3. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерін үш кезеңге бөліп қа-
растырған жөн сияқты. Сөйлем мүшелері туралы 1936-40 жылдар
шамасында жазылған материалдар назар аударарлық. Ол кезде
бұл тақырыптағы А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, І. Бəйтенов, Х. Ба-
сымов, С. Аманжолов, Ə. Ермеков, М. Балақаев еңбектерін атай
аламыз. Оларда сөйлем мүшелері тек жасалу жағынан ғана сөз бо-
лып қойған жоқ, олардың қалыптасу, тұрақтану мəселесіне көбі-
рек назар аударылды. Мəселен, 1938 жылы Х. Басымов: «Осы
күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерге тимей келген
мəселенің бірі – осы сөйлем мүшелері болып келеді» деген пікір
білдірді [3,22].
Сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталған ғалым – А. Бай-
тұрсынов. Автордың 1924 жылы Орынборда басылып шыққан
«Тіл танытқыш» үшінші оқулығы синтаксис мəселесіне арналған.
Онда сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толық-
тауыш жəне пысықтауыш деп бергенін көруге болады. Ғалымның
395
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөйлем мүшелерін топтауын ғылыми жағынан қазір де теріске
шығаруға болмайды. Сөйлем мүшелері жайлы арнайы тоқталған
ғалым – Қ. Жұбанов. Ол сөйлем мүшелерін екіжақты қарастырады.
Оның орын тəртібі, кейде олардың жасалуы сияқты мəселелер
бойынша мақалалар жазып, кітаптарында тоқталған. «Из истории
порядка слов в казахском предложении», «О построении речи
на казахском языке» жəне «Қазақ тілі грамматикасы» сияқты
мақалалары мен кітаптарында автор сөйлем мүшелері туралы
ғылыми талас пікірлерге тоқталмайды. Тек олардың жасалуы, не-
гізгі анықтамалары сияқты мəселелерді сөз етеді. Ал оның сөйлем
мүшелері жайлы ғылыми көзқарасын «Жаңа грамматикалық
жаңалықтар жайынан» атты көлемді мақаласынан көруге бо-
лады. Автор сөйлем мүшелерінің саны, оның атаулары туралы
жоғарыда аталған еңбегінде тұрлаулы жəне айқындауыш деп
бөле келіп, əсіресе сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі туралы өзіндік
жаңа ұсыныстар жасауды мақсат еткен.
Ғалым сөйлем мүшелерін топтастыруда А. Байтұрсыновтың
жүйелеуіне сын айтады. Оның сөйлем мүшелерін жасаудағы
көзқарастарына бүтіндей қарсы екендігін дəлелдейді. Қ. Жұбанов
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы өзінен бұрынғы автор-
ларды сынай келіп, олардың жүйелеулерінің көбіне мағыналық
ерекшелікке тоқталғанын дұрыс емес деп тауып, сөйлем мүше-
лерін топтастыруда тұлғалық принципті басшылыққа алады. Яғни
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деген терминнің орнына орыс
тіл білімі мамандарының топтауы негізіндегі айқындауыш деп
атағанды жөн көреді. Бұдан əрі автор сөйлем мүшелерін топтау-
да септік жалғаулы сөздердің барлығын, тіпті ілік жалғауды
сөздерді де, толықтауышқа қосып жібергенін байқауға болады.
Автор пысықтауыш болатын бүгін, кеше сияқты сөздерді пысық-
тауышқа қосуының негізгі себебі, олардың мағыналық жағын
еске алғандықтан емес, тек тұлғалық, яғни анықтауыштық тұл-
ғалы сөздермен бір тұлғалас екендігін негізге алғандықтан болып
отыр. Оған қоса септік жалғаулы сөздерді толықтауышқа қосу-
мен бірге, кейде ілік, кейде басқа септік жалғаулы сөздердің
түсіріліп айтылуын толықтауыш деп біледі [4,38].
Қазақ тілінің сөйлем мүшелерін топтастыру туралы С. Аман-
жолов та арнайы тоқталды. Автор мақаласында сөйлем мүшеле-
396
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
рін ескі жəне жаңаша жіктеу деп бөле келіп, А. Байтұрсыновтың
тұрлаулы жəне тұрлаусыз сөйлем мүшелері деген жіктеуін сынға
алады. Қ. Жұбановтың жіктеуін қолдай келіп С. Аманжолов: а) тұр-
лаусыз сөйлем мүшелері атының көптігіне, ə) анықтауыш, толық-
тауыш жəне пысықтауыштардың сұраулары мен анықтамала-
рының араласып келуіне, б) оларды бір-бірінен айыруда ғылыми
негіздің жоқ екеніне байланысты дəйек айтып, сөйлем мүшелерін
бастауыш, баяндауыш жəне анықтауыш деп үшке бөледі [5,5-11].
Қ. Жұбанов пен С. Аманжоловтың сөйлем мүшесі туралы жік-
теуі ғылыми жағынан алғанда бірізді. Екеуі де бастауыш, баян-
дауышты негізгі сөйлем мүшелері дейді де, тұрлаулы сөйлем
мүшелері деген терминді қолданудан шығарып тастайды. Қ. Жұ-
банов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін айқындауыш деп атаса,
С. Аманжолов анықтауыш деп пайдаланғанын көреміз. Бірақ олар-
дың аттары бөлек болғанымен, ішкі ерекшеліктері бірдей. Екеуі
де тұрлаусыз сөйлем мүшелерін толықтауыш жəне анықтауыш
деп топтастырып, оларды тек тұлғалық жағынан қарастырумен
шектелген. Сондықтан да Қ. Жұбановтың сөйлем мүшелерін топ-
тастыру туралы пікірі осы уақытқа дейін нақ сол күйінде оқы-
тылып жүр. Ал С. Аманжоловтың жоғарыдағы мақаласындағы сөй-
лемнің тұрлаусыз мүшелері туралы ойлары кейінгі еңбектерінде
басқаша беріледі. Автор сөйлемнің тұрлаулы жəне тұрлаусыз мү-
шелері деп топтай келіп, тұрлаусыз мүшелерді одан əрі анықта-
уыш, толықтауыш жəне пысықтауыш деп бөліп көрсетеді. Демек,
енді тек тұлғалық жағына ғана емес, мағыналық жағына баса на-
зар аударғанын байқаймыз.
Өзге ғалымдар да (Х. Басымов, І. Бəйтенов, Ə. Ермеков, М. Ба-
лақаев) сөйлем мүшелері туралы бірнеше мақалалар мен оқулық-
тар жазды. Бірақ бұл ғалымдар сөйлем мүшелерінің жіктелуіне
назар аудармайды. Көбіне олардың жасалу жолына ғана тоқта-
лады. Х. Басымов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін қазіргіше
анық-тауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп бөлген [6,29]. І. Бəй-
тенов те өз еңбектерінде сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталса
да оның жіктелуіне көңіл бөлмейді. Көбіне сөйлем мүшесіне
қойылатын сұрақтар, олардың қай сөйлем мүшесіне тəн, тəн
еместігі туралы айтады [2,119]. Сөйлем мүшелері туралы біраз
397
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мағлұматты М. Балақаев еңбектерінен ала аламыз. Автор сөйлем
мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп жіктеп, əрқайсысына жеке-
жеке мақалалар жазды. Оны жоғары оқу орындарына арналған
оқулық дəрежесіне дейін дамыта білді. Автордың сөйлем мү-
шелеріне қатысты ойлары қазақ тіл білімінде өзіндік орын
алды. Сөйлем мүшелері – қазақ тіл білімінде белгілі дəрежеде
зерттелінді дегенімізбен, басқа түркі тілдерімен салыстырғанда
кенже қалған сала. Өйткені осы күнге дейін қазақ тіл білімінде
сөйлем мүшелерінің əр тобына немесе жеке салаларына сай бір-
де-бір салиқалы еңбек жоқ. Дей тұрғанмен, қазақ тіл білімінде
сөйлем мүшелері туралы үш түрлі көзқарас бар.
1) Кейбір тілші ғалымдар осы күнгі сөйлем мүшелерінің сақ-
талу принципін айта келіп, оларды жаңа атаулармен толықтыр-
ғысы келеді; 2) Ғалымдардың екінші бір тобы жалпы қазіргі
қолданып келген сөйлем мүшелерінің аттарын жалпы алып тас-
тап, оның орнына жаңаша атаулар енгізуді көздейді; 3) Ғалым-
дардың үшінші бір тобы сөйлемнің тұрлаулы мүшесін ғана сақтап,
тұрлаусыз мүшелерді жалпы алып тастауды ұсынады.
Осылардың ішіндегі жалпы сөйлем мүшелерін алып тастау
мен тұрлаусыз мүшелерді жою керек дейтін пікірлерін ескерсек,
қазіргі сөйлем мүшелерін топтау грамматикалық бөлуге емес, ло-
гикалық бөлуге саяды. Біріншіден, сөйлем мүшелерін топтаған
кезде көбіне сөздердің мағыналық жағына баса назар аудару
жағы басым. Екіншіден, сөйлем мүшелерінің өзара жігі толық
ашылмайды деген қағидаларға əкеліп соғады. Сөйлем мүшелерін
топтастырудағы осы сияқты көзқарастар қазақ тіл білімінде
1936-37 жылдары орын алған еді. Жалпы, тіл білімінде сөйлем
мүшелерін айқындауда мына принциптер басшылыққа алына-
ды. Біріншіден, сөйлем мүшесін жалпы мағыналық жағынан қа-
растырады. Екіншіден, сөйлем мүшелерін грамматикалық жа-
ғынан, яғни əрбір сөйлем мүшесі белгілі бір сөз таптарынан жа-
салуын негізге алады. Мысалы: зат есім атау, тəуелдік, көптік
жалғауларда бастауыш болады. Үшіншіден, синтаксистік жағынан,
яғни қай сөйлем мүшесі қай сөйлем мүшесімен анықтауыштық,
толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста екендігі негізге алы-
нады.
398
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Достарыңызбен бөлісу: |