412
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
зілін (Қ. Бекхожин). Жұрт арасындағы
лақап сөз кімнің керегін
өтер еді (А. Тоқмағанбетов).
Көптік жалғаулы тұрақты тіркестер де біршама баршылық:
жауыр сөздер, зəр ішкірлер, күндес қатындар, сары тіс сақа
айғырлар, шиеттей балалар, жылау күндер, бұлау күндер, көңіл
жұбатарлар, иттен де сүйек қарыздар. Мысалы: Жаттан-
ды, қолдан қолға өткен, бедері кеткен ескі тиын секілді
жа-
уыр сөздер оқушыны селт еткізбейтіні заңды («Лениншіл жас»).
Емініп артыңнан қалмайды, асыңды ішкізбейді,
зəр ішкірлер
(М. Əуезов).
Күндес қатындар сотқар етіп асыраған балалар жетім
балаға жекіп, жер тезектей тепкілеп, əрқайсысы бір сабай берген
(Қ. Əбдіқадыров). Тек мына биелер мен
сары тіс сақа айғырлар
күн райының бұзылғанын басқа жылқылардан бұрын сезді
(Ə. Нұрпейісов.) Көптік жалғаулы тұрақты тіркестер сөйлемде
көбіне баяндауышты керек етіп, субъектілік предикаттық мағына-
да жұмсалады. Көптік жалғаулы тұрақты тіркестердің соңғы
сөздері көбіне есімдер болып келеді.
Тəуелдік жалғаулы тұрақты тіркестер де мол кездеседі. Ол
кезде олар екі-үш сөзді де бола береді. Ондай тұрақты тіркестер-
дің бағыныңқы, басыңқы сыңары да көбіне есімдер болып ке-
леді. Тұрақты тіркестер тəуелдік жалғаулы болғанда əр жақта
жұмсалады да, олар ілік жалғауының ашық жəне жасырын
түріндегі сөздермен де тіркесе береді:
соқырдың тілегені екі көзі,
Достарыңызбен бөлісу: