Талғат сайрамбаев


СӨЙЛЕМ ЖƏНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет183/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

СӨЙЛЕМ ЖƏНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ 
(ПРЕДИКАТИВТІЛІК)
Сөйлем – синтаксистің ең негізгі бірлігі, өйткені сөйлем ғана 
тілдің негізгі қызметтерін анықтай алады. Ол өзіне ұқсас тілдік 
басқа құбылыстардан коммуникативті қызметі мен шындық 
болмыстың бір бөлшегі жайында хабар беру жағынан ажыра-
тылады. Адам сөйлескенде тыңдаушыға белгілі ойды білдіру не 
одан бір нəрсе туралы білу үшін сөйлейді. Сөйлеу айналадағы 
түрлі құбылыстар туралы болады. Мысалы: Осыдан соң барлық 
үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті (М. Əуезов). Қырдағы 


370
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
өзіміздің шаруаны емде (X. Ерғалиев). Мұнда бірнеше адамдар-
дың тез көтерілуі, шығып кетуі мен өзімізге тиісті тірлікті рет-
теу туралы сөз болып отыр. 
Сөйтіп, сөйлем – коммуникативті қызметі бар синтаксистік 
бірлік. Сөйлем синтаксистің ең басты объектісі дегенімізбен, ол 
бір жағынан тілдік басқа категорияларды, яғни сөз арқылы сөз 
тіркестерін өз бойына қамти алады. Олар сөйлемде құрылыс ма-
териалы ретінде танылады. Жоғарыдағы сөйлемдерді құраушы 
сөздер де сөз тіркестері арқылы ғана сөйлем құрап тұр. Сол сияқты 
сөйлемнің өзі де синтаксистік басқа категориялардың бөлшегі 
ретінде құралады. 
Бұрын синтаксис объектісінің ең жоғары сатысы сөйлем 
делініп, тек сөйлемді қарастырумен шектелетінбіз. Ол дұрыс та, 
дегенмен ғылым дамиды, оның шегін айқындауды бір фактімен 
ғана шектеуге болмайды. Қазіргі кезде тілімізде текст, абзац, 
күрделі синтаксистік тұтастық сияқты категориялар да объектіге 
алына бастады. Сонда, сөйлемді күрделі синтаксистік тұтастықты 
құрайтын элемент ретінде де қарауға мүмкіндік аламыз. Бірақ 
қолданылуы жағынан алғанда жеке сөйлемнің қызметі ерекше. 
Сөйлем – синтаксистің ең көп аспектілі бөлімі. Олардың бой-
ынан екі үлкен мəселені, яғни сөйлемнің жасалуын жəне сол 
арқылы олардың семантикалық белгілерін айқындауымыз керек. 
Сөйлемнің негізгі мəселесі оның құрылымы, жасалуы болып та-
былады. Сөйлемді құрауда басты мүшелер – баяндауыш пен бас-
тауыш. Бұл сөйлем мүшелерінсіз сөйлем болуы мүмкін де емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет