Талғат сайрамбаев


Сөздіктегі құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты термин



Pdf көрінісі
бет138/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сөздіктегі құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты термин 
сөздер:
1. Анықтауыш бағыныңқылы сөйлем. 2. Бағыныңқы сөйлем. 
3. Басыңқы сөйлем. 4. Гипотаксис. 5. Ереуіл бағыңқы сөйлем. 
6. Жалғаулықсыз сабақтас құрмалас сөйлем. 7. Жалғаусыз сала-
лас. 8. Жалғаусыз байланыс. 9. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақ-
тас сөйлем. 10. Құрмалас сөйлем. 11. Мақсат бағыныңқылы (сөй-
лем). 12. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем. 13. Мекен бағы-
ныңқылы сабақтас сөйлем. 14. Паратаксис. 15. Пысықтауыш ба-
ғыныңқылы сөйлем. 16. Сабақтас құрмалас сөйлем. 17. Сабақ-
тастырушы жалғаулықтар. 18. Салалас құрмалас. 19. Салыстыр-
малы бағыныңқылы сөйлем. 20. Себеп бағыныңқылы сабақтас 
сөйлем. 21. Толықтауыш бағыныңқылы сөйлем. 22. Талғаулы жал-
ғаулықтар. 
Жалпы синтаксиске қатысты терминдер:
1. Абзац. 2. Бөгде сөз. 3. Синтагма. 4. Синтаксис. 5. Синтаксис-
тік конструкция. 6. Синтаксистік талдау. 7. Синтаксистік фонети-
ка. 8. Синтетикалық тілдер. 9. Төл сөз. 10. Ішкі синтагма. 
Тыныс белгісіне қатысты терминдер:
1. Көп нүкте. 2. Қос нүкте. 3. Леп белгісі. 4. Нүкте. 5. Нүктелі 
үтір. 6. Пунктуация. 7. Пунктуация ережелері. 8. Сұрау белгісі. 
9. Сызықша. 10. Тире. 11. Тыныс белгілері. 12. Тырнақша. 13. Үтір. 
Осы берілген синтаксистік терминдердің арақатынасы бірдей 
емес. Көбісі жай сөйлем синтаксисіне қатысты терминдер. Ал 
қалғандары тар көлемде берілген. Бірақ оның өзінде синтаксистің 
əрбір объектісіне байланысты кейбір терминдер берілмеген. Мы-
салы, бұйрықты сөйлем деген термин атымен жоқ. Сол сияқты 
сөз тіркестеріне, тыныс белгілеріне қатысты көптеген термин-
дер ескерусіз қалған. Кейбір терминдер ойлануды қажет етеді. 
Жеке алғанда леп
[94, 35] деген сөзді термин деп алуға келер ме 


282
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
екен? Лепті сөйлем дегенге үйренгенмен, леп жеке қолданыла 
ма, қолданылмайды ма? Сол сияқты ереуіл бағыныңқылы сөй-
лем
[94, 131] деген термин де ойлануды қажет етеді. Бағының-
қылы деген термин бар да, басыңқы деген термин сөз жоқ. Кө-
семшелі тіркес деген бар да, есімшелі тіркес жоқ.
Лингвистикалық терминдерде синтаксистік терминдердің 
153-і берілген дедік. Əрине бұл – үлкен табыс. Бұл еңбек 
оқытушылар, мұғалімдер, студенттер үшін қажетті құрал екені 
белгілі. Пайдасы өте мол бұл сөздік өзінің құнын ешбір жойма-
са керек. Дегенмен бұл сөздіктегі кейбір синтаксистік терминдер 
өз дəрежесінде берілді деп айта алмаймыз. Əрбір синтаксистік 
терминдерді беруде авторлар жағынан кеткен ақауларды байқауға 
да болады. Сөздікте определение – анықтауыш сөйлем мүшесіне 
мынадай түсінік берілген. «Сөйлем ішіндегі сөздерді анықтап, 
сипаттап, қандай? қалай? деген сұрауларға жауап беріп тұратын 
синтаксистік тұрлаусыз мүше. Анықтауыш қиысусыз (опреде-
ление не согласованное) жəне қиысулы анықтауыш (определе-
ние согласованное) болып бөлінеді»
[94, 114] – дейді. Осындағы 
анықтауышқа берілген ереже, біріншіден, оның негізгі қасиетін 
аша алмайды, екіншіден, осы уақытқа дейінгі оқулықтардың 
барлығында анықтауыштың негізгі сұрауы қандай? қай? деп бе-
рілсе, ал сөздіктің авторлары оған қоса қалай? деген сұрақ та 
қатысты деп беруі келіспейді. Оның үстіне анықтауыштың 
түрлеріне орыс тіліндегі согласованное, несогласованное деген 
терминді əкеліп қоса салады.
Сөздікте бұдан басқа да ойға сұрау салатын тұстары бар, де-
генмен бұл саладағы қолға ұстар аса қажетті сөздік болғасын 
орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет