Талғат сайрамбаев


I. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет187/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

I. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 
МƏСЕЛЕЛЕРІ 
1. Сөйлем мүшесі, оның негізгі белгілері
Сөйлемнің өзі екіжақты қарастырылатыны белгілі: а) сөйлем-
нің құрылысы, айтылу мақсаты жəне оған қатысатын сөйлем 
мүшелерінің арақатынасы жəне б) сөйлемді құрайтын элемент-
тер немесе сөздердің сөйлем мүшесі болу ерекшелігі. Сөйлемге 
қатысты осы екі мəселенің əрқайсысының өзіндік зерттелу объек-
тілері бар. Соның ішіндегі ең негізгі мəселенің бірі – сөйлем 
мүшелері. Сөйлем мүшелері, яғни сөздер, сөйлемнің ішкі бөлік-
тері. Олар – сол сөйлемді құрауда басты тұлға. Сол сөздердің 
қатысуы арқылы ғана сөйлем құрала алады. Міне, сол сөйлемді 
құрайтын əрбір сөздің өз орны, өз қызметі, өз мағынасы, өз қасие-
ті бар.
Қазақ тіл білімінде сөйлем бес сөйлем мүшесі арқылы құра-
лады. Негізінде сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі қасиетін айқын-
дау сонау 1930 жылдардан бастап-ақ зерттелініп келеді. Қазақ 
тіл білімінде сөйлем мүшелерінің зерттелуін былайша топтауға 
болады:
1) 1922-1940 жылдар арасындағы ғылыми айтыс;
2) 1940 жылғы оқулық, ғылыми еңбектер бағытындағы айтыс;
3) 1950 жылдан кейінгі əртүрлі бағыттағы айтыс. Əсіресе сөй-
лем мүшелерінің анықтамасына келгенде ғалымдар арасында 
түрліше көзқарастар бар. Сөйлем мүшесінің өзіндік қасиетін ай-
қындауда 1940 жылға дейінгі жəне онан кейінгі əдебиеттерге шо-
лу жасасақ, мынаны көруге болады. Сөйлем мүшелері, олардың 
негізгі белгілері, жасалуы, тыныс белгілері туралы айтыстар сол 
I кезеңде жақсы қойылған еді. Бұл кезеңдегі сөйлем мүшелері-
нің жасалуы жайлы А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, 
X. Басымов, І. Бəйтенов, Ə. Ермеков, М. Балақаев, т.б. ғалымдар 
алғаш сөз етушілер болды. Ол уақытта сөйлем мүшелері тура-


376
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
лы айтыстар да негізінен оларды топтау мəселесіне, жасалуы-
на қатысты ойлар жан-жақты айтылып отырды. Ең алдымен, 
сөйлем мүшесі туралы анықтамаларды талдап көрелік. Х. Ба-
сымов пікірінше, «1) Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейміз; 
2) Сөйлемде қанша сөз болса, солардың барлығын соншалық 
сөйлем мүшесі дейміз; 3) Сөйлемдегі мағыналы сөзді сөйлем 
мүшесі дейміз; 4) Сөйлемдегі əртүрлі сұрауға жауап берген сөзді 
сөйлем мүшесі дейміз».
Сөйлем мүшелері туралы кейінгі кездегі авторлардың пікір-
лері де жинақталды:
М. Балақаев: «Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие бо-
лып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем 
мүшесі дейміз». М. Серғалиев: «Сөйлем ішінде басқа сөздермен 
синтаксистік қатынасқа түсіп, бір сұрауға жауап беріп, бір ұғым-
ды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі дей-
міз». Р. Əміров: «Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауда қалыптас-
қан қатынастық компонент. Сөйлем мүшелері ретінде толық 
мағыналы сөздер қолданады».
Сөйлем мүшелерін зерттеген ғалымдардың ішінде тек X. Ба-
сымов қана сөйлем мүшелерінің жасалуы, оларға қатысты сөз дер 
тобы жəне сөйлем мүшесі туралы көзқарастарға өзіндік топшылау 
жасай білген. Ол сөйлем мүшесі туралы əртүрлі тұжырымдардың 
бірінші жəне төртінші түріне қосылмайды. Бұл туралы автор, 
біріншіден, кез келген сөздер сөйлем мүшесі бола бермейді, 
екіншіден, əртүрлі сұрауға жауап беретін сөздердің барлығы 
сөйлем мүшесі бола бермейді, тек бірыңғай сұрауға жауап беретін 
сөздер сөйлем мүшесі бола болады деп көрсетеді. Автор сөйлем 
мүшелері дегенге сұрақ қоя келіп, енді өзіндік пікір ұсынады. 
Біріншіден, сөйлем мүшелері болатын сөздер айтайын деген ойды 
білдіруге қатысты ешбір көмекші сөздерсіз жұмсалған негізгі 
мағынаға ие сөздер болады. Екіншіден, сөйлемдегі айтайын де-
ген ойды білдіруге керекті негізгі сөзге енді көмекші сөздердің 
қосақталып жұмсалуы арқылы сөйлем мүшесі жасалады дейді. 
X.Басымовтың бұл пікіріне қарағанда сөйлем мүшелері дербес 
мағынасы бар жəне ондай дербес мағынасы бар сөздерге түрлі 
көмекші сөздердің қосақталуы арқылы жасалады. Дегенмен автор 
сол сөйлем мүшелері туралы берген ережелерді жан-жақты талдау 
жасауға онша бара алмаған.


377


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет