Сөйлемдік ФБ: Ай арасы талас болады, айды аспанға бір
шығарды, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, əзілі жарасты,
көзі қарауытты, кірпігі зорға қимылдайды, сабыр түбі – сары
алтын, соқыр тауыққа бəрі бидай. Жалқаудың жанына барсаң,
сылтаудың астында қаласың деген фразеологиялық бірліктер
де сөйлемдік мағынаға ие. Өйткені олар қаншалықты сөйлемдік
дəрежеге ие болғанымен, орындары сол тұрған қалпынан өз-
гермейтін тұрақты сөздер тізбегі. Сондықтан ондай сөйлемдерді
не сөз тіркестеріне, не сөйлем мүшелеріне талдауға болмайды деп
білеміз. ФБ сөз тіркестері формасында келеді. Ондай дəрежедегі
ФБ жеке өз алдына қолданылмайды да, сөйлемнің ішіндегі басқа
сөздермен грамматикалық байланыста жұмсалады. Мысалы:
Алайда түн ұйқысын төрт бөліп мəпелеп өсірген сол мейірбан
ата-анаңның арқасында сəбилік кезден өтіп, балалық шаққа да
жетіппін (С. Қирабаев). Екі жетімегін арқа еті арша, борбай еті
борша боп жүріп өсіріп еді-ау байғұс, енді міне (Е. Тұрсынов).
Осындағы түн ұйқысын төрт бөліп, арқа еті арша, борбай еті
борша тұрақты тіркестері өз алдына жеке қолданылмай, сөйлем-
нің ішінде өзара бір топ болып, сол тобымен немесе түйдегімен
бір мүше ретінде ғана жұмсалған.
Есімді ФБ: айбар мүйізді, жел ауыз, жел аяқ, жылы сөз, жіті
көз, зар жақ, зəрлі тіл, зəңгір тау, зіңгіттей жігіт, игі мұрат, исі
қазақ, ит мінез.
Етістікті ФБ: абайлап сөйледі, абиырын жапты, айдауға
кетті, əжетке жарады, есін жиды, əліңе қара, жауырынынан
қақты, жау жарағын сайлады, жатып атар, жатып ішер, жылы
сөйлесті, кенедей қадалды.
Матаса байланысқан фразалық тіркестер: ай-айдың аты
басқа, желдің өті, көздің жасындай, көздің жауын алды, сөзінің
жаны бар.
409
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Достарыңызбен бөлісу: |