Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет192/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

жақсы сын есімі қандай? деген сұрауға жауап беріп, сөйлемде 
анықтауыш қызметінде жұмсалса, жақсы оқиды дегенде қалай? 
деген пысықтауыштың сұрауына, жақсыға жанас дегенде жақ-
сыға заттанған сын есімі кімге? деген толықтауыштың сұрағына 
жауап береді.
Белгілі тіл маманы I.Бəйтенов сөйлем мүшелері, олардың жа-
салуы туралы айта келіп, сөйлем мүшелерін айыру үшін алдымен 


386
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мүше басына бірнеше сұраулар сайлап алып, сонан кейін ғана қай 
мүше екенін сол арқылы білу керек деген орыс тіліндегі əлі толық 
зерттелмей тұрған кездегі пікір екенін, сонымен бірге сөйлем 
мүшелерінің бас-басына сұрау таңдап алу, сол бойынша сөйлем 
мүшелерін дұрыс айырам деудің дұрыс еместігін батыл сынға 
алады [2,119]. Автордың пікірінше, барлық сөйлем мүшелерінің 
бас-басына сұрау арнаудың керегі жоқ, тек кейбір мүшелерге 
ғана сұрау қоя білу керек дейді де, тек пысықтауышта сұрау бол-
са болғаны, басқа сөйлем мүшелеріне сұрау қоюдың керегі жоқ 
деп біледі. Біз автордың бұл пікіріне қосыла алмаймыз. Негізінде, 
əрбір сөйлем мүшесінің жеке-жеке сұраулары болуы бұл тек 
қазақ тіл білімі үшін ғана емес, жалпы тіл білімі үшін негізге 
алынған. Əрбір сөйлем мүшесінің өзіне тəн тұлғалық ерекшелі-
гіне сай олардың сұраулары да сол ыңғайда қалыптасады.
Сұраулар туралы екі нəрсені аңғару керек. Яғни сұрауларды 
морфологиялық жəне сөй лем мүшесі тұрғысынан қарастыратын 
боламыз. Егер біз бұл арада сұрауларды тек сөйлем мүшелеріне 
тели отырып сөз етсек, бұл сұраулар сөйлем мүшелеріне тек осы 
қалпында да жəне кейде түрлі морфологиялық өзгерістерге енуі 
арқылы да қатысты болады. Осы сұраулардың кейбірі тəуелденсе, 
енді бірі көптеліп, септеліп те жұмсала береді. Бұған қоса бұл 
сұраулардың тəуелденіп келгендері бастауышқа қатысты болса, 
ал септеліп келгендері анықтауыш, толықтауыш пен пысықта-
уышқа қатысты болады. Мысалы: 
А. кім? не? кімім? нем? 
I. кімнің? ненің? кімімнің? немнің? 
Б. кімге? неге? кіміме? неме? 
Т. кімді? нені? кімімді? немді? 
Ж. кімде? неде? кімімде? немде? 
Ш. кімнен? неден? кімімнен? немнен? 
К. кіммен? немен? кіміммен? неммен?
Мұнда кім, не? сұрауларының жекеше септеуінің атау септігі 
бастауышқа, ілік септігі анықтауышқа, ал қалған септіктегі сөздер 
объективті пысықтауышты қатынастарда жұмсалады. Олардың 
тəуелденуі де осы іспеттес. Əрине, сұраулардың көптік, тəуелдік 
жалғаулары жалғаулық қасиетке ие болса, олардың септелуінде 
кейде көнелену процесі байқалады. Сөйтіп, сұраулар дербес мағы-


387
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
налы сөз таптарының бəріне қатысты болса, сөйлем мүшелерін-
де дербес мағыналы сөздер мен көмекші сөздер, күрделі сөздер 
тобы мен тұрақты тіркестер, тіпті, сөйлемдерді де білу мақсатында 
айтылады да, солар арқылы жауап алу процесінде мағына 
айқындалып отырады. Сұрауларға жауап сөздерді көп оқулықтарда 
көбіне тек сөз таптарының төңірегінде ғана сөз етсе, біз оларды 
оған қоса жоғарыда аталған сөздер тобына да қатысты деп білеміз.
Сөйлем мүшелеріне байланысты негізгі мəселенің бірі – оларға 
сұрақ қоя білу. Əрине, əрбір сөйлем мүшесінің белгілі бір сұрақ-
тары бары айтылып отыр. Бірақ осы бес сөйлем мүшесінің, ең 
алдымен, қайсысын табу туралы да өзіндік пікірталасы кездесіп 
отырады. Бірақ барлық сөйлем мүшелерінің ішінде ең негізгі 
ұйытқы сөйлем мүшелері – тұрлаулы мүшелер. Оларды сөйлемді 
құраудың басты тұлғасы деу орынды. Бірақ осы екі сөйлем мү-
шесінің алдымен бастауыш немесе баяндауышын табуда біріз-
ділік жоқ. Осы сияқты қайшылықтарды жоғары оқу орындарына 
арналған оқу құралдарынан да көруге болады. Осы екі сөйлем 
мүшесі сөйлемдегі ойдың иесі болуы мен сөйлемді тиянақтау 
жағынан алғанда төмендегідей негіздерге сүйенеді.
Қай сөйлемде де ойдың иесі болуы жағынан бастауыш басты 
тұлға. Негізгі ой сол бастауыш төңірегінде болып отырады. Бірақ 
сол сөйлемдегі ойдың иесі бастауыш ашық түрде де, жасырын 
түрінде де келе береді. Тіпті, жақсыз сөйлемдерде бастауыштың 
айтылмайтыны тағы белгілі. Олай болса, бастауыш ашық, кейде 
жасырын, тіпті сөйлемде болмауы да мүмкін екен. Дегенмен қай 
жағдайда болса да (соңғысынан басқа жағдайда) ол – сөйлемнің 
негізгі арқауы, ой желісі. Ал баяндауыш сөйлемде негізінен 
сөйлемнің соңында келеді. Сөйлемнің біршама аяқталу процесі 
сол сөйлемдегі басқа сөйлем мүшелері арқылы емес, тек баян-
дауыш арқылы ғана жүзеге асады. Осыдан барып тіл-тілде ба-
яндауышсыз сөйлем болуы мүмкін еместігі де ескерілсе керек. 
Тіл-тілде сөйлемдер құрылысына немесе тұрлаулы, тұрлаусыз 
сөйлем мүшелерінің қатысына, мағынасына, т.б. ерекшеліктеріне 
топтау барысының барлығы да баяндауышсыз жүзеге аса алмай-
ды (сұраулы сөйлем туралы пікірталасы басқа екені айқын). Жай 
сөйлемді былай қойғанда, тіпті, құрмалас сөйлем жайлы осыны 
айтуға болады. Олай болса, ең негізгі пікір – баяндауышсыз сөйлем 


388


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет