Ал 
үстеулермен тіркесіп келетіндер көбіне зат есім, сын есім, басқа 
да сөз таптарының үстеулермен тіркес құрауы – сирек кездесетін 
құбылыс. Сонымен, үстеулердің есімдермен тіркесі – кейінгі 
дəуірдің жемісі. Бүгінде олар жер астында отыр... Бүгінге дейін 
майыспай келген байдың иілген түрі ме бұл, əлде құлақтың 
тегеурініне шыдай алмай морт сынғаны ма? Бай өзінің бұл ойын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет