Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет238/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Баяндауыштың түрлері
Түркітану, оның ішінде қазақ тіл білімінде баяндауыш жай-
лы сөз болатын басты мəселе – оның түрлері. Баяндауыштың 
түрлерін айқындауда, негізінен, түрліше көзқарастар бар. 
А.П.Поцелуевский баяндауыштың есімдерден де, етістіктерден 
де жасалуына қарай құралған сөйлемді есімді сөйлем жəне 
етістікті сөйлем деп қарастыруды ұсынады. Ал басқа еңбектердің 
бəрінде де, негізінен, баяндауыштың түрлерін сөз таптарының 
ыңғайына қарай топтастырған. А.Н. Кононов, Н. Сауранбаев, 
сондай-ақ қарақалпақ тілінің мамандары есімді, етістікті баян-
дауыш түрін көрсетсе, С.Аманжолов «Асанның келгені жақсы 
болды» дегендегі баяндауышты аралас баяндауыш деп береді. 
Ол 1940 жылғы еңбегінде етістікті баяндауышты арнайы көр-
сеткенімен, есімді баяндауышты арнайы айтпайды, бірақ құрама 
баяндауыш деген терминді енгізеді. М.Балақаев 1949 жылғы мек-
теп грамматикасы мен 1954 жылғы академиялық грамматикада ба-
яндауышты есімді жəне етістікті деп берсе, 1971 жылғы еңбегінде 
құрама баяндауышты қоса береді.
Осылайша, баяндауыштардың түрлері жағына ғалымдар пікір-
лерінде онша алшақтық жоқ. Ал кейбір ғалымдар баяндауыштар-
дың есімді, етістікті жəне құрама түрлерімен бірге арнайы түрде 
бар, жоқ сөздерінің де баяндауыш болуын көрсетіп отырады. 
Сонда, бұл екі сөзді баяндауыштардың қай сөз табына тəндігінің 
басы ашылмайды. Оның өзі ондай сөздердің қай сөз таптарына тəн 
екендігімен ұштасып жатса керек. Осы іспетті рас, қажет, керек 
сөздері қатысты баяндауыштардың да қай топқа қатысты жағы да 
ескерілмейді. Мысалы: Айып менде екені рас. Бұл кітаптардан 
алған хабардың бəрі қазір аттанатын жолаушы үшін керек 
(М.Əуезов). 


478
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Баяндауыштарды қай сөз таптарынан жасалуына қарай есімді, 
етістікті жəне құрама баяндауыштар деп бөлуін біз де қолдай 
келе, сонымен бірге олардың əр тобындағы кейбір ерекшеліктерге 
де назар аударуды жөн деп білеміз. Етістікті баяндауыштардың 
өзі дара жəне күрделі болып бөлінетіндігі белгілі. Етістікті 
баяндауыштардың дара түрі таза етістіктен келсе, күрделі түрі осы 
дара етістіктерге отыр, жатыр, тұр деген ауыспалы мағыналы 
етістіктер жəне көмекші етістіктер түйдектелуі арқылы жасалады.
Зерттей келгенімізде, күрделі баяндауыштар тек осы құрамда 
келуімен бірге шартты рай, көсемше, есімше, кейде қимыл 
есімдері мен түрлі модаль сөздер арқылы күрделі формада мол 
кездеседі. Ондай құрамды баяндауыштардың бірінші сыңарлары 
əртүрлі тұлғалы етістіктер негізгі мағынаға ие болады, ал 
оны күрделендіру үшін жұмсалатын сөздер əдеттегі көмекші 
етістіктер сияқты көмекші қызметте жұмсалады. Сонда етістікті 
баяндауыштағы етістікті көмекші сөздер сол негізгі мағыналы 
шақ, жіктік, тағы басқа ерекшеліктерін қалай айқындауға себеп 
болса, бұл тіркескен сөздер де сондай қызметке ие болады. Мыса-
лы: Ол ағасымен кездесіп қап, өзін таныта білсе керек. Өз жүрегінің 
жұмбағын өзі шешуі керек. Осы күні оның бірі жоқ,басқа бір Рай-
ханды ауыстырып тастап кеткен тəрізді (З.Шашкин). Балалар 
жұмысқа қызу кірісе бастаған болуы керек (Ғ.Мұстафин). Гүлсімге 
Тұрар сырының тарихы ертеден басталған сияқты (З.Шашкин). 
Күтпеген жерден төбеден түскен бомбалар немістердің үрейін 
ұшырып, есін жиғызған жоқ (Ғ.Мүсірепов). Художник неғұрлым 
көп білуге міндетті (М.Əуезов.) Осы сөйлемдерде мынадай баян-
дауыштар бар: білсе керек, шешуі керек, тастап кеткен тəрізді, 
кірісе бастаған болуы керек, басталған сияқты, есін жиғызған 
жоқ, білуге міндетті. Бұл баяндауыштардың бірінші, негізгі 
сыңарлары – етістік. Ал екінші сыңардағы керек, тəрізді, сияқты, 
жоқ сөздерінен жасалған баяндауыштарды етістікті деуге келе 
ме? Сол сияқты құрама баяндауыштар туралы да, əсіресе, оның 
əрбір сыңары туралы да осы сияқты пікірлерге тап боламыз. 
Сонда, құрама баяндауыштардың жасалуында осы күнге дейінгі 
еңбектерде негізінен көмекші етістіктер қатысты делінеді де, сол 
көмекші етістіктерге е, де тұлғаларын жатқызып жүрміз. Шалқып 
жүрген еркенің еркесі тəріздімін. Ішіміздегі ширағымыз да, 


479
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сергегіміз де өзің болдың. Қолдан келсе, бұл жолы Құнанбайды 
əшкерелеп, көп алдында тентек қып алмақ (М.Əуезов). Бұл 
келген Дəрмен тəрізді («Жұлдыз»). Ал осы сөйлемдердегі ба-
яндауыштар: еркесі тəріздімін, өзің болдың, тентек қып алмақ 
Дəрмен тəрізді негізгі сөздер есімдер болып келгенімен, көмекші 
сыңарлары модаль сөздер. Сол сияқты Оның сөзі рас болып шықты 
(С.Сейфуллин). Рақым, саған көптен бері айтайын деп жүрген бір 
сөзім бар еді (Б.Тілегенов) дегендегі күрделі баяндауыштардың 
бірінші сыңарларын есім деп айтуға, тіпті, болмаса керек. Бірақ 
бұл топты баяндауыштар да құрама баяндауыш іспетті. Міне, 
бұған қарағанда, баяндауыш болатын сөздердің баяндауыш 
қызметінде жұмсалу дəрежесі есімді, етістікті, құрама баяндауыш-
ты топтарына сыймаса керек. Олай болса, күрделі етістікті құрама 
баяндауыштардың да құрамдары аясының кеңейгендігін көруге 
болады. Оның өзі етістікті құрама баяндауыштардың құрамында 
жұмсалатын көмекші сөздердің аясының кеңдігінен, түрлерінің 
молдығынан шығатын сияқты.
Сонымен, етістікті күрделі баяндауыштың негізгі сыңары 
етістік, көмекші сыңары көмекші етістіктер деген пікір – бұл 
күрделі баяндауыштың жасалу жолының тек бір түрі ғана. Ал 
басқа түрлері алдағы тарауларда сөз болмақшы. 
Модаль сөздер мен бар, жоқ сөздері етістікті жəне құрама 
баяндауыштың құрамында ғана жұмсалып қоймаса керек. Олар 
жоғарыдағы көрсетілген мысалдардағыдай өздері де жеке тұрып, 
баяндауыш қызметінде жұмсала алатын дəрежеге бұрыннан 
ие сөздер. Бірақ осы модаль сөздердің баяндауыш болуы 
əртүрлі еңбектерде бірен-саран сөздермен айтылғаны болмаса, 
олардың баяндауыштық қызметі арнайы сөз болмайды. Зерттей 
келгенімізде, модаль сөздер мен бар, жоқ сөздері жəне көп, аз 
сөздерінің баяндауыш қызметінде мол жұмсалатыны анық. Со-
нымен, етістікті, есімді, құрама баяндауыштармен тең дəрежеде 
модаль сөзді баяндауышты да енгізуді жөн көрдік. Оның өзіндік 
себептері де бар. Біріншіден, бұл сөздерді етістікті баяндауышқа 
жатқызуға келмейтіні сияқты есімді (зат есім, сын есім, сан 
есім, есімдік) баяндауышқа да қоса алмаймыз, өйткені ол сөз 
таптарының құрамында мұндай сөздер жоқ. Екіншіден, сөйлемде 
қолданылуы жағынан сол сөз таптарының ешқайсысынан кем 


480
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
түспейді. Үшіншіден, ол сөздер өздері тек таза түрінде ғана 
қолданып қойылмай, түрлі морфологиялық құрамда жəне басқа 
сөздермен өзара тіркесіп те жұмсалуы олардың аясының кеңдігін 
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет