Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет191/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   332
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
айқын болатыны ескеріледі. Сонда сөз таптары сөйлем мүшесі 
қызметінде жұмсалғанда оның мағыналық жағы да назарға алы-
нады. А. Жапаров сөз таптарының таза лексикалық мағынасының 
олар сөйлем мүшесі болып келгенде абстракцияланатындығын 
дұрыс көрсете білген [1,39]. Жалпы алғанда, сөз таптары сөйлем 
мүшесі болған кезде лексикалық мағынасын сақтайды əрі басқа 
бір мағыналық топқа ауысу процесі де айқын байқалады. Осы 
сияқты əрбір сөз табындағы заттық, сандық, сындық, қимылдық, 
мезгілдік қасиеттері олардың негізгі бір белгілері. Бірақ əрбір сөз 
табындағы осы сияқты қасиеттер енді ол сөз таптары сөйлемнің 
белгілі бір мүшесі болған кезінде сақтала ма, сақталмай ма, 
екіншіден, ол мағыналар сөйлем мүшесіне ауысқан кезде басқа 
форма ала ма деген мəселені шешу де қиындық келтіреді. Зат 
есімдер заттық мағынаға ие сөздер болғанымен, олар баста-
уыш, толықтауыш қызметінде сол заттық, объектілік қатынаста 
жұмсалып, кейде пысықтауыштық қатынасқа ауысып кетеді. Оның 
негізгі бір себебі қазіргі кезде лексикалық синтаксис мəселесімен 
де тығыз байланысты демекпіз. Сонда, кейбір зат есімдер үнемі 
заттық мағынаға ие болса, ал енді бір зат есімдер лексикалық 
мағынасы жағынан мезгіл, мекен мағыналарына ие болып оты-
рады. Керісінше, сын есімдер тек сындық қасиетке ие болуымен 
бірге септеліп, заттық мағынаға ие болып та жұмсалады ғой. 
Бұған қарағанда əртүрлі мағыналық топта жұмсалатын сөз тапта-
ры сөйлем мүшесіне ауысқан кезде сол өзінің мағынасымен қоса 
басқа мағыналарға ауысып жұмсала береді.
Сөз таптарының да, сөйлем мүшелерінің де өзіндік сұрау-
лары барлығы айқын. Сөз таптарының əрбір сөзіне сұрақ жеке-
жеке қойылу жағы басым. Əрине, əрбір сөз табының күрделі 
түрлері де бар екендігі белгілі. Сол əрбір сөз табының күрделі 
түрлеріне де сол сөз табының дара сұрағы ғана қойылса керек. 
Сөз таптарының барлығы бірдей сұрақ қоюға ие бола бермейді. 
Сұрау қоюға негізінде, дербес мағынасы бар сөз таптарының дара 
да, күрделі де түрлері ие болса, одағай, көмекші сөздер (көмекші 
есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер) ондай қасиетке ие 
бола алмайды. Ал сөз таптары сөйлем мүшесіне ауысқан кезде 
сол дербес мағынасы бар сөз таптарының дара, күрделі түрлері де 
белгілі бір сөйлем мүшесінің сұрауларына жауап береді. Кейде, 
тіпті, ондай сөздерге басқа сөздердің қосылуы арқылы бірнеше 


385
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөздер бір-ақ сұраққа жауап беріп, сөйлем мүшесі болатын сөз 
таптарының аумағы сан жағынан молая береді. Сондай-ақ əртүрлі 
сөз таптарының бірлігі арқылы да бір сұраққа жауап беріп, бір 
сөйлем мүшесі болуы да мүмкін.
Сонымен, жеке сөзбен қатар бірнеше сөз, яғни дербес ма-
ғынасы бар сөздердің күрделі түрлері де бір сұраққа жауап 
береді. Сол сияқты дербес мағынасы бар сөздерге көмекші сөз-
дердің түйдектелуі арқылы, тіпті, бірнеше сөзден құралатын 
тұрақты тіркестер де бір сұраққа жауап бере алады. Осыған орай, 
сөз таптарының сұрауларына қарағанда сөйлем мүшелерінің 
сұрауларының аумағы кең. Оның үстіне, сөз таптарындағы сұрау-
лар сөйлемнің ішінде əрбір сөзге тікелей тек өзіне ғана қойылуға 
тиісті болса, сөйлем мүшелеріндегі сұраулар біріне-бірі қатысы 
бойынша айқындалса керек. Сонда, баяндауышты бүкіл сөйлемге 
сұрақ қою арқылы тапсақ, бастауышты баяндауыш арқылы ғана 
таба аламыз. Олай болса, сөйлем мүшелеріндегі сұраулар біріне-
бірі қатыстылығымен ерекшеленеді.
Кез келген сөз таптарына сұрақ қоя беруге болмайтын сияқты 
сөйлемде барлық сөздерге де сұрақ қоя беруге болмайды. Сөй-
лемдегі сөйлем мүшелерінің ішінде кейде баяндауыш қызметінде 
жұмсалған бар, жоқ, керек сөздеріне жəне түрлі айқындауыш 
сөздерге де сұрақ қою қиындық келтіретіні белгілі. Сол сияқты 
оқшау сөздерге де сұрақ қоя алмаймыз, бірақ олар сөйлемде сөй-
лем мүшесі болмайтындығымен сипатталады. Жалпы, сұраулар 
əрбір дербес мағынасы бар сөз таптарына ғана тəн болса, сөйлем 
мүшелерінің тек өздеріне тəн сұраулары болады. Сөз таптарының 
сұрақтары – əрбір сөз табы үшін негізгі мəселе. Ол сөйлем мү-
шелерінің сұрауларына да сай келуі тиіс. Ал енді ол сөз тап-
тары басқа сөйлем мүшесі болған кезде сол сөйлем мүшесінің 
сұрауларына жауап беруге тиіс. Мысалы, жақсы оқушы дегенде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет