Талғат сайрамбаев


Синтаксистік терминдердің құрылымы туралы



Pdf көрінісі
бет139/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

2. Синтаксистік терминдердің құрылымы туралы. Син-
такистік термин сөздер құрылысы жағынан дара да, күрделі де 
болып келеді. Дара синтаксистік терминдер əрі орыс тілі неме-
се басқа тілдер арқылы немесе қазақтың төл сөзі арқылы да келе 
береді. Мысалы, Кеңесбаев пен Жанұзақовтың «Русско-казах-
ский словарь лингвистических терминов» деген сөздігінде дара 
синтаксистік терминдер былай берілген: Мысалы басқа тілдер 
арқылы енген термин сөздер:
1. Атрибут. 2. Анастрофа. 3. Варваризм. 4. Гипотаксис. 5. Пара-
таксис. 6. Пунктуация. 7. Синтаксис. 8. Предикат.


283
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Қазақтың өз сөздері арқылы берілген термин сөздер мыналар:
1. Айқындауыш. 2. Анықталғыш. 3. Анықтауыш. 4. Бағыну. 
5. Басыңқы. 6. Баяндауыш. 7. Нүкте. 8. Сөйлем. 
Ал осы сөздіктегі синтаксистік термин сөздердің үш күрде-
лі түрі беріледі.
1. Екі сыңары да орыс тілі немесе басқа тілдер арқылы жасал-
ған термин сөздер:
1. Абсолютті конструкция. 2. Синтаксистік конструкция. 3. Син-
таксистік фонетика. 4. Релятивті синтагма. 5. Номинативті функ-
ция.
2. Бір сыңары қазақша, бір сыңары орысша немесе керісінше 
алдыңғы сыңары орысша, соңғы сыңары қазақша термин сөздер:
1. Адъективті баяндауыш. 2. Адъективті сөйлем. 3. Адъективті 
тіркес. 4. Аналитикалық тəсіл. 5. Аффективті сөйлемше. 6. Баян-
дауыштық аффикс. 7. Номинативті сөйлем. 8. Грамматикалық бас-
тауыш. 9. Грамматикалық заңдар. 10. Грамматикалық мағына. 
11. Синтаксистік талдау. 12. Синтаксистік тəсіл. 13. Пунктуация 
ережелері. 14. Предикат есімдер.
3. Екі сыңары да қазақша сөздер арқылы берілген термин 
сөздер мынадай:
1. Атаулы сөйлем. 2. Бағыныңқы сөйлем. 3. Басыңқы сөйлем. 
4. Бірыңғай анықтауыш. 5. Болымды сөйлем. 6. Болымсыз сөй-
лем. 7. Жалғаулықты сабақтас. 8. Жалғаулықсыз салалас. 9. Ер-
кін тіркес. 10. Есімдік тіркес. 11. Есімшелі тіркес. 12. Қосалқы 
анықтауыш. 13. Құрамды бастауыш. 14. Меңгеру түрлері. 15. Сөй-
лем мүшелері, т.б.
Жалпы барлық синтаксистік терминдерді беру бір жұмыста 
мүмкін емес. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты терминдерді 
ғана жеке беріп отырмыз. Олар:
1. Алшақ қабысу. 2. Аналитикалық тəсіл. 3. Аналитикалық – 
синтетикалық тəсіл. 4. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркес-
тері. 5. Аралас сөз тіркесі. 6. Бағыныңқы сыңар. 7. Барыс жал-
ғаулы сөз тіркесі. 8. Бір сөз табының негізінде қалыптасқан 
сөз тіркестері. 9. Əр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз 
тіркестері. 10. Бір сөз табының қайталануы негізінде қалыптасқан 
сөз тіркестері. 11. Басыңқы сыңар. 12. Еліктеуіш сөздің етіс-
тікпен тіркесі. 13. Етістікті меңгеру. 14. Есімді меңгеру. 15. 


284
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Етістікті қабысу. 16. Есімді қабысу. 17. Еркін тіркес. 18. Есімді 
матасу. 19. Есімді сөз тіркестері. 20. Етістікті сөз тіркестері. 
21. Есімдік пен зат есімнен құралған сөз тіркестері. 22. Есімше мен 
зат есімнен құралған сөз тіркестері. 23. Есімдікті сөз тіркестері. 
24. Есімшелі сөз тіркестері. 25. Есімді қатыстырма сөз тіркестері. 
26. Етістікті қатыстырма сөз тіркестері. 27. Есімдіктің етістікпен 
тіркесі. 28. Жақ жағынан қиысу. 29. Жалғаулар арқылы байла-
нысу. 30. Жай сөз тіркесі. 31. Жай матасу. 32. Жай меңгеру. 
33. Жай табысу. 34. Жатыс жалғаулы сөз тіркестері. 35. Жана-
су. 36. Зат есімнің етістікпен тіркесуі. 37. Зат есім мен зат есім-
нен құралған сөз тіркестері. 38. Зат есімді сөз тіркесі. 39. Инто-
нация арқылы байланысу. 40. Көмекші сөзді меңгеру. 41. Кө-
мекші сөзді есімді меңгеру. 42. Көмекші сөзді меңгеру. 43. Күрделі 
матасу. 44. Күрделі меңгеру. 45. Күрделі қабысу. 46. Көсемшенің 
етістікпен тіркесі. 47. Көмектес жалғаулы сөз тіркесі. 48. Күрде-
лі сөз тіркесі. 49. Қиысу. 50. Қабысу. 51. Қыстырма сөз тіркесі. 
52. Қиыса байланысқан сөз тіркесі. 53. Қабыса байланысқан сөз 
тіркесі. 54. Қабысудың қиысуға ауысуы. 55. Қабысудың меңгеру-
ге ауысуы. 56. Қабысудың матасуға ауысуы. 57. Қабысудың жана-
суға ауысуы. 58. Қос септік жалғаулы сөз тіркестері. 59. Матасу. 
60. Меңгеру. 61. Модаль сөзді меңгеру. 62. Мекендік мағынадағы 
сөз тіркесі. 63. Мезгілдік мағынадағы сөз тіркесі. 64. Мақсат 
мағынадағы сөз тіркесі. 65. Матаса байланысқан қатыстырма сөз 
тіркесі. 66. Матаса байланысқан сөз тіркесі. 67. Меңгеріле бай-
ланысқан сөз тіркесі. 68. Метафоралық сөз тіркестері. 69. Мағына-
лық қиысу. 70. Ортақтаса байланысу. 71. Ортақ қабысу. 72. Ортақ 
меңгеру. 73. Ортақ басыңқылы сөз тіркестері. 74. Ортақ матасу. 
75. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері. 76. Сөз тіркесі. 
77. Салаласа байланысу. 78. Сабақтаса байланысу. 79. Сатылана 
байланысу. 80. Сөз тіркесінің байланысу формалары. 81. Сөз тір-
кесінің байланысу тəсілдері. 82. Сөз тіркесінің түрлері. 83. Сөз 
тіркесінің синтаксистік қатынастары. 84. Сөз тіркестерінің аясы-
ның кеңеюі. 85. Сөз тіркестерінің аясының тарылуы. 86. Сан 
жағынан қиысу. 87. Сөздердің орын тəртібі арқылы байланысуы. 
88. Синтетикалық тəсіл. 89. Сатылай қабысу. 90. Сатылай тіркес-
кен сөз тіркесі. 91. Сан есімнің етістікпен тіркесі. 92. Сын есім-
нің етістікпен тіркесі. 93. Сын есім мен зат есімнен құралған сөз 


285
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тіркесі. 94. Сан есім мен зат есімнен құралған сөз тіркесі. 95. Сын 
есімді сөз тіркесі. 96. Сан есімді сөз тіркесі. 97. Субстантивті 
сөз тіркесі. 98. Тұрақты тіркес. 99. Түйдекті тіркес. 100. Тікелей 
қабысу. 101. Табыс жалғаулы сөз тіркестері. 102. Толықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркесі. 103. Фразалық тіркес. 104. Шартты райлы 
етістіктердің етістіктегі тіркесі. 105. Шығыс жалғаулы сөз тіркес-
тері. 106. Шылаулы меңгеру. 107. Үстеулі сөз тіркесі. 108. Үстеу 
мен зат есімнен құралған сөз тіркесі. 109. Үстеудің етістікпен 
тіркесі. 110. Үстеулі қыстырма сөз тіркесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет