Талғат сайрамбаев


-ғы, -гі жұрнақтары. -ғы, -гі



Pdf көрінісі
бет141/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

-ғы, -гі жұрнақтары. -ғы, -гі жұрнақтары түбір сөзге жалғанып
қатыстық сын есім жасаумен бірге кейде жатыс жалғаулы сөзден 
кейін де жалғанып жұмсала береді. Егер жатыс жалғаулы сөздер 
меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрайтын болса, ал енді 
ондай жатыс жалғаудан соң жалғанған -ғы, -гі жұрнақты сөз 
меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінен енді қабыса байланыс-
қан сөз тіркестеріне ауысады. Оның мынадай жасалу жолдары бар.
а) Негізгі сөзі -ғы, -гі жұрнақты қатыстық сын есіміне зат 
есімдер қосақталып жұмсалады. Мысалы: Шыңғыс, Есеней кел-
генде қонақ үйдегі мəжіліс қайта қызды (С. Мұқанов). Бүкіл 
Қиыр Шығыс шекарасындағы Қызыл Тулы армия бір сəт ішінде 
ұйықтады да қалды (С. Ерубаев). Халаф батальондағы оқиғалар 
жайлы айтып берді (Ш. Усманов).
ə) Негізгі сөзі -ғы, -гі жұрнақты қатыстық сын есімі мен 
сын есімнің түйдектелуі арқылы жасалады. Мысалы: Ең алды-


288
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
мен сіздің Россия телеграф агенттігінің бюллетеніне қарап, қы-
зыл майдандағы күрестің барысына құлақ түріп отырдық (Ш. Ус-
манов).
б) Негізгі сөзі -ғы, -гі жұрнақты қатыстық сын есімі мен тағы 
да -ғы, -гі жұрнақты қатыстық сын есімнің түйдектелуі арқы-
лы жасалады: Біз қайта келсек, тəтем төргі бөлмедегі екі кісілік 
темір кереуетті Танаға дайындап, маған еденге төсек салып 
қойыпты (Ə. Нұршайықов).
в) Негізгі сөзі -ғы, -гі жұрнақты қатыстық сын есім мен сан 
есімнің қосақталуы арқылы келеді. Мысалы: Сол тақияның екі 
самайдағы жиегінен ойдым-ойдым боп түскен ақ құйқа көрінеді 
(М. Əуезов). 
г) Негізгі сөзі -ғы, -гі жұрнақтары қатыстық сын есімі мен 
есімдіктердің қосақталуы арқылы келеді. Мысалы: Осының бəрі 
жайлауға көшу сапарын жайшылықтағы, өзге мезгілдегі өзге 
тұрмыстың баршасынан басқаша қып жіберді. Бұл жиындағы 
жастар мен қартаң шаруалар түйіліп алған, қатты ашулы еді. 
Құнанбай өз көңіліндегі дағдарысымен кетіп еді (М. Əуезов).
Мұнда негізінен -ғы, -гі жұрнақтары толық мағыналы жа-
тыс жалғаулы меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін қабыса 
байланысқан сөз тіркестеріне ауыстырып отыр.
Ал осы сияқты құбылыс тек дербес мағынасы бар сөздер 
ғана емес, дербес мағынасы жоқ жатыс жалғаулы немесе негізгі 
сыңары септік жалғаулы, онан кейін оған түйдектелген шылау, т.б. 
сөздерге тəн. Олардың мынадай жасалу жолы бар.
1. Негізгі сөзі ілік жалғауының ашық жəне жасырын түріндегі 
зат есімі болады да, екінші сыңары -ғы, -гі жұрнақты көмекші 
есім арқылы жасалады. Мысалы: Əлдеқайда көл бетіндегі құс-
тардың да ықыл-шықыл үндері өмір думанына бөленгендей көл 
қауымы өз тілімен үн қатысады (С. Бақбергенов). Шағын базар-
дың ішіндегі үш қатар бөрененің шеткі, ұсақ-түйек, темір-терсек 
сататын бөлігінде отырған («Жалын»).
2. Негізгі сөзі ілік жалғауының ашық не жасырын түріндегі 
есімдік пен қосалқы сыңар -ғы, -гі жұрнақты көмекші есім ар-
қылы жұмсалады. Мысалы: Менің өз басым осылардың арасын-
дағы тартысқа сенбеймін («Қазақ əдебиеті»). Менің астымдағы 
жирен ат қырдың киігінше сырғиды (С. Сейфуллин).


289
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
3. Негізгі сөзі көмекші есім немесе ілік жалғаулы зат есім 
жəне оған қосақталған -ғы, -гі жұрнақты көмекші есім арқылы 
жұмсалады. Мысалы: Ауылдың арғы тұсындағы биік дөңнің үсті-
нен жөңкіліп сағым ағып жатыр (С. Мұқанов).
4. Шылаулар да кейде -ғы, -гі жұрнағын қабылдап, өзі қатыс-
ты сөздің анықтауыш қызметінде жұмсалуын қажет етеді. Он-
дай шылаулы сөздің негізгі сөзі септік жалғауындағы (көбіне ба-
рыс) есімдік, зат есім, есімше, үстеу, т.б. сөздер болады. Мысалы: 
Құсты арал саяхаты менің сол күнге дейінгі өмірімде жаз салтана-
тын бірінші рет тойлаған ең елеулі бір белесім еді (Ə. Сəрсен-
баев). Ағаштан түрлі ойыншық жасағанға дейінгі менің өмірім 
өз алдына бір хикая еді (Жалын). Мəселен, Бұрын əл-Фараби тек 
жалпы математикамен өзіне дейінгі ұлы математиктер еңбегін 
түсіндірумен шұғылданды деп айтылатын («Жұлдыз»). Сырға 
ауғанға дейінгі мекені – Аманқарағай ішіндегі Əуменкөлде (С. Мұ-
қанов). Бұл сөйлемдегі зат есім, есімше, шылау сөздердің бар-
лығы -ғы, -гі жұрнағын қабылдап тұр.
Міне, бұл сөйлемдерде -ғы, -гі жұрнақтары негізгі сөзбен бір-
ге көмекші сөздерге жалғануы арқылы енді қабыса байланысқан 
есімді сөз тіркестеріне ауысуына байланысты бұрынғы меңгеріле 
байланысқан сөз тіркестерінің аясы тарылып отыр.
Сонымен, сөз тіркесінің байланысу формалары түрлі жұр-
нақтардың əсерінен бір-біріне ауысу формасында кеңею процесі-
не алып келсе, керісінше екінші байланысу формасының тары-
луына əкеліп соғады. Сол сияқты С.Аманжолов, А.Əбілқаевтар 
ол бүгін кітап оқыды дегендегі кітап оқыды сөз тіркесіндегі 
кітап сөзінің табыс жалғауы түсіріліп берілсе де, оны септік 
жалғауының жасырып тұруына негіздеп, бəрібір меңгеруге жат-
қызады да, қабыса байланысу формасынан шығарып тастайды. 
Сөйтіп, жалпы түркологиялық еңбектерде меңгерудің аясының 
осы сияқты тарылу процесін көруге болады. Меңгеріле байла-
нысқан сөз тіркестеріндегі тарылу процесімен бірге керісінше 
оның аясындағы кеңею процесін де көруге болады. П.М. Мелио-
ранский -дай, -дей жұрнағын септік жалғауы десе
[96, 172], 
Қ. Жұбанов, т.б. теңдес септеу (-дай, -дей) деп, (-ша, -ше) жұр-
нағын да қосқаны белгілі [81, 344].


290
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
М.З. Закиев татар тіліндегі атау, ілік, барыс, табыс, шығыс 
жəне көмектес септіктеріне -дай, -дей, -сыз, -сіз, -лы, -лі, -ғы, -гі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет