Сөз тіркесі мен жай сөйлем
мыскерлерге арналып салынып жатқан бір барақ бар еді
(А. Макаренко). 2. Тап ортада сегіз қанат үйдің кеудесі биік ке-
сек күмбезбен көтерілген (М. Əуезов).
Міне, осы сөйлемдердегі жұмыскерлерге, үйдің барыс, ілік
жалғаулы сөздері тек мағыналық байланыста ғана өзі қатысты
сөздермен белгілі дəрежеде сөз тіркестерін құрайды. Сонымен,
бағыныңқы, басыңқы сыңарлары əртүрлі сөз таптарынан құрал-
ған сөз тіркестері қабыса, матаса, меңгеріле байланысқан сөз
тіркестерін құрай келіп, олардың өзі іштей бірнеше кіші топтарға
бөлінеді:
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы,
басыңқы сыңарлары:
1. Зат есім
2. Сын есім 1.
Зат есім
3. Сан есім 2.
Сын есім
4. Есімдік 3.
Сан есім
5. Есімше 4.
Есімдік
6. Үстеу
7. Негізгі сөздер – көмекші сөздер
8. Тұрақты тіркес
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы
сыңарлары:
1. Үстеу
2. Сын есім
3. Сан есім Етістік
4. Көсемше
5. Еліктеуіш сөз
6. Зат есім
7. Есімдік
8. Есімше – көмекші сөз
9. Негізгі сөздер мен көмекші сөздер
10. Тұрақты тіркестер
Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы
сыңарлары:
1. Зат есім
2. Есімдік
3. Сын есім
301
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
4. Сан есім
5. Есімше Есімдер
6. Қимыл есімі
7. Негізгі сөздер – көмекші сөздер
8. Тұрақты тіркес – етістік.
Мысалы, Өткеннің жақсысы, жаманның бүгіні өлшеуішімен
өлшенеді (Ғ. Мұстафин). Сұлулықтың көрмесі, қуаныштың жəр-
меңкесі ашылды («Қазақ əдебиеті»). Қол тиірменнің қай түйеге
артылғанын Жұманның өзі ғана білетін еді (Ғ. Мүсірепов).
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы, ба-
сыңқы сыңарлары: барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес
жалғаулары арқылы келеді:
Зат есім
Есімдік
Сын есім
а) есімдер
Сан есім
ə) етістіктер
Есімше
б) есім мен көмекші етістіктер
Негізгі сөздер – көмекші сөздер
Тұрақты тіркес
Міне, бұған қарағанда, əртүрлі сөз таптары арқылы құралған
сөз тіркестерінің аясы кең əрі бұлардың модельдері мол-ақ.
Осы көлемде болмағанымен, бір сөз табы арқылы құралған сөз
тіркестері де тілде едəуір орын алады. Мұндай сөз тіркестерінің
бағыныңқы, басыңқы сыңары да тек бір сөз табынан ғана жаса-
луы керек. Мұндай сөз тіркестері көбіне зат есім мен зат есімнің,
етістік пен етістіктің тіркесі арқылы жасалады.
1. Зат есім мен зат есімнің тіркесі. Əрине бұл тақырып ар-
найы зерттелінгеннен бері белгілі. Бірақ бұл жұмыста тек
қабыса байланысқан сөз тіркестері ғана сөз болды. Ал зерттей
келгенімізде, зат есім тіркесі бірнеше байланысу формасында ке-
летіндігін көруге болады. Оған зат есімдердің морфологиялық
жағынан өзгеруге бейім екендігі де əсер етсе керек. Ол үшін
мына мысалды талдадық:
1. Ол Мағаштың əкесіне жазған аса бір ауыр сыры бар хат
еді (М. Əуезов).
2. Сүйіндік ұсталары істейтін қамар белбеу, күміс ер-тоқым-
ның да көкесі осында көрінеді (Ғ. Мұстафин).
302
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
3. Аяқтарында керзі етік, қолдарында темір күрек. Қыз-
келіншек қырманда, қолында күміс күрегі («Қазақ əдебиеті»).
4. Ертеңіне түске жақын Абайды жолға аттандырғалы
жақындары тегіс тысқа шықты (М. Əуезов).
5. Піу, шайтан. Тіпті кейіп тұрып айтып еді (Ғ. Мұстафин).
6. Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сəулесі
бар тас шам жанып тұр (М.Əуезов).
7. Мынау ағаш үйлер Торсан мен оның балаларынікі, – деді
Болатбай (С. Мұқанов).
Міне, осы сөйлемдерде
а) қамар белбеу
күміс ер-тоқым
ə) Мағаштың əкесі
б) аяқтарында керзі етік
қолдарында темір күрек
қолында күміс күрегі
в) қонақ үй
ағаш үй сияқты тек зат есімнен ғана құралған сөз тіркестері
бар. Олар өзара мынадай байланысу формаларында келіп тұр.
Қонақ үй, ағаш үй сөз тіркестері қабыса байланысқан сөз тіркес-
терін құраса, Мағаштың əкесі матаса, ал аяқтарында керзі етік,
қолдарында темір күрек, қолында күміс күрегі сөз тіркестері
меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерін құрап тұр. Соны-
мен, зат есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестерінің өзі қа-
быса, матаса жəне меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрай-
тындығын көруге болады. Бұл сөз тіркестерінің əрқайсының жа-
салуында өзіндік ерекшеліктері бар.
Соның ішінде зат есім мен зат есімнің анықтауыштық қа-
тынаста қабыса байланысуы əдеттегі сын есім, сан есімдердің
анықтауыштық қатынаста қабыса байланысына қарағанда өзін-
дік ерекшелігі бар. Негізінде қонақ үй, ағаш үй дегендегі қабыса
байланысқан зат есімді сөз тіркестері бірден қалыптаспаса ке-
рек. Олар сын есім, сан есімдердің тіркесіне қарағанда кейін
қалыптасқан. Қонақ үй сөз тіркесі қонаққа арналған үй сияқты
қалыпта айтылып, келе-келе тілдік экономияға байланысты нор-
маланған болуы керек. Мұндай сөз тіркестері тілдік экономия
бойынша екі зат есімнің арасындағы дəнекер етістік сөздерінің
303
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
түсірілуіне байланысты тілде осындай өзгерістерге ұшырап
отыр. Біріншіден, қонаққа арналған үй дегендегі екеуіне дəнекер
етістіктер түсіріліп айтылу арқылы қонаққа үй болып меңгеріле
байланысқан есімді сөз тіркесі қалыптасуы тиіс еді. Бірақ бұл
жерде қонаққа үй деген есімді сөз əдеттегі қолында күрек сияқты
меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестеріндей мағыналық жа-
ғынан келе бермейді, сондықтан да сол қалпында өзара сөз тір-
кесін құрай алмайды.
Екіншіден, қонаққа үй екі сөзінен нақтылы айқын сөз тір-
кестерін құрау үшін тағы да тілдік экономияның əсері болып
отырған сияқты. Егер алғашқыда етістіктің түсірілуі айқын бо-
лып келсе, келе-келе қонақ сөзінің барыс жалғауының да түсі-
рілуі ауызекі тілде пайда болып отыр. Сонда табиғи нормадағы
қонаққа арналған үй, ағаштан жасалған үй тіркестерінен енді
қонақ үй, ағаш үй сияқты зат есім мен зат есімнен құралған, сөз
тіркестері өзара мағыналық жағынан ғана байланыса алатын сөз
тіркестері қалыптасып отыр. Олар қазіргі кезде жан-жақты даму
үстінде.
Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары
əртүрлі сөз таптарынан болатындығы жоғарыда көрсетілді. Ал
зат есім мен зат есімнен құралған матаса байланысқан сөз тір-
кестері баршылық. Зат есім мен зат есімнің тіркесі кезінде ба-
ғыныңқы, басыңқы сыңарлары тек зат есім болуы тиіс. Ондай
кезде зат есімнің өзі
жалқы есім
жалпы есім
негізгі
туынды
абстракт
конкретті түрде де жұмсала береді. Мысалы, Мен жүрегімнің
отын да, өмірімнің мазмұнын да сонан кейін жасадым. Сөйтіп
ащы, көңілсіз күндердің, жылдардың, ғасырлардың дəстүрін
бұзды (С. Ерубаев). Абайдың кəрі əжесі мен өз шешесінің бірге
тұратын үйі осы еді (М. Əуезов).
Осы тəріздес меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері де
зат есім мен зат есімнің тіркесі арқылы жасалады.
Бір сөз таптарының негізінде құралған сөз тіркестерінің ең
үлкен көлемді түрінің бірі – көсемше мен етістіктің тіркесі деп
304
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
білеміз. Көсемшенің етістікпен тіркесі тек синтаксистік оқулықта
біршама айтылды [108], ол ерекшеліктер төмендегіше:
Көсемше бағыныңқылық сөйлемнің баяндауышы көрінетін
жігі;
Ондай кездегі дербес мағынасы бар көсемшеге көсемше тұл-
ғалы көмекші етістіктердің тіркесінің əсері;
Көсемшенің етістікпен тіркесінің мағыналық топтары;
Ондай тіркестердің тіркесу қабілеті, көсемшенің етістікпен
тіркесінің қалыптасу тарихы, т.б. мəселелері арнайы зерттеуді
қажет етеді.
Шартты рай тұлғалы етістікпен етістіктің тіркесі. Ол туралы
жəне бір сөздің қайталануы арқылы қалыптасқан сөз тіркестері
туралы осы еңбекте жеке-жеке тақырыптарды қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |