476
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Үстеудің осы сияқты қызметі туралы қарақалпақ тілінің ав-
торлары да айтады. Жалпы алғанда, үстеулердің
қазіргі кез-
де қолданылу аясы жан-жақты кеңейгендігін көреміз. Бұрын
үстеулер морфологиялық жағынан өзгермейтін сөз табы делініп
келсе, ал қазіргі кезде олар септеледі, көптеледі. Соған бай-
ланысты олар тек қабыса байланысқан сөз тіркестерінде ғана
емес,
енді меңгеріле, қиыса да байланысатын дəрежеге ие бол-
ды. Оның үстіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары қызметінде
етістік, есімдер мол қолданылатын болса, əзірше үстеу туралы
да осыны айтуға болады. Бұған қарағанда, үстеулердің түбінде
баяндауыш қызметінде жұмсалуы
активті процесс болуы тиіс
дейміз. Баяндауыштың жасалуында С.Аманжолов шылауларды да
ескертіп кетеді. Əрине, шылаулардың дербес мағынасы жоқтығы,
соған сəйкес олардың дербес сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала
алмайтындығы айқын. Дегенмен автордың бұл пікірін де теріске
шығаруға болмайды. Шылаулар өзі сөйлем мүшесі болмағанымен,
басқа сөздердің жетегінде келіп, сол тобымен сөйлем мүшесі,
соның ішінде баяндауыш та бола беретіні дəлелденіп отыр.
Тіпті, тек шылаулы түйдекті тіркес қана емес, негізгі сөздер
мен көмекші есім, көмекші етістік жəне модаль сөздердің де
түйдекті тіркесі баяндауыш бола алатындығы дəлелденіп отыр
(ол туралы бірінші тарауда арнайы тоқталғанбыз). Сонымен,
негізгі сөз бен түйдекті тіркес құрайтын көмекші сөздер де –
баяндауыш жасаудың негізгі бір жолы.
Əдетте сөйлем мүшелері сөйлемнің
негізгі элементі дейміз
де, сөйлемнің ішкі бөлшектері ретінде сөйлем мүшелеріне тал-
даумен шектелеміз. Зерттей келгенімізде, тиянақты ойды беретін
сөйлемдердің өздері де ретіне қарай сөйлем мүшелері болатынын
уақытысында А.Байтұрсынов алғаш көрсетуші болды. Бұл 1920-
25 жылдарғы алғашқы сөз болған мəселе қазіргі кезде қолданысқа
ие болып отыр. Қазіргі кезде сөйлемдер таза сөз таптары арқылы
жəне түрлі көмекші етістіктер арқылы да баяндауыш болуы
тілімізде жиі айтыла бастады. Сол сияқты баяндауыш қызметінде
жұмсалуға тиісті категорияның бірі – тұрақты тіркестер. Олар
сөйлемді тиянақтай келе, сөйлемнің баяндауышы бола алады.
Тіпті, баяндауыш қызметінде жеке дыбыстар да қолданылатыны
дəлелденіп отыр.
477
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сонымен, баяндауыш, оның жасалуын біз мына топ арқылы
көрсетеміз: 1) Дербес мағынасы
бар сөз топтарының қатысы
арқылы жасалуы; 2) Негізгі сөз бен көмекші сөздер (көмекші
етістік, көмекші есім, модаль сөздер мен шылаулар); 3) Тұрақты
тіркестер арқылы; 4) Сөйлемнің сөйлем мүшесі болуы арқылы;
5)
-нікі, -дікі, -тікі қосымшасы арқылы; 6) Жеке дыбысты сөйлем
мүшелері арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: