441
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
лып, олардың тек тəуелдену тұлғасы ғана бастауыш қызметінде
жұмсалатындығын көруге болады.
Негізгі сөз бен көмекші
сөздердің түйдектелуі арқылы жасалған бастауыштарда көмекші
сөздерінің тұлғасы ғана бастауыштық тұлғаны айқын дауда басты
фактор болады.
Сонымен, бастауыштың жасалу жолындағы осы топтарды же-
ке-жеке беріп, əрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін сөз етеміз.
Бірақ бастауыш болатын сөздер тек нөлдік, көптік жəне тəуелдік
тұлғада ғана келіп қоймайды. Бас тауыш боп негізгі сөздермен
қатар шылаулар (септеулік) жəне
са тұлғалы
бол етістігі де жұм-
салады. Мысалы:
Ағайын-ауқым, шеше-туысқан болса бұл ниетті
білмейді (М.Əуезов). Бұл
жұмыстың сырын Балғабектің бала-
шағасына дейін біледі («Жұлдыз»). Бұл сөйлемдердегі асты сы-
зылған бастауыштар біріншісі атау тұлғалы сөздерге
болса
етістігінің, ал екінші
сөйлемде барыс жалғаулы сөзге дейін шы-
лауының қатысы арқылы логикалық бастауыштар жасалған.
Қазіргі бұл екі тəсіл де тілімізде мол орын алуда. Осындай тұл-
ғалы сөздерді бастауыштық тұлға деу мəселесі де қазіргі кезде
қиындық келтіріп жүрген мəселе.
Қорыта келгенде, бастауыш болатын сөздер – арнайы да жəне
қосымша тұлғалық ерекшеліктерге бай.
Оған қоса логикалық
бастауыштар деп аталатын бастауыштар да – өзінше бір мəселе.
Бастауыштарды құрамына қарай дара жəне күрделі деп бөлу
орынды. Бірақ оның күрделі топтарының жасалуына келгенде
бірізділік жоқ. Сондықтан біз əрбір сөз табының дара жəне күр-
делі түрлерінің бастауыш жасаудағы құрылымын негізге алдық.
Енді солардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: