Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет173/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Қ. Бектаевтың «Кері алфавиттік сөздігі» бойынша түбір 
күйіндегі сабақты етістіктер мыналар: ию, ою, егу, үгу, жеу, езу, 
үзу, ілу, озу, ору, ұру, ату, буу, ашу, ішу, аяу, тыю, құю, ойлау, 
үрлеу, булау, сынау, сипау, бұрау, жасау, жамау, сынау, қанау, то-
нау, арнау, тұсау, матау, аттау, ұштау, бұтау, ақтау, оқтау, іздеу, 
емдеу, қабу, себу, жегу, шөгу, тігу, сөгу, өңдеу, егеу, өтеу, кезу, 
сезу, созу, сызу, тізу, бұзу, ірку, шалу, телу, шолу, сылу, білу, тілу, 
жұлу, жұму, бөлу, кему, жону, керу, теру, жору, сору, тору, қорқу, 
иіру, бұру, жалау, қажау, тосу, ояту, жұту, күту, түту, сауу, шашу, 
кешу, шешу, аршу, пішу, құшу, бояу, бағу, жағу, тағу, шағу, қағу, 
жығу, сығу, тығу, сұғу, шоқу, нұқу, тану, жеңу, сабау, арбау, сыбау, 


353
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
қадау, айдау, алдау, оңдау, өңдеу, безеу, кезеу, күзеу, сүйеу, үйкеу, 
билеу, үрлеу, тілеу, бөлеу, демеу, тіреу, күреу, көсеу, өртеу, бітеу, 
екшеу, өлшеу, теңеу, сілку, бүрку, əкел, өтіну, апару, игеру, əперу, 
итеру, айыру, опыру, ысыру, суыру, қуыру, ұшыру, идіру, үйіру, 
өсіру, өшіру, тінту, тарту, шерту, құрту, жырту, сүрту, түрту, ашы-
ту, ағыту, жұлқу, сарқу, тұздау, қомдау, лаңдау, шыңдау, болжау, 
алалау, қуалау, уқалау, байлау, лайлау, майлау, сайлау, тойлау, 
сыйлау, зарлау, қорлау, торлау, жырлау, сырлау, баулау, жаурау, 
маялау.
А. Ысқақов етістіктердің салт-сабақты болып бөлінетіндігін 
айта келіп, автор кейде бір етістіктің өзі əрі салт, əрі сабақты да 
болып жұмсалатындығын: арт, түр, тара етістіктері арқылы 
көрсетеді [19, 294]. Автор «айда, жібер, түсін» сияқты сабақты 
етістіктер 2–3 септікті бірден меңгере береді деп, тіпті бір 
етістіктің үш септікте келуін де дұрыс көрсетеді [19, 295]. Сөйтіп 
автор əрі салт, əрі сабақты етістіктер қатарында арт, жүр, тара, 
айда, жібер, түсір сияқты алты етістікті айқын көрсетеді.
Бір етістіктің бұлайша қолданылуы туралы А. Хасенованың 
еңбектерінен біраз мағлұмат алуға болады. Автор етістіктерді 
салт-сабақты етіп бөле келіп, бір етістіктің екі түрлі жағдайда 
да қолданылатынына баса назар аударып отырады. Автор он-
дай етістіктердің қай септіктерде келуіне қарай былайша топтап 
көрсетеді:
а) айда, жібер, тасу, жасыр, итер, сүйрет.
ə) басу, булау, көсеу, күрмеу, сүйеу, тиеу, қарып, бұйыр, арна, 
мата, нұсқа, сүйке, тапсыр, телі, үйке, төлет.
б) безе, бөлу, бітеу, бөк, теже, омыр, тура, тырна, тара, іре, 
қапсар, қасу, қопар, өлшет, егеу, тасу, қотару, қадау, қорғау, сұ-
рау, тілеу, өлшеу, жеу, ішу, алу, түсінбеу, іш, ал.
Міне, бұл топтағы етістіктер барыс, табыс, көмектес, т.б. етіс-
тіктердегі сөздерді бірдей меңгеретіндігін, ондай кездегі олардың 
ішкі ерекшеліктерін де дұрыс көрсетеді.
Отыра сал дегенде енді салттық мағынаға ауысуын, яғни салт, 
сабақтылық тек негізгі етістіктер арқылы берілетінін дəл аша 
білген [141, 211].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет