Салт етістіктер
Салт етістіктер, олардың əрбір оқулықтардағы берілуін былай
көрсетуге болады.
Н. Сауранбаев салт етістіктерге: тұр, жүр, жүгір, кел, бар,
қайт, өс, көгер, ойна, жарыс, кеңес, таныс, түс, ұш [60, 137].
Т. Əбуханов: отыр, жатыр, жат, тұр, жүр, кел, кет, қайна, сайра,
өз, қал, жайна, күл, кет, жарқыра, күркіре, жұмыл, түңіл, күлтілде,
жүгін, бар, ұйықта, дірілде, жау, қаш, ұш, секір [151, 144],
А. Ысқақов: ау, бар, бұқ, жат, жет, жұқ, жүр, кел, күл, кір, қал,
қаш, нан, өс, піс, сал, ти, тоң, төз, түр, түс, ұш, шық, ық, іс, айны,
айық, аңда, бекі, бұлқын, дегді, есір, елті, жарыс, жүгір, зерік,
күрес, қазу, қуан, құлшын, обыр, өкін, сергі, ұмтыл, үде, арпа-
лыс [19, 293]. А. Хасенова: түс, жүр, бар, кел, кет, кір, шық, жет,
жүз, қаш, ат, ұш, бөс, без, көш, аз, арт, ес, жат, шөк, тұр, бат,
шом, қат, адас, жуын, жүйткі, жүгір, жөңкі, кідір, сабыл, сандал,
секір, сұла, тара, сейіл, қуан, айру, жеру, елігу, жарымау, кене-
лу, қорқу, қызығу, еліру, кею, сиыну, ақыру, жалығу [147, 215],
М. Балақаев: күл, қуан, қайғыр, жыла, жасы, есіне, жалық,
351
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
ауыр, терле, тоң, жамыл, тырыс, шаттан, насаттан, маңыра, ұлы,
бозда, кісіне, мөңіре, сайра, тула, ақса, ойнақта, жоғарыла, жел,
жорт, күркіре, жымыңда, жылтыңда, бұзаула, қозыла [92, 71],
Р. Əміров: жүр, байлау, ілу, қыстыру, салу, жазу, қашу, сұра, бар,
беттеу, отыр, тұр, көру [50, 31-41], Ə. Төлеуов: күлді, қуанды,
қайғырды, жалады, шайынды, есінеді, ауырды, терледі, тоңды,
шомылды, шаттанды, маңырады, ұлы, бозда, кісіне, мөңіре, сай-
ра, тура, ойнақта, жорғала, жел, жорт, күркіре, жымыңда, бұзаула,
сескен, жарал, зерік, күйін, қорық, ауыр, ыңқылда, есінеу, кір,
шық, түс, жат, жүр, тұр, жет, бар, талпын, түшкір, кекір, домала,
ырылда [148, 79], А. Аманжолов: өсу, мұңаю, қашты, қартайды,
қарайды, сынды, бөлінді [149], М. Томанов: үйрен, жұбан, құтыл,
тартыл, жан, қайт
[150] – етістіктерін жатқызады.
Сонымен, əрбір оқулықты салт етістіктер жалпы мына дəре-
жеде беріледі: тұр, түс, түңіл, ти, тоң, тұр, тара, терле, тырыс,
таныс, жүр, жүгір, жарыс, жатыр, жат, жайна, жарқыра, жұмыл,
жүгін, жау, жет, жұқ, жүз, жуын, жүйткі, жөңкі, жыла, жеру, жа-
рымау, жалығу, жоғарыла, жел, жорт, жымыңда, жылтылда, жазу,
жылады, жорғала, жалын, кел, қайт, көгер, кеңес, кет, қайна, күл,
күркіре, күлімде, қаш, көн, кір, қал, күрес, қажу, қуан, құлшын,
кел, қат, кідір, қыдыр, құла, кенелу, қорқу, қызығу, кею, кісіне,
қағылу, қыстыру, қайғырды, күйінді, кекірді, өс, ез, ойна, ұш,
ұйықта, ық, іс, отыр, ұмтыл, үде, ұлы, үлгір, сайра, секір, сал, сергі,
сөн, сабыл, сандал, сырғу, сұрау, сейіл, сиыну, дірілде, дегді, бар,
ау, есір, елті, шық, айны, айық, ақса, бекі, бұлқын, зерік, арпалыс,
шық, бас, без, ақ, аз, арт, шөк, бат, шом, адас, ауыр, ару, ашы, ло-
блу, елеру, ақыру, шашу, шомыл, насаттан, бозда, мөңіреді, ақса,
ілу, беттеу, есінеу, бұзаула, зерік, ыңқылда, домала, ырылда.
Олар мындай мағыналарда жұмсалады:
1. Қозғалу етістіктері: тұр, жүгір, жарыс, жат, жет, күрес, қаш,
кір, көш, тара.
2. Көңіл күй етістіктері: түңіл, жайнау, жымыңда, жалын, кү-
лімде, қажу, қуан, құлшын, кею, шошу, қайғырды, күйінді.
3.Таза психологиялық процестермен байланысты етістіктер:
қорқу, дірілде, жылады, кею, сиыну;
4. Адамның жəне жан-жануарлардың дыбыстарына байланыс-
ты қолданылатын етістіктер: кісіне, ұлы, сайра, ақыру, бозда,
мөңіре, бұзаула, ыңқылда, ыңылда;
352
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
5. Табиғат дыбыстарымен байланысты қолданылатын етіс-
тіктер: күркіре, жарқыра, жылтылда, көгеру;
6. Қалып-сапа етістіктері: отыр, ұмтыл, үде, сұлау, сырғу, бет-
теу, жату;
7. Адамның не жанды заттардың қалып күйін білдіретін
етістіктер: тол, шөк, ауыр, ару, лоблу;
8. Объектіні қозғалысқа түсіретін амал-əрекет етістіктері: жұ-
мыл, жүйткі, жөңкі, жорғала, күрес, қыстыру, секір, сандалу,
сырғу, сұлау, ақса, бұлқын, арпалыс, бат.
Түрлі сөздіктерде етістіктердің салт, сабақты түрлері бола-
тынын айтумен бірге кейде бірсыпыра етістіктер əрі салт, əрі
сабақты да болады деп, ешбір мысал келтірмей-ақ бір сөзбен жал-
пылама айтып өтеді. Сонда олардың пікірінше, барлық етістік
сабақты, салт болып бөлінуімен шектелетін сияқты. Екінші бір
ғалымдар барлық етістіктерді салт, сабақты болады деп бөліп
көрсетіп, əрқайсысы 5–6 немесе 10 шақты етістік сөздерді көр-
сетумен қанағаттанады.
Үшінші топ ғалымдар етістіктерді салт, сабақты деп бөле ке-
ліп, енді тілдік заңдылықтарына да назар аударады. Əсіресе ондай
кезде етіс жұрнақтарының қатысын негізге алып қарастырады.
Қазақ тіліндегі зерттеулерде амал-əрекет етістіктері ғана са-
бақты етістік болады делінген. Олар, мысалы: ішу, жеу, сындыру,
қирату, тазалау, сабындау, жасау, соғу, шымшу, шаншу, т.б.
Бірақ лексикалық-семантикалық топтарға бөлінген басқа етіс-
тіктердің ішінде де сабақты етістіктер кездесетіндігін көруге бо-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: |