Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет186/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   332
Бұйрық рай. Бұйрық райлы етістіктер біреуге не біреу арқы-
лы тыңдаушыға бұйыра сөйлеп, істің, əрекеттің орындалуын та-
лап етеді. 
Шартты рай. Шартты райлы етістіктер -са/се жұрнағы ар-
қылы істің, қимылдың, т.б. орындалуына, істелуіне шарт қойып
келешекте істелу қажеттігін білдіріп тұрады. 
Қалау рай. Қалау рай етістіктері қимыл-əрекетті істеуге 
істеушінің ынтасын білдіріп, тілек, қалау мағынасында айтылады: 
а) -ғай/гей, -қай/кей (барғайсың); ə) айтсаңшы; б) -ғай е – барғай 
еді; в) -ғы/гі – барғым келеді, барғысы келеді; г) барса игі еді
қойса екен. 
Ашық рай. Өткен шақ: жедел өткен шақ -ты/ті; бұрынғы 
өткен шақ -ған/ген; ауыспалы өткен шақ -атын/етін, -ушы/уші -е, 
(барушы едім). Осы шақ: нақ осы шақ – отыр, тұр, жатыр; ауыспа-
лы осы шақ -а, -е, -й – отырамын. Келер шақ: болжалды: -ар/ер/р; 
мақсатты: -ғалы/гелі; ауыспалы: -а, -е, -й. 
Демеуліктер. Демеуліктер баяндауыш сөздерге дефис жəне 
дефиссіз де жалғанып, ол сөздерге əртүрлі қосымша реңктер 
береді. Жалпы, демеуліктердің атының өзі олардың сөйлемдерге 
қандай мағына үстемелеп тұрғандығын көрсетуімен нақтыла-
нады: а) сұраулық демеуліктері: -ма/ме, -па/пе, -ба/бе сұраулық 
мəн тудырады; ə) күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, -да/де, 
-ақ – күшейткіш мəн; -ау – риза болу, шаттану, ренжу, күйіну, 
мақұлдау, қолдау сияқты мəндер; -ай – таңдану, таңырқау; -да/
де – күшейту мəнінде; б) нақтылық демеуліктер: -қой – нақты-
лау, тұжырымдау, мақұлдау, т.б. реңктер; -ды – нақтылай түсу 
мəнінде; в) шектік демеуліктер: ғана – шек қою мəнінде; г) ай – 
шек қою, тежеу; д) болжалды демеуліктер: ау – күшейту; түгел, 
түгіл, тұрсын, тұрмақ – болымсыздық мағына; екеш – қомсыну, 
кемсіну, мұқату.


374
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Модальдылық сөйлемде бүкіл сөйлемге қатысты бола ма, 
жоқ, əлде жеке бір мүшесіне ме? Демеуліктер көптеген сөз тап-
тарына тіркеседі жəне олар сөйлемнің кез келген сөйлем мүшесі 
бола ала ды. Осы ерекшелігіне байланысты олар көбіне баянда-
уыш болғанымен, басқа да кез келген сөйлем мүшелері арқылы 
модальдылықты білдіре береді. Бұл – сөйлем туралы негізгі 
пікір. Сөйлем негізінен сөйлем мүшелерінен құралатыны белгілі. 
Сондықтан сөйлемге қатысты көптеген мəселелердің ішінен біз 
тек сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жайында ғана сөз қозғамақпыз.
ƏДЕБИЕТ
1. Бабайцева В.В., Максимов Л.Ю. Современный русский язык. Син-
таксис. Пунктуация. М., 1981.
2. Теоретическая грамматика английского языка. М., 1983.
3. Валгина Н.С. Синтаксис современного русского языка. М., 1973.
4. Лекант Я.А. Синтаксис простого предложения в современном рус-
ском языке. М., 1974.
5. Грамматика русского языка. Синтаксис. Т. II. Ч. I. М., 1960.
6. Грамматика современного русского литературного языка. М., 1970.
7. Ильенко С.Г. Персонализация как важнейшая сторона предикативно-
сти. В сборнике «Теоретические проблемы синтаксиса современных 
индоевропейских языков». М., 1975.
8. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954; Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. 
Алматы, 1983; Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальды 
жəне мақсат мəнді жай сөйлем типтері. Алматы, 1968.


375
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет