449
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ма бесі асыл тұқымды болса, жүздің бергенін береді (Ғ. Мұста-
фин). Біздің бақытымыздың
оннан тоғызы денсаулығымызға бай-
ланысты (А. Шопенгауер). Алты қанат қызыл отауға жиналған
халықтың
оннан бірі сыймайды (Ғ. Мұстафин).
Атау тұлғалы зат есім мен тəуелдік жалғаулы сан
есімдердің
тіркесі арқылы:
Магид екеуміз бізді қарсы алған жергілікті
жазушылардың соңына ердік (А. Шамкенов). Ілік жалғаулы есім-
дік пен тəуелдік жалғаулы есептік сан есімнің тіркесі арқылы:
Осы күні
оның бірі жоқ, басқа бір Райханды ауыстырып тастап
кеткен тəрізді (З. Шашкин). Атау тұлғалы есімдіктер мен тəуелдік
жалғаулы сан есімдердің тіркесі арқылы: – Е-е, сыбаға үлесті-
руші
сен екеуің болсаң,
айтарсың? – деп, қолын сілікті (М. Əуе-
зов).
Ол екеуі де бұған өтірік көлгірсіп жүрген жоқ (Т. Ахтанов).
Сен екеуміз қайтеміз шариғат салыстырып, – деп, Шыңғали сөз
аяғын бұра салды (Б. Аманшин).
Кейде сан есімдер басқа сөздермен түйдекті түрде келуі арқылы
жұмсалады. Мысалы: Таиланд, Сингапур халқының
тоқсан бес
процентіне жуығы қытайлар (С. Бердіқұлов). Шотбаев баяғыда
Қызылордада кездескен Нартуғанды ұмыта алмай жүргенге
ұқсайды.
Отыз жетінші жылғысы анау.
Қырқыншы жылғысы
мынау (О. Сəрсенбаев).
Достарыңызбен бөлісу: