Талғат сайрамбаев


Табыс жəне жатыс септіктерді меңгеретін етістіктер



Pdf көрінісі
бет176/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Табыс жəне жатыс септіктерді меңгеретін етістіктер. То-
лықтауыш пен пысықтауыштық қатынастағы. Мысалы: Мен 
қасына жеткенде күбі шелектің бетін ашып, маған тостағанға ай-
ран құя бастады (Ғ. Мүсірепов). Жұтып қоярдай ежірейген ала көзі 
егін ортасында шүйгін жүрген сиырларды көрмесе де қалбақтап 
қашып бара жатқан мені көріп қалғанында дау жоқ (Ғ. Мүсіре-
пов). Ең жанына бататыны дəл қазір мектепте балалар бəрін де 
біліп отыр. Мен қос Шалқарды өмірімде үш-ақ рет көрдім (Ғ. Мү-
сірепов). Жаңа автобуста саған ұқсас баланы көргенде не істерін 
білмегенін қайтерсің (М. Сүндетов). 
Табыс жəне шығыс септіктерді меңгеретін етістіктер: 
алып, отқа тастап жібергеніне өкінді, шошып қала берді, басым-
ды көтердім, көтеріп алдым, ұстап тоқтатпақ болады, ұстап алған, 
шығарып, іздемен, жетектеп, ұстап мінген, абайлап алып, сақта, 
алып қалу, күтіп алмақшысыз ғой, сүйіп тапқан, жетектеп алып-
ты, білетін, көрген емеспін, босату да қиын, аямайтын адам, қуып 
шығыпты, шешіп алып, күтіп алады, сүйреп шығарды, суырып 
алды, тастаған жоқ, келгендей ғып көрсетті, түсіп кетті, өндіріп 
ал, танимын, бездіріп аларсың, теуіп жіберді, алып тастаған соң, 
шығарып, қағыпты, шығармай бағар-ау, арашалап алу керек, 
естіген; алған дейді ғой, жайғызып бересің бе, алды, естиік,
тап-
ты, қазып, айтуды сұрады, шақырып, ұлғайтып, естіп, таныды, 
мазақтай бастады, шығарды.
Омбыны, қалалы жерді есіңнен шығарма (З. Ақышев). – Шы-
ғарма үніңді. Əн салып жатқанын естимісің, – деп мені аяғымнан 
тартты (Ғ. Мүсірепов). Сұлтанмахмұтты қызметтен қууға 
қимады (Д. Əбілев). Бізге адамды аурудан арашалап алу керек
өлім тыр-нағынан шығарып алу керек, түсінемісің? (М. Горький).
Мысалы: Терің жарылып, ернің тілінбесін десең бет-аузыңды 
ақ орамалмен
тұмшала («Лениншіл жас»). Əйелдерді анасы, апа-
сымен, ерлерді əкесімен салыстыра көз жүгіртеді («Лениншіл 
жас»). Өйткені қазірет Мəдинаны да дозақпен өлтірді (Д. Əбілев).


357
Сөз тіркесі мен жай сөйлем


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет