Талғат сайрамбаев


Есімшенің баяндауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет243/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Есімшенің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
Есімше – морфологиялық өзгеріске де жəне синтаксистік 
қызметке де бай. Əрине, есімше етістіктің басқа категориялары-
на қарағанда есімдер сияқты барлық сөйлем мүшесі бола береді. 
Соның ішінде есімшелердің баяндауыш болатыны да анық. Бірақ 
есімшенің баяндауыш қызметінде жұмсалуы ғалымдар тарапынан 
оның басқа да сөйлем мүшелері болуына қарағанда жан-жақты 
айтылмаған. Есімшенің синтаксистік қызметі туралы еңбектерде 
есімше де баяндауыш қызметінде жұмсалады деп бір-ақ сөзбен 
айтып өте шығады. Шынына келгенде, есімше əрі етістіктерде 
де, есімдерде де мол түрленетін етістіктің ең үлкен категория-
сы. Бұндай қасиеті жағынан есімше етістіктің басқа түрлерінен 
айрықша ерекшеленеді. Есімше баяндауыш болған кезде үнемі 
сол қалпында өзіндік  лексикалық мағынасын толық сақтай алады. 
Осы қасиетіне қарамай-ақ бір ауыз сөзбен ғана олар да баяндауыш 
қызметінде жұмсалады деуі бізге жеткіліксіз. Есімшелер баянда-
уыш қызметінде жұмсалған кезде əрі етістікті, əрі есімді тұлға бо-
лып түрленуі арқылы жұмсала береді. Ондай кезде олар дара жəне 
күрделі түрінде қолданылады.
Есімшелердің ішінде баяндауыш қызметінде -ған, -ген, -ар, 
-ер, -р, -а-тын, -е-тін, -и-тін жұрнақты түрлері жұмсалады. Ба-
яндауыш қызметінде есімшенің -ған, -ген жұрнақты түрлері көп 
қолданылады. Мысалы: Үстінен қыс киімінің бірі – қалың күпіні 
тастамаған. Тағы бір жас қатын-жеңге де үлкен үйге қарай 
ұмтылысқан (М.Əуезов). Мағаш пен Кəкітай бүл күндерде орыс-
ша кітаптарды, əсіресе жеңіл тілмен жазылған романдарды көп 
оқитын (М.Əуезов). Саф алтындай шын талантты да сондай халық 
тудырар (Н.Мағзұмов). Бұл жұрнақты баяндауыштар таза түрімен 
бірге жіктік жалғаулары арқылы да келе береді: Жылы төсектен 
тұрса да салқыннан денесі сескенбеді (М.Əуезов). 
Ондай жұрнақты баяндауыштар кейде демеуліктер мен сұ-
раулық шылаулар арқылы сұрау мағынасында жəне түрлі со-
зылыңқылықты білдіруде де жұмсалады. Есімшелі сөздерге сұ-
раулық шылаулардың жалғануы арқылы сөйлем сұраулық ин-
тонацияның екпінімен айтылып, тиянақты ойды білдіреді. Сон-
дықтан да сөйлемді тиянақтауға қатысы жоқ есімшелердің баянда-


489
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
уыш қызметінде жұмсалуы тек сұраулық шылаулардың əсерінен 
деп білу керек. Бұған қарағанда, сұраулық шылаулар сөйлемде 
өзі жалғанған сөздерді сұраулы сөйлем етеді де, сөйлемдегі ойға 
тиянақтылық мəн береді. Мысалы: Əр ауыл қыстан қалай шықты, 
жұрттың айдаған малы былтырғыдан көбейген бе, азайған ба? 
(Ғ.Мүсірепов). Девяткин фельдшерге кісі жіберген бе? (М.Əуе-
зов). – Сдачаны сұрағанды ма? Конечно, қою керек (Ш.Сариев). 
Есімшелер септеліп, тəуелденіп жəне көптеліп, заттық ма-
ғынаға ие болуына байланысты сөйлемде бастауыш қызметтерде 
жұмсалуға тиіс. Бірақ есімшелер сөйлемнің соңында келіп, сөй-
лемді тиянақтап, баяндауыш қызметінде де жұмсалады. Кей кез-
де ретіне қарай бір есімше əрі тəуелденіп те, əрі көптеліп те 
жұмсалып, баяндауыш бола береді. Мысалы: Осының маңайы жы-
бырлаған шұқырынды томар. Əр томарға төрт-бес үйден қонып,
бөлек-бөлек отырғандары (Б.Майлин). – Сауып отырған сиырдың 
сүтін ақтап жүрсін! – деп, əлгі Алтыбас ит дым бермегені ғой 
(Ғ. Мүсірепов).
Есімшелер түрлі жалғауларда келуі арқылы баяндауыш бо-
луымен бірге, -лық, -лік, -мақ, -мек, -дай, -дей жұрнақтарын 
қабылдау арқылы да сөйлем соңында келіп, дара баяндауыш 
қызметінде жұмсалады. Мысалы: Оқтан жасырынуға өрт түтіні 
де жетерлік. Күннің көзінің өзі де күнұзын көлге шомылып, жа-
нын сақтайтындай. Шай тамақтан өтпей қалды. Арам ас жеп 
отырғандаймыз. Тіпті ұрының үйінде отырғандаймыз (Ғ.Мү-
сірепов).
Есімшелер баяндауыш қызметінде күрделі түрінде де жұм-
салады. Осы күнгі еңбектерде есімшелердің баяндауыш болуына, 
оның үш түрлі жұрнақты түрлеріне назар аударылып, олардың 
күрделі түрде жұмсалуына көңіл бөліне бермейді. Əрине, есімше 
тұлғалы күрделі баяндауыштардың негізгі сыңары -ған, -ген, -ар, 
-ер, -р, -атын, -етін, -итін жəне -мақ, -мек, -дай, -дей жұрнақтары 
арқылы жасалады. Қосымша сыңары е, де, болар, шығар көмекші 
етістіктері жəне жоқ сөзі; сияқты, тəрізді модаль сөздері; салы-
ну, ұқсау, есептеу етістіктері қолданылады. Əрине, бұл сияқты 
көмекші сөздердің негізгі етістікке түйдектеліп келіп баяндауыш 
болуында шақтық жағынан онша айырмашылық болмағанымен
мағыналық жағынан əртүрлі топты көмекші сөздердің өзіндік 


490
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ерекшелігі барлығы айқын. Ондай көмекші сөздер көбіне -ған, 
-ген жұрнақтарына талғамай түйдектеле берсе, ал қалған
есімшелері талғап барып жалғанады десек болады. 
Арнайы е, де көмекші етістіктері тіркесіп келген есімшелі 
баяндауыштар: Хатты жіберетін адам табылмайды ғой, егер анық 
уəдесін алсам, ұзамай-ақ кетер едік (Б.Майлин). Ол газеттегі 
мақаланы оқыған екен (Н.Сералиев). Шығар, болар көмекші 
етістікті есімшелі баяндауыштар: Амалбек те баданадай-бадана-
дай шодыры қызыл көздері өрт болып табалдырықтан аттаған 
болатын (Н.Сералиев). Бəлкім, бұл бейіттер біздің дəуіріміздің 
IX–X ғасырларында, қазақтардың арасында христиандықтың нес-
торион түрінің аз уақыт тарау кезінде салынған шығар (Қ.Сəт-
баев). Жоқ сөзі қатысты есімшелі баяндауыштар: – Айдын, – 
деді түннің бір уағында келіншегі сыбырлап. – Сен ұйықтаған 
жоқсың ба? (Т.Кеңесбаев). Сіз бен біз дəметтірдік те, соның ар 
жағында берерді бергеміз жоқ (М.Əуезов). Сияқты, тəрізді, т.б. 
модаль сөздер қатысты есімшелі баяндауыштар: Ондай əдемі да-
уысты одан кейін естімеген сияқтымын (Ə.Тəжібаев). Қос басын-
да екеумізге ермек табылатын тəрізді (Ə.Сəрсенбаев).
Есімшелерге кейде бірнеше көмекші сөздер түйдектеліп ба-
рып та күрделі баяндауыш жасала береді: Өйткені мұның алдын-
да дəл мұндай боп жақыннан шыққан қоңырау даусын естімеген 
сияқты едім (Ə.Нұршайықов). Қаншама жыл өтсе де, өмірім 
өтіп кетсе де, үміт үзбей, Төстіктен бір хабар келер деп жүр едім 
(Ертегі). Өзін-өзі жəбірлеп алып, біраз ақылға келген сияқты 
еді (P. Мұқанова). Негізгі сыңарлары барыс, шығыс септікті 
есімшелерге түрлі көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы: Жал-
пы жұрт – Күлзипаны Əбдірахман қайтсе де алады деп өздерінше 
мəселені біткенге есептейді (Б.Майлин). Негізгі сыңарлары -мақ, 
-мек жұрнақты есімшелерге түрлі көмекші сөздердің түйдектелуі 
арқылы: Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен? (М. Əуезов). Тап 
өзіңіз араласпағанда Байдалы мен Тоқай біздің Шəйгөз Уақты 
Есекеңнің асына да шақырмақшы емес екен (Ғ.Мүсірепов).
Негізгі сыңарлары -дай, -дей жұрнақты есімшелерге түрлі 
көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Əр кездегі əдетінше, Игілік 
бұл жолы да жаңа бірдеме айтатындай көрінеді (Ғ.Мүсірепов). 
Əлдекімнің арт жағымыздан сыңқылдап күлген даусы естілгендей 


491
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
болды (Б.Майлин). Негізгі сыңарлары жұрнақты есімшелерге 
түрлі көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Атадан мұңдық 
болып тумас едік, Бұрынғы ата-баба жолын қудық (Б. Майлин).
Кейде негізгі сыңары І жақ пен ІІ жақтың тəуелдік жалғауын-
да тұрып, онан кейін көмекші етістіктердің тіркесі арқылы да жа-
салады: Пəуескесі магазиннен алған бұйымдарына толып та қалып 
еді. Оның үстіне қаланы кеңірек көргісі де келеді (Ғ.Мүсірепов). 
Айнабай өзі кедей уақытында күйеуге беріп, соңғы кезде шел 
бітіп, тəуірленген соң айырғысы келетін (Б.Майлин). «Жə, же-
тер!» – деп айғайлап жібергісі де келді (Ғ.Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет