Талғат сайрамбаев


Шартты райлы етістіктердің



Pdf көрінісі
бет241/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   332
Шартты райлы етістіктердің 
баяндауыш қызметінде жұмсалуы
Əдетте шартты райлы баяндауыш сабақтас құрмалас сөй-
лемнің бағыныңқы сыңарында ғана жұмсалады делініп келеді. 
Ол дұрыс та. Оның олай болу себебі шартты райлы етістіктерде 
тиянақтылықтың болмауынан. Осы қасиетіне сай олар құрмалас 
сөйлемнің басыңқы сыңарындағы əдеттегі жай сөйлемдерде 
қолданылмайды. Бірақ тіл үнемі даму процесінде болатыны белгілі. 
Сондай даму немесе əдеттегі сөйлемдерді тиянақтау – шартты рай-
лы етістіктерге де тəн құбылыс болу – кейінгі кездің жемісі. Шарт-
ты райлы етістіктердің баяндауыш болуының бірнеше тəсілі бар. 
Соның бірі шартты райлы етістіктердің таза күйде келіп жұмса-
луы болып табылады. Мысалы: Əйелге ердің шашы ағарғаны, 
бетінің əжімденгені есеп емес, тек ер құшағында əйелді өртей 
білсе (Ғ.Мүсірепов). Етістіктердің негізгі сыңары көсемше тұл-
ғалы етістік, яғни негізгі мəн өртей етістігінде екендігі белгілі. 
Бірақ көсемше де өз алдына жай сөйлемде баяндауыш бола алмай-
ды. Сонда осы арада өртей де, білсе де –мұндай екі тұлғалы етістік-
тер тиянақты баяндауыштық тұлға бола алмайды. Осы тұрысында 
олар сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз бағыныңқы түрі бо-
лып жұмсалуы тиіс.Жоғарыда берілген сөйлемдегі ойды осы екі 
етістік дəл осы жерде сөйлемді тиянақтап тұрған сияқты. Десек те 
олар бəрібір сабақтас құрмалас сөйлемдердегі шарттылық мəнін 
бұл жерде де сақтап тұрған тəрізді.
Шартты райлы етістіктер сабақтас құрмалас сөйлемнің ба-
яндауышы ретінде жіктеліп те жұмсала беретіні белгілі. Он-
дай тұлғада олар қалайда бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы 
қызметінде жұмсалғанымен, кейде ондай жалғаулардан соң 
-шы,-ші, жұрнағының қосылуы арқылы енді тиянақты баянда-
уыш қызметінде де жұмсала алады. Мысалы: Өшірет демекші, 


485
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
аузыма қайдан түсті өзі, жарықтық, арақтың өшіретін айтсаңшы 
(Ш.Сариев).
Шартты райлы етістіктердің тиянақты баяндауыш қызметінде 
жұмсалуында көмекші сөздердің қызметі ерекше. Тек көмекші 
етістік немесе модаль сөздер тіркесіп жұмсалуы арқылы оларда 
тиянақтылығы нақтылана түседі де, сол тобымен күрделі баянда-
уыш қызметінде жұмсалады. Ондай күрделі баяндауыш кезінде 
шартты райлы етістіктер таза күйінде жəне жіктік жалғауларында 
да келуі арқылы жұмсала береді. Кейде шартты райлы баяндауышқа 
бір немесе бірнеше көмекші етістіктер де бірлікте келе береді. 
Шартты райлы ондай баяндауыштар көбіне жай немесе құрмалас 
сөйлемнің басыңқы сыңарларында ғана жұмсалып қоймай, сала-
лас сөйлемдердің бірінші сыңарында да жұмсала береді. Мыса-
лы: Ендеше, мен неге тығылам, – деді Шоқан. – Ауылға шапса 
дегенім ғой (С.Мұқанов). Əбдірахман мектепті бітіргенде дабысы 
жер жарды. Өте зерек болған ғой, учительдері де мақтаса керек 
(Б.Майлин). Бір сөзді күллі жұртқа жайғың келсе, біздің үйдің 
көршісіне ешкімге айтпа деп айтсаң болды, сол бойда алдыңнан 
шығады (Ш.Сариев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет