Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет185/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Шақ категориясы. Шақ категориясы – істің əртүрлі уақыт-
та істелгенін, я істелетінін, я істеліп тұрғандығын көрсетеді. 
Етістіктегі істің дəл мезгілдері ерекше тəсілдермен белгіленеді
олар осы шақ, өткен шақ жəне келер шақ түрлерінде беріледі. 
Орыс тілінің «Грамматика современного русского литератур ного 
языка» еңбегінде синтаксистік шақ категориясы, біріншіден, 
сөйлемнің құрылымдық ерекшелігімен, екіншіден, етістік үлгі-
лерімен, сөйлемнің тұрлаулы мүшесін құрайтын негізгі етіс-
тіктермен, үшіншіден, сөйлем құрамына ендірілетін быть көмек-
ші етістігі арқылы беріледі дейді.
Жақ категориясы. Жақ категориясы айтушы, тыңдаушы жə-
не III жақта айтылады да, ол көрсеткіш етістік арқылы көрінеді. 
Жақ категориясының қосымшалары отыр, тұр, жатыр, жүр 
етістіктеріне тікелей жалғанады. Басқа етістіктерге түрлі қосым-
шалардан соң жалғана келе, баяндауыштың қай жақта тұрғанды-
ғын көрсетеді. Сөйтіп, сол жақтық көрсеткіш арқылы сөйлемнің 
бастауышы да белгілі болады. 
Модальдылық белгісі. Сөйлемнің ең негізгі тұлғасынан 
кейінгі мəселе – сол сөйлем арқылы адамның қуану, шаттану, 
еркелеу, шошу, ашу-ыза, күдіктену, күшейту, əсерлеу, құптау, 
құптамау, жақтырмау, сену, мүмкіндік, керектілік, болжалдық 
сияқты, т.б. қасиеттері. Яғни олардың семантикалық белгілерін 
анықтау – екінші орындағы мəселе. Сөйлемнің бойындағы мұндай 


373
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
қасиеттердің барлығы да модальдылық белгісі арқылы беріледі 
де, олардың негізгі көрсеткіштері рай категориясы, модаль сөздер 
мен демеуліктер жəне интонация болуы тиіс.
Рай категориясы. Рай категориясы – етістіктің морфология-
лық категориясы. Морфологиялық тұрғыдан əрбір райдың өзіндік 
жұрнақтары, яғни көрсеткіштері бар. Сол көрсеткіштер арқылы 
істің болып жатқандығы, болатындығы, болып кеткендігі ай-
қындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет