Р. Əміров ұрсу, білмеу, ұстау, мін, ас етістіктері əрі табыс
жəне басқа да септіктегі сөздермен келуін көрсеткен. Əсіресе
354
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
атордың етістіктің əрі салт, əрі сабақты болуында кейде негізгі
сөзге көмекші сөздердің түйдектеліп келуінің əсерін былай дə-
лелдейді:
Осыларға (өлең) шығар – осылар туралы (өлең), босатуға
(қаулы) жазды – босату жөнінде (қаулы шығар, жазды) дегендегі
шығар, жазды етістіктері əрі табыс, əрі барыс септігін де бірдей
меңгере алу қабілеті бар екенін айта келіп, сол барыс жалғаулы
осылар, босату есімдігі мен қимыл есімі сөздеріне туралы, жө-
нінде шылауларының түйдектелуі арқылы енді ол сөздерге шы-
ғар, жазды етістіктері қосылып, сабақтылық қызмет атқарып тұр
деп көрсетеді [50, 311].
М. Балақаев аттандыру, айналу, асып кету, жабу, міну сияқ-
ты етістіктердің барыс, табыс, шығыс септіктерде жұмсалатын-
дығын көрсеткен [92, 121].
М. Томанов бір етістіктің салт та, сабақтылық та қызметін ай-
қындай келіп, ондай етістіктерге оқу, жазу, ұрыс, жүр, айнал, ат,
ойна, қақ, жүз, қара, қама сөздерін жатқызады [150, 115].
Міне, осы əрбір автордағы əрі салт, əрі сабақты етістіктерді
жинақтап көрсек, небары мына етістіктер болып шығады (кө-
бінде бір-бірін қайталайды).
айда
егеу
ас
арнау
өлшеу
аттану
аяу
өлшет
айналу
арт
өт
асып кету
айналу
жібер
қасы
бұлау
жүр
қажыт
безе
жаз
қондыр
бұйыр
жүз
қотару
бітеу
кезең
қадау
бөле
күрмеу
қорғау
білмеу
кету
қақ
жасыр
қарып
қар
жеу
қапсыр
қама
Мысалы: 1. Панфилов əдетінше, саусағымен столды тықылда-
тып, Мұратқа жанашыр
кескінмен қарап отыр (Т. Ахтанов). 2. Вол-
ков қолдарын галифесінің қалтасынан шығармайды (А.С. Мака-
ренко). 3. Ахмет қонақтарын жазғы үйіне енгізді (Ғ. Мұстафин).
355
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
4. Біз дəл жаңағы күлкіні көзімізбен көргендей болдық (С. Еру-
баев). 5. Олар шолақ тері тонның етегін тері шалбарға шалбарла-
нып алады да, қолдарына биялайды да сирек сұғады (С. Мұқанов).
Осы күнгі əдебиеттердегі əрі салт, əрі сабақты болады дейтін
етістіктеріміздің жалпы саны – 38 ғана. Ал біз оларды нақты
көрсету үшін төмендегідей етіп бөліп беріп отырмыз:
1. Табыс пен барыс септіктерді меңгеретін етістіктер.
2. Табыс пен жатыс септіктерді меңгеретін етістіктер.
3. Табыс пен шығыс септіктерді меңгеретін етістіктер.
4. Табыс пен көмектес септіктерді меңгеретін етістіктер.
5. Табыс пен 2 кейде 3 септіктерді меңгеретін етістіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |