371
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
кездесіп қалады. Бірде предикативтілік
пен модальдылық сөй-
лемнің негізгі белгілері ретінде тең алынса, енді бірде модаль-
дылықтың объектісіне предикативтілікті қосып та жібереді.
В.В. Виноградов модальдылыққа қарағанда предикативтілікті
кең көлемде қарады. Соңғы кезде осы пікір басым болып жүр.
Оның дəлелдеуінше, предикативтіліктің мазмұны модальдылық,
уақыт жəне жақ арқылы бөлініп көрсетіледі де, осылардың
əрқайсысы негізгі фактор делінеді [5, 80]. Ендігі бір тіл маманы
Н.Ю.Шведова, керісінше, предикативтіліктің осы қасиеттерінің
ішінен жақты (лицо) шығарып тастаса [6,544], С.Г. Ильен-
ко «есімнамалық – предикативтіліктің маңызды тұсы» деп
көрсе-
теді [7, 154-159].
1970 жылы шыққан «Орыс тілінің
академиялық грамматика-
сында» сөйлемнің ережесі былай берілген: «Сонымен, жай сөйлем
объективті модальдылық категориясы мен синтаксистік шақ
категориясына жəне оларды білдіру құралдарының тиісті жүйе-
сіне ие болады. Бұл екі категория бір-бірінен бөлек өмір сүрмейді,
олар ажырамайтын бірлік – предикативтілік категориясын құ-
райды. Предикативтілік категориясы əрбір сөйлемге қатысады
жəне оның грамматикалық мағынасы болып табылады» [6]. Қазақ
тіл білімінде М. Балақаев, Р. Əміров, О. Төлегенов [8] сөйлемнің
негізгі белгісі ретінде предикативтілік пен модальдылықты алып,
олардың əрқайсысының жасалу жолдарына көп назар аударады.
Сонымен, сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілік,
модальдылық жəне интонация үшеуін де
бірдей жатқызу орын-
ды деп санаймыз. Оларды бір-бірімен тең немесе біріне-бірі
басыңқылық қызметте жұмсалады дейтін пікір олардың ішкі ерек-
шеліктерін ескермеуден туса керек. Сөйлем бүкіл тілдік катего-
рияларды өз бойына жинақтай келе, өзіндік үлкен екі қасиетімен
дараланады. Біріншіден, əрбір салынып жатқан үйдің іргетасы
мен қабырғалары негізінен оның жалпы тұлғасын құрап, үй екен-
дігін
көрсететін болса, сөйлемде де оның негізін құрайтын эле-
мент – бастауыш пен баяндауыш. Осы екеуінің негізінде ғана
оның модальдылық қасиеті айқындалса керек. Сондықтан да,
ең алдымен, сөйлемге тəн қасиет ол – предикативтілік. Преди-
кативтілікке
көбінесе тек жақ, шақ мəселесі ғана негіз болады.
Осы екеуі арқылы предикативтілік жүзеге аса алады. Ал пре-
372
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
дикативтілік мына үш нəрсенің байланысы: а) субъект-преди-
кат арасындағы (логикалық аспект); ə) тема-рема арасындағы
(коммуникативті аспект); б) бастауыш-баяндауыш арасындағы
(грамматикалық аспект).
Жалпы сөйлем бір бас мүшелі, екі бас мүшелі немесе мүше-
ленбейтін
сөйлемдерден құралса, предикативтіліктің ең жоғары
түрі екі бас мүшелі сөйлемдерде нақты, бір бас мүшелі сөйлемдер-
де жартылай, ал мүшеленбейтін сөйлемдерде болмайды. Miнe,
бұған қарағанда предикативтілік – тек бастауыш пен баяндауыш
арасындағы таза грамматикалық құбылыс. Предикативтіліктің ар-
найы көрсеткіші – жақ жəне шақ көрсеткіштері. «Предикат» деген
термин баяндауыш екені белгілі. А.М. Пешковский «предикатив-
ность» деген терминнің орнына «сказуемость» деген терминін
енгізген болатын.
Достарыңызбен бөлісу: