Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет195/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   332
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
арқылы жасалуы міндетті шарт делінсе, сөйлем мүшелері үшін 
бір сөз сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала беруі жиі ұшырайды. 
Сөйтіп, жеке сөздер де (сөз-сөйлемдер) жеке сөйлем бола береді. 
Жалпы, сөйлем ең алғашында бір сөзді болып келді деген қағида 
негізгі критерий болса, ең алдымен, бір сөзді сөйлем мүшелері 
пайда болуы мүмкін деп білеміз. Сонда алдымен сөйлем, соның 
негізінде сөйлем мүшелері қалыптаса келіп, сол сөйлемнің ая-
сының кеңеюінің нəтижесінде, яғни сөйлем екі немесе одан да көп 
сөзді бола бастауына байланысты ғана сөз тіркестері пайда болуы 
ықтимал. Бұл арадағы негізгі мəселе бір сөз тіркесі болатын сөз-
дер бір сөйлем мүшесі десек, керісінше, бір сөйлем мүшесінің 
іштей сөз тіркестеріне талдауға қатысы туралы мəселе ойлануды 
қажет етеді. Сөз тіркесі сөйлем мүшесінен кейін пайда болды де-
сек те, осы синтаксистік категориялардың бір-біріне ауысу про-
цесі туралы да ойлануымыз қажет.
Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелері сөйлемде айқындалады. 
Екеуінің де жасалуы тек сөйлем арқылы ғана жүзеге асса керек. 
Сөз тіркесінің негізгі мəні дербес мағынасы бар сөз табы мен сөз 
тіркесінің негізінде құрылады. Бір ғана қалаға кетті деген сөз 
тіркесінен сөз тіркесінің байланысу формасы мен тəсілі, түрлері 
мен синтаксистік қатынастарын айқындауға болады. Бұл жағынан 
сөз тіркестерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына қарастыруға 
болатын синтаксистік категория деп білеміз. Сөз тіркестері 
сияқты сөйлем мүшелерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына қа-
рай алмаймыз. Олардың қолданылуы тек сөйлемде тұрғанда 
ғана айқындалса керек. Сөйлем мүшелері сөйлемнің ішінде бас-
тауыш не баяндауыштық немесе соларға қатыстылығымен ғана 
ерекшеленеді. Сөйлем мүшелеріндегі тілдік қасиеттер сөз тіркес-
терінің объектілеріне қарағанда аз. Сөйлем мүшелері бастауыш, 
баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп жеке-же-
ке алынып, талданғанымен, бəрібір екінші бір сөзге қатыстылығы 
айқын байқалып отырады. Сонымен, сөз тіркесі мен сөйлем 
мүшесінің осындай өзгешеліктері болғанымен, екеуі – бір-бірінен 
едəуір түрде дараланатын синтаксистік категория. Сөйте тұра сөз 
тіркесі мен сөйлем мүшелерінің ұқсастық жақтары жəне байла-
нысы да жетерлік. 
Сөз тіркестері өзара анықтауыштық, толықтауыштық, пысық-
тауыштық қатынаста жұмсалуға тиісті. Кейде ондай қатынаста 


393
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
жұмсалатын дербес мағынасы бар сөздерден құралған сөз түрлі 
себептерге сəйкес, енді өзара синтаксистік қатынасы жойылып, 
таза лексикалық топқа ауысу процесі бо лып отырады. Мұның 
өзі сөз тіркесін құрайтын сөздердің мағыналық бірлікте өзара 
жымдасуының əсерінен де, кейде ондай сөз тіркестеріндегі кей-
бір сөздердің дербес мағынадан көмекші сөзге ауысу немесе 
бірнеше сөздің тұрақталуы арқылы көрінсе керек. Тіпті, əдетте, 
сөз тіркесі деп ұғынуға болатын сөз топтарының жиынтығының 
бір сұрауға жауап беріп кетуі де, кейде ондай топты сөздердің 
мағыналарының əлсіреуінің нəтижесінде осы процесс пайда бо-
лып, соншалықты сөздер енді топ-тобымен сөйлем мүшесі жа-
ғынан бір-ақ қызметке ауыса алатын дəрежеге ие болады. Еркін 
сөз тіркестерінен күрделі сөйлем мүшесіне ауысу процесі – барлық 
тілде үнемі жүріп отыратын құбылыс. Бүгін, кемпірқосақ, баспа-
сөз, келсап сияқты біріккен сөздер уақтысында кемінде екі сөзден 
құралып, өзара еркін сөз тіркесі болғаны белгілі. Сонда олар бұл 
күн, кемпір қосақ, баспа сөз, келі can сияқты əрі есімді, əрі етіс-
тікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларының əлсіреуіне бай-
ланысты енді күрделі лексикалық топ құрайды да, сөз тіркесі жа-
ғынан оның бір сыңары, сөйлем мүшесі жағынан бір-ақ сөй-
лем мүшесі дəрежесіне жетіп отыр. Кейде сөз тіркестерінің ба-
сыңқы сыңарына түрлі жұрнақтардың жалғануынан олардың 
грамматикалық қатынасы жойылып, сөз тіркесінің күрделі сы-
ңарын құрайды. Мысалы, 15-20 қой деген сөз тіркесіне 15-20 
қойлы ауыл дегенде де қой басыңқы сөзіне -лы қатыстық 
сын есімінің жұрнағының жалғануы ол сөздегі басыңқы сөз 
бағыныңқы қызметке, яғни сол тобымен анықтауыштық қатынаста 
жұмсалатын дəрежеге ауысып отыр. Мұның өзі – жалпы сөз 
тіркестерінің сөйлем мүшесіне ауысу процесіндегі өзіндік бір 
құбылыс. Бұдан сөз тіркестеріне қарағанда сөйлем мүшелерінің 
аясының кеңдігін, екіншіден, мағыналық жағынан да мол 
ауқымды екенін көруге болады. Солардың ішінде де 15-20 қойлы 
адамдар бар (М.Əуезов) деген сөйлемдегі, сол сияқты ауылдан 
келген бала деген үйірлі анықтауышты топты өзара екі сөз тіркесі 
деп те немесе бір сөз тіркесі деп те айтуға болады. Бірақ осы 
құбылысты қаншалықты осы дəрежеде айтқанымызбен, сөйлемнің 
ішіндегі мұндай топты ауылдан сөзі келген сөзімен етістікті сөз 


394
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
тіркесін құрап тұр деуге келмейді. Мұндағы есімше сөйлемнің 
соңында келіп, баяндауыштық қасиетіндегі мағынасынан дəл осы 
тұрғысында оның мағынасы əлсіреген. Сол себепті ол екеуінің 
бір-біріне пысықтауыштық қатынасы жойылып, сол тобымен сөз 
тіркесінің бір сыңары болу дəрежесіне ауысып отыр. Мұндай сөз 
тіркестеріндегі құбылыс кейде өзара сөз тіркесін құрай алмайтын 
топтарда да кездеседі. Мысалы: Ас-су ішіп, Əбдірахман екеуміз 
ас үйден шыққанда, елдің алды жата да бастап еді (Б.Майлин) 
дегенде, Əбдірахман екеуміз өзара сөз тіркесін құрай алмайды. 
Бірақ мағыналық бірлікте ол екі сөз сөйлемде бір ғана сөйлем 
мүшесі ретінде жұмсалады. Мұның өзі сөйлем мүшелерінің 
құралуында тек сөз тіркесінің ізімен емес, сөздердің өзіндік топ-
талу мүмкіндігіне де байланысты. Сол сияқты «Əлін білмеген – 
əлек» дегенде, білмеген сөзі адам сөзімен тіркесіп, анықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркесін құрауға тиіс сөздер. Бірақ осы арада 
білмеген сөзін анықтайтын сөздің түсіп қалуына сəйкес білмеген 
есімшесі заттанып, сол тобымен сөз тіркесінің енді бір-ақ сыңары 
пайда болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет