Талғат сайрамбаев


Сонымен, баяндауыштар түрлеріне қарай етістікті (негізгі



Pdf көрінісі
бет239/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   332
Сонымен, баяндауыштар түрлеріне қарай етістікті (негізгі, 
көмекші), есімді (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік), құрама 
(үстеу, модаль сөздер, бар, жоқ сөздері, еліктеуіш сөздер жəне, 
т.б. көмекші сөздер) болып келсе, тұлғасына қарай дара жəне 
күрделі болып жұмсалады.
Етістікті баяндауыш
Əрбір сөйлем мүшелерінің жасалуына белгілі-белгілі бір 
сөз таптары негіз болады. Сол сияқты баяндауыштардың жа-
салуында ең негізгі сөз табы – етістік. Етістік – басқа сөз тапта-
рына қарағанда ең күрделі сөз табы. Жалпы, етістік – қимылды 
білдіруге байланысты сөйлемді тиянақтаудың ең басты шарты. 
Бірақ етістіктердің əртүрлі категорияларының баяндауыш болу-
ында əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі оның 
құрамдық ерекшеліктерінен де анық байқалады.
Етістікті дара баяндауыш. Етістікті дара баяндауыш негізінде 
синтетикалық тəсіл арқылы дербес мағынасы бар етістіктерден 
ғана жасалады. Жалпы алғанда, баяндауыш болатын негізгі сөз 
табы – етістік. Етістіктер негізінде баяндауыш болғанда сөйлемді 
тиянақтап, көбіне сөйлемнің соңында тұрады. Əрине, дара етістік-
ті баяндауыштың жасалуы туралы барлық əдебиеттерде айтыла-
ды. Бірақ ол туралы қазіргі ғылыми əдебиеттерде онша бірізділік 
жоқ. Орыс тіл білімінде В.В.Бабайцева дара баяндауышқа райлар, 
негізгі етістіктер, демеулік шылаулардың тіркесуі, фразеологиялық 
тұтастықтардың соңғы сыңары етістіктен құралған түр-
лерін жатқызса, Е.С.Скобликова тек жіктік жалғаулы етістіктерді 
ғана айтумен шектеледі. Ал түркологияда А. Жапаров дара 
баяндауыштардың жасалуында райлардың да баяндауыш бо-
луының ішінде тек шартты рай туралы айтып, ал қалған райлар ту-
ралы сөз қозғамайды, көбіне дара баяндауыштардың шақ тұрғысын 
ғана сөз етеді. Сонымен бірге автор дара есімше, кейде ондай 
есімшелерге екен көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалуын 


481
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
да дара етістікті баяндауышқа қосуына келісе алмаймыз. Бірақ ав-
тор қимыл есімді дара баяндауышқа жеке тоқталмағанымен, ондай 
тұлғалы етістіктерге -шы жұрнағының қосылуы арқылы дара ба-
яндауыш жасалатынын орынды көрсете білген. Ал қазақ тіл білі-
мінде етістікті дара баяндауыштар туралы əртүрлі көзқарастарды 
айтуға болады. М. Балақаев дара етістікті баяндауыштар рай, 
шақ, етіс, салт, сабақты, болымды, болымсыз жəне есімше мен 
көсемшелер (сабақтас құрмалас сөйлемдерде) арқылы жасала-
ды десе, ал мектеп грамматикасында райлар, тұйық етістік жəне 
есімшелер арқылы жасалатындығы аталады. «Қазақ тіл грамма-
тикасында» сөйлем мүшелерін жазған М.Томанов дара етістікті 
баяндауыштардың есімше жəне көсемше арқылы ғана жасалған 
түрін береді.
Міне, бұған қарағанда, дара етістікті баяндауыштардың жа-
салуында олардың етістіктің қай категорияларынан болуын-
да бірізділік жоқ. Бұл пікірлерді М.Балақаевтың салт, сабақты 
етістіктер түрін қосуы сол көрсетілген басқа да етістік тұлғаларын 
толықтыра түссе керек. Сол сияқты болымды, болымсыз 
етістіктер туралы осылай айтуға болады. Бұл арада дара етістікті 
баяндауыштардың жасалуын мектеп грамматикасында нақты əрі 
жан-жақты берілген. Ал академиялық грамматикада дара баян-
дауыш туралы мағлұмат жоқтың қасы. Етістіктер дара күйінде
бұйрық рай, шартты рай, көсемше, есімше, қимыл есімі, түрлі
етістік жұрнақтары арқылы жəне түрлі туынды түрінде де жұмсала 
береді. Бірақ осылардың ішінде жай сөйлемнің немесе құрмалас 
сөйлемнің басыңқы сыңарының баяндауыштары, яғни тиянақты 
баяндауышы ретінде бұйрық рай, есімше, қимыл есімі мен туын-
ды етістіктер ғана жұмсалса, ал шартты райлы немесе көсемшелер 
əдеттегі жай сөйлемнің баяндауышы  қызметінде арнайы жұмсала 
алмайды. Өйткені олар сөйлемді тиянақтай алмайды. Дегенмен 
соңғы кезде мұндай процестен ауытқу жағын да көруге болады.
Əдетте шартты райлы баяндауыштар сабақтас құрмалас 
сөйлемнің ғана құрамында жұмсалса, енді өз алдына да жұмсалатын 
дəрежеге ие болып отыр. Мысалы: Тек əлі де шындап жетілдіре 
түссе, профессионалдық дəрежеге жеткізсе (Н. Мағзұмов). 
Екіншіден, көсемшелер де тек сабақтас сөйлемнің бағыныңқы 
қызметінде ғана жұмсалып қоймай, əдеттегі жай сөйлемнің баян-


482
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
дауышы қызметінде жұмсалуы да соңғы кездің жемісі: – Əй, анау 
үйге Дүйсекең келді, қайдан таныдың? – Е, ұстазымды танымай?! 
(М.Қалдыбаев) (Біздіңше, бұл сөйлемдерде тілдік үнемдеу бар 
екені байқалады. Түсінікті нəрсені бүгіп қалғандай).
Бұйрық райлы дара етістікті баяндауыш. а) Серпілсін, сергіп, 
қуанып сілкінсін ел (Б.Майлин). Дастарқан үстіндегі семіз қойдың 
тоңазыған еті, күлше нан, жантая бір қара торсық тұр. – Ей, бері 
қара, кел, отыр, біз Жалпақсазға барамыз (Ш.Айтматов). Тілімізді 
алсаң, мұнда тұра көрме, шырағым! Біздің үйге жүр (С.Мұқанов). 
ə) -ғын, -гін, -қын, -кін. Көп жыл өтті арада, Келдің Əлім, Түсінесің 
ағайын, сөздің мəнін. Ешкі емес, Сүйінбайға жылқы бітті. Қымыз 
ішкін, отырғын, татқын дəмін (Сөз тапқанға қолқа жоқ). Апыр-
ау, бір жат сөз айтып қалмаса қайтсын? (Ғ.Мүсірепов). б) Бұйрық 
райлы етістіктер жіктеліп те жұмсала береді: Қалаға қонайын, 
далаға қонайын, өз тамағымды өзім тауып жей алам (С.Мұқанов). 
Бақыт беріп, бақ беріп еңбектен өрнек салғыздың (Жамбыл). 
в) Қалау рай арқылы: Жақсы ағаның зор дəмесін əмсе өстіп 
ақтағай-сың (М.Əуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет