402
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
«осторожно» деген бір сөз 22 түрлі интонациямен айтылатынын
көрсетеді [19,13]. Интонацияны жалпы сөйлеу процесімен де
тығыз байланысты қарауымыз керек. Жоғарыда айтылғандай, ең
алғашқы сөйлемдеріміз, яғни адамдардың алғашқы кездегі бір-
бірімен қатынасы бір сөзді сөйлемдер арқылы жүзеге асты деген-
де, сол бір сөзді сөйлемдерде предикативтілік көріністі жасауда
тек интонация арқылы көрсетпесек, жеке сөз өз алдына сөйлем
дəрежесіне көтеріле алмаған да болар еді. Яғни алғашқы сөздер
сөйлемдік дəрежеге ие болуы тек интонацияның қатысы арқылы
ғана жүзеге аса алады.
Бала тілінің синтаксистік ерекшелігін арнайы зерттеген
Т.Т. Аяпова: «Бір сөзді сөйлемдер 48 қазақ баласының тілінде 55
бір типті жеке сөзді түбір сөздер болған», – дейді [20,6]. Балалар
тілінің алғашқы қалыптасуы «қарапайым синтаксис» дəреже-
сінде болса, ал тілдің де алғашқы қалыптасуы осы дəрежеде
болды деп білеміз. Оның үстіне қазіргі бала тіліндегі бір сөзді
сөйлемдердің өздерінің көп болса 48 баланың тілінде небəрі
48-ақ бір типті жеке сөйлемдер бар екені дəлелденсе, алғашқы
қоғам кезінде де осы дəрежеде деп айту дұрыс болар. Бірақ
Т.Т. Аяпова осы бала тіліндегі бір сөзді сөйлемдер туралы ғана
айта келіп, алғашқы кезде сөз таптары болған емес,
бір дегеннен
синтаксис пайда болып, тек бала тілінің шығу барысы сөйлем
арқылы көрінеді деп мəселені біржақты ғана қарастырады. Ол
жеке сөз сөйлем болды дегенмен, дəл осы арада
сол
жеке сөздің
сөйлем болуы мүлдем жеткіліксіз екенін ашып айта
алмайды. Тек
бала тілінде синтаксистік ерекшелік басым деумен шектеледі.
Шынында, оның бұл сөзі дұрыс болар. Бірақ
сөздер сөйлем болу
үшін, біздіңше, міндетті түрде интонацияның қатысы керек,
ол оны сөйлем дəрежесіне жеткізе алады. Біздің бұл ойымызды
қазіргі тілдік фактілер дəлелдей алса керек.
Достарыңызбен бөлісу: