Талғат сайрамбаев


Сөз тіркестерінің тарихы туралы бірер сөз



Pdf көрінісі
бет102/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

1. Сөз тіркестерінің тарихы туралы бірер сөз
Тілдің басқа салалары сияқты, оның синтаксистік құрылысы 
да даму барысында өзгеріске түсіп отырады. Синтаксистік 
құрылыстағы өзгерістер қоғам өміріндегі сондай құбылыстармен 
тығыз байланысты болып келетіні тіл білімінде əр кез айтылып 
жүрген жайт. Ал синтаксистік құрылымның үлкен бір саласы – 
сөз тіркестері құрамындағы болуға мүмкін өзгерістер жайлы 
Н.Ю. Шведова: «Изменения в системе словосочетаний проис-
ходят значительно быстрее, чем в системе предложений», – деп 
атап айтады
[8, 5]. Осы пікірді қазақ тілі материалы бойынша 
Т. Қордабаев, С. Исаев, т.б. көптеген авторлар да қолдайды
[9, 13].
Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық 
ерекшеліктерінен, яғни байланысу формасынан, байланысу амал-
дары мен құрылымдық түрлерінен көрінеді. Сөз тіркесінің байла-
нысу формалары мен тəсілдеріндегі өзгерістер, шындап келген-
де, морфологиялық, яғни əрбір сөз тобы құрамында кейін пайда 
болған құбылыстармен тығыз байланысты. Басқаша айтқанда, 
сөз тіркесіндегі өзгерістер əрбір сөз табының тарихи дамуымен 
тығыз байланысып жатады.
Синтаксистегі өзгешеліктердің морфологиялық өзгерістермен 
тығыз байланыстылығы туралы айта келіп Б.А. Серебренников 
пен Н.З. Гаджиева «туыс тілдерде тарихи морфологиялық, тарихи 
синтаксис болмады» деп, біріншіден, басқа тілдермен салысты-


211
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
ру дəрежесін, екіншіден, бір фактіні бір тілдің бұрынғы күйі мен 
қазіргі күйі тұрғысынан салыстыруды ұсынады
[10, 256].
-ғы, -гі жұрнағының кейде арнайы байланысу формасын-
дағы сөздерді өзгертетіндігі туралы А. М. Шербак дұрыс айтады.
а) Жатыс – жолдағы, ертеңгі, т.б.
б) əртүрлі формадан кейін
[11, 97-98].
Сол сияқты автор -сыз, -сіз жұрнақтары бір сөз тобындағы 
сөзді екінші сөз тобына, яғни су зат есімі сусыз болып, енді сын 
есімді қабыса байланысқан сөз тіркестерін жасайтындығын ай-
тады
[11, 99]. Кейбір шылаулы тіркес туралы проф. К. Мусаев 
Қазан төңкерісіне дейін үшін шылауы ілік жалғаулы есімдікті ке-
рек ететіндігі міндетті болғандығын айта келіп, қазіргі кезде мен 
үшін, яғни ілік жалғауынсыз да айтылуын сөз етеді. Мұның өзі 
кейде шылаулы тіркестер қазіргі кезде көбіне атау мен іліктен 
басқа септіктерге тəн делінетін қағидаға аз уақыттың ішінде 
өзіндік өзгерістің болғандығын дəлелдейді
[12, 214].
А.М. Шербак ортағасырлық түркі тілдерінде ілік септіктің та-
быс септігімен алмасып жұмсалатынын көрсетеді. Мұның өзі 
біздің тіліміздегі матасу ретінде жұмсалатын ондай тіркестер-
дің ол тілдерде меңгеру арқылы берілетіндігін де айқындай-
ды
[13, 113].
Проф. М. Томанов ерсілі-қарсылы, азды-көпті, т.б. -ды қосым-
шасы ескі дəуірде септік жалғауы ретінде қолданылған дейді. 
Бұрын меңгеріле байланысқан сөздердегі қосымша жалғаулық 
қызметінен ажырап, қазіргі кезде өлі формаға айналуынан, енді 
олар, тек қабыса байланысу ретінде қалыптасқандығын көрсе-
теді. Осы іспеттес өзгерісті септік жалғауы ретінде жұмсалған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет