5. Сөйлем мүшелері, олардың жасалу жолдары
Бұған дейін сөйлемді құрайтын элементтер деген бөлімде бұл
мəселеге қатысты көптеген жайттарды айттық. Дегенмен сөйлем-
ді құрайтын элементтер мен сөйлем мүшелері негізінен бірыңғай
болғанымен, əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де баршылық.
403
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сондықтан бұл арада біз сөйлем мүшелерінің жасалуын жеке
алып, оны мынадай топтар арқылы беруді жөн көрдік:
1. Негізгі сөз таптарының сөйлем мүшесі болуы;
2. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы
сөйлем мүшесі болуы;
3. Негізгі сөздер шартты райлы болса, етістігінің тіркесі ар-
қылы болған сөйлем мүшесі;
4. Тұрақты тіркесті сөйлем мүшелері;
5. Бір сөздің қайталануы арқылы сөйлем мүшелерінің болуы;
6. Сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуы;
7. Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері;
8. Жеке дыбысты сөйлем мүшелері.
Осылардың ішіндегі ең негізгісі – дербес мағынасы бар сөз
таптарының сөйлем мүшесі болуы.
Сөздердің сөйлем элементі болуының өзін үлкен екі топқа
бөліп қарастыру керек. Біріншіден, сөздер сөйлемге енгенде
морфологиялық жағынан түрліше өзгеріп барып жұмсалады. Он-
дай сөз таптарына зат есім, есімдік (жіктеу есімдігі мен өздік
есімдігі), субстантивтеніп барып жұмсалатын сын есім, сан есім,
есімше қатысты. Керісінше, сын есім, сан есім, есімше, үстеу,
еліктеуіш сөздер морфологиялық өзгеріске көп ұшырамай-ақ
көбіне таза күйінде жұмсалады. Бұған қарағанда сөйлемге эле-
мент болатын сөз таптары əрі меңгеріле, əрі матаса байланысуға
бейім болса, екінші сөз таптары көбіне қабыса байланысқан сөз
тіркесінде ғана жұмсалатындығын көруге болады. Бұған қа-
рағанда, сөйлемге енетін сөз таптарының өзі табиғи жағынан
түрлі морфологиялық өзгерістерге түсіп барып сөйлем де жұм-
салуға тиіс болса, керісінше, кейбір сөз таптары тек орын тəртібі
арқылы ғана қатысады. Бірақ сол орын тəртібі арқылы ғана сөз
таптары ретіне қарай морфологиялық өзгеріске ұшырап та жұм-
сала береді. Бұл олардың əрқайсысының негізгі морфологиялық
қасиетін көрсетсе, екіншіден, сол сөз таптарының өзі қаншалықты
сөйлемге элемент болады делінгенмен, бір сөз табының өзі
ретіне қарай арнайы түрде элемент болып жұмсалады. Кейде
сол сөз табы немесе сол сөз табына қатысты жеке сөздер екінші
бір қасиетке ие болып, ол дəрежеде жұмсала ал майды. Бұл
қасиетіне келгенде əр сөз табына жататын əрбір сөздің сөйлем-
404
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
дегі қатысын тағы да екі топқа бөліп көрсетуге болады. Мəселен,
Заводтың коллективі – жұмысшылар, инженерлер, техниктер –
бұл заказды тез орындауға шұғыл кірісті («Социалистік Қа-
зақстан»). Менің əкем хирург-дəрігерлердің съезіне қатысты
(«Лениншіл жас»). Сейдехан болыс Құрбан ұстаны əулетімен осы
Шеңгелдіге асырып жіберген (А. Тоқмағанбетов). Өлеңім, шарла
ауылды. Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл). Асылында, тəртіпті
оқушы ғана программадағы көрсетілген білімді толық, терең
меңгере алады («Қазақстан мұғалімі»). Апыр-ау, ер көңілді бір
адамның шықпағаны ма бұл (Ə. Əбішев).
Осы сөйлемдерде асты сызылмаған барлық сөздер (көмекші
сөздер қатыссыз) жəне асты сызылған сөздер екі топ болып сол
сөйлемдерді құрауға негіз болып отыр. Осы сөйлемдердегі завод,
коллектив, бұл, заказ, орындау, тəртіп, ауыл Жамбыл, толық,
көңіл, шұғыл, адам, программа, т.т. сөздер мен жұмысшылар,
инженерлер, техниктер, хирург, дəрігерлер, дала, өлеңім, асы-
лында, апыр-ау, болыс сияқты екі топты сөздердің сөйлемге қа-
тысын екіжақты қарастыру керек. Бірінші топтағы сөздер сол
сөйлемдерге тікелей қатысты. Ол сөздер сол сөйлемдерде орын
тəртібі өзгертіліп те, өзгертілмей де, түрлі морфологиялық құ-
рамда сөйлемнің ең негізгі басты элементі ретінде қолданылған.
Ол сөздердің əрбірі сол өзі қатысқан сөйлемге негізгі элемент
болып табылады. Жалпы, ол сөздер тілімізде белсенді түрде
сөйлем құрауда жиі қолданылады.
Екінші топты сөздердің өзін іштей айқындауыш, оқшау
сөздер деп топтайтынымыз белгілі. Бұл сөздер де – мағына жа-
ғынан дербес мағыналы сөздер. Олар да сөйлемге элемент бо-
лып жұмсалғанымен, алғашқы топтағы сөздерге қарағанда ондай
еркінділік жоқ, ол сөздер өзінен бұрынғы немесе бүкіл сөйлемге
қатысы жағынан ерекшеленеді. Алдыңғы топтағы сөздер сөйлемді
құрауға еркін қатысады əрі ол сөздер бірімен-бірі тығыз бай-
ланысты, ал айқындауыш сөздердің қай-қайсысы болса да
орын тəртібі жағынан да, мағыналық жағынан да өзі қатысты
сөздерге бағынышты, олай болса олар сөйлем құраудың элементі
делінгенімен, өз бетінше тікелей жұмсала алмайды.
Ал үшінші топтағы оқшау сөздерде сөйлем құраудың тың
элементі ретінде бұл екі топтан өзгеше ерекшелігі бар. Алдыңғы
405
Достарыңызбен бөлісу: |